| Күні, айы: | Мұғалімнің аты-жөні: Әбілова Б.Т. |
| Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
| Сабақтың тақырыбы | Сен не аласың? |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну 1.2.3.1 Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру 1.3.1.1 Таныс сөздерді тұтас оқу 1.5.1.2 Сөйлеу барысында жіктік жалғауын мұғалімнің көмегі/үлгісі бойынша қолдану |
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Азық-түлік атауларын атай алады, өзінің дүкенге баратынын және не алатынын айта алады. Көбі: Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, тақырып көлемінде өзара тілдесе алады. Кейбірі: Басқа да азық-түлік атауларын атай алады, сабақта үйренген құрылымдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.. |
| Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
| Пәнаралық байланыс | Ағылшын сабағы |
| АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. |
| Тілдік құзыреттілік | Мен нан аламын. |
| Сабақ барысы |
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
| Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру | Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Миға шабуыл әдісі арқылы сұрақтар қоюБлалар сендер тағам дегенді қалай түсінесіңдер? Суретке қарап әңгіме жүргізу  айран, сүт, май қант, нан, кәмпит, жұмыртқа, балмұздақ | Шаттық шебері Аудиодиск: 7.1.1.; 7.1.3. |
| Сабақтың ортасы | Содан кейін осы тапсырмадағы сөйлесу үлгісі түсіндіріледі. Үлгі: - Сен не аласың? - Мен нан аламын. Берілген сөйлесу үлгісі бойынша оқушылар нан сөзін басқа азық-түлік атауларымен алмастырып қолдануға жаттығады. 2-тапсырмада оқушылар екі үстелдің үстіндегі азық-түлік атауларын атайды. Оқушылар «Үстелде не бар?» деген сұраққа әр үстел бойынша (бірінші, екінші) жауап береді. 3-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Ең алдымен мұғалім оқушыларға аламын сөзінің болымсыз түрін түсіндіреді (аламын - алмаймын). Содан кейін оқушылар тапсырмада берілген үлгі бойынша сөйлеседі. Үлгі: - Сен қайда барасың? - Мен дүкенге барамын . - Сен не аласың? - Мен нан аламын. Берілген сөйлесу үлгісі бойынша оқушылар дүкенге баратындарын және не алатындарын айтады. Яйцо- /эг/ egg. Хлеб- /брэд/ bread, мороженое- /айскрим/ ice-cream, масло- /баттэ/ butter.молоко - / милк/ milk, конфеты- /суйтс/ sweets, сахар - / щуга/ sugar. Соль - / солт/ salt Дәптердегі тапсырмаларды орындау | Таныстырылым, оқулықпен жұмыс №2 жұмыс дәптері 19 бет |
| Сергіту сәті 1 минут | Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. | Сергіту сәтіне арналған жинақ |
| Аяқталуы | Топтарға шығармашылық тапсырма: Диалог І топ - Қандай сабақ басталды? - ________________________ - Мұғалім не істеді? - ________________________ - Тақтаға кім шықты? - ________________________ - Катя не істеді? - ________________________ - Біз не істедік? | Оқулық, дәптерлер. |
| Сабақтың соңы | Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.  | Бас бармақтар |
| Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) |
| Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |