СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сиқырлы шам оқу қызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қатынас білім беру саласы бойынша Сөйлеуді дамыту оқу қызметін өткіздім, Оқу қызметі барысында балаларға шам туралы мағұлмат бере отырып, сөздік қорын дамыту және танымдық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Балалар шам түрлерін көре отырып қызығушылықтары артты.

Просмотр содержимого документа
«Сиқырлы шам оқу қызметі»

Күні: 21.02.2019

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қыметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Сиқырлы шам»

Мақсаты: Электр құралдарымен таныстыра отырып, заттарды жалпы және ерекше белгілері бойынша топтастыруға үйрету. Тілдік қарым-қатынас мәдениетін дұрыс қолдануын қалыптастыру.

Көрнекілігі: Бөлме шамы, көше шамы, май шам, слайд, киіз үй.

Әдіс-тәсілдер: Акт.тех, тәй-тәй тех, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Билингвизм: Шам-лампочка- candle, сиқыр-болшевство- bolshevism, қараңғы-темный- dark, жарық-свет- shine



Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


Мотивациялық қозғаушы кезең

(қонақтар кіріп отырады, топ жарығын өшіру)

-Ой, балалар не болып қалды екен?

Ескі шамды жағып көрсету. Иісі қандай жағымсыз еді.

Бұл –май шам. Бұрынғы заманда ата- әжелеріміз жарық жоқ кезде осындай май қоспасынан жасалған шамды пайдаланған екен. Май шамды әлі күнге дейін пайдаланады. Жарық сөніп қалған кезде осы май шамды жағады. 

Су ағады саймененен, шам жанады майменен деп босқа айтпаған екен.

-Балалар сендерге жұмбақ жасырайын жауабын тауып көріңдерші?

Үйде бар бір жұлдыз,

Ол бар да түн күндіз. (шам)

-Бұл не екен?

-Ия, дұрыс айтасыңдар жауабы шам екен (жарық жанады)













Іздену ұйымдастыру кезеңі

Слайд пен суреттер көрсету

-Біз шамды не үшін пайдаланамыз?

-Үйде, балабақшада, бөлмелерімізде жарық түсіп тұру үшін пайдаланамыз. Бізге ең бірінші жарық беруші, далаға жарық беріп тұрған күн сәулесі.

Күн –табиғат құбылысы.

Бізге жарық беретін шамның түрлері көп екен.

Бөлме шамы. Түнде қараңғыда ұйықтағанда, бөлмемізге жарық беріп тұрады. Қане көзімізді жұмайық.Қараңғы ма,балалар?

-Ия.

Енді көздеріңді ашыңдар. Балалар түнде біз ұйықтағанда бөлменің іші қараңғы болады.Сол кезде бөлмеге «бөлме шамын» жағып қоямыз екен.


Ал мынау-көше шамы. Ауылымызда , далада қараңғы түскен кезде көшенің бойында осындай үлкен электр шамдары жанып жарық беріп тұрады. Сендер балабақшаға келе жатқан жолда  байқаған боларсыңдар. Мінеки, балалар шамның түрлері өте көп. Бұлардың барлығы да электр ток куатымен жанады.

Телефон жарығы, фонарик түсіндіру.

Билингвизм: Шам-лампочка- candle, сиқыр-болшевство- bolshevism, қараңғы-темный- dark, жарық-свет- shine

Қауіпсідік ережелерін айту (слайдпен)

-Балалар енді орталықтарға бөлініп осы электр шамдары туралы жұмыс жасап көрейік.

Алдымен балалар естеріңе салып қояйын жұмыс жасағанда мынадай ережелерді естен шығармаймыз,

1-ші ереже қатты сөйлемейміз,

2-ші ереже кедергі жасамаймыз осы ережелерді есімізден шығармайық.



Әдебиет орталығы:

Мнемокесте арқылы тақпақ жаттаймыз.


Құмыраға ұқсаған

Сиқырлы менің май шамым

Қараңғыда жарық боп

Үйге сәуле шашасың














Зерттеу орталығы: Сиқырлы шамның ток қуатымен жанады екен, ыдысқа су құйып көрейік. Стаканның түбінде электр көзінен қуат алған батерейка бар сол арқылы шам жанады.















Құрылыс орталығы: Қаланың макетіне көп қабатты үйлер құрастырып шамдар жағу.


















Сылдырмақ пен ортаға жиналу


Сергіту сәті (видеориолик)





Балалар электр қуатымен жарық ғана жанып қоймайды екен, бізге қажетті құралдарды да іске қосады екен.

Енді балалар орталықтардан ауысамыз. (әдебиеттен құрылысқа, құрылыстан зерттеуге, зерттеуден әдебиетке

2-ші айналым
















Рефлексивті коррекциялаушы

Қорытынды:

-Сендердің жұмыстарың маған ұнады, орталықтарын жеке-жеке сұрау

-Сендерге ұнады ма?

-Электр шамының қандай түрлері бар?

Балалар қараңдаршы бағанадан бері біздің киіз үйіміз көңілсіз тұр екен, табиғат құбылысы күн сәулесінен қуат алып көрсейсе ал біздің тірілігіміз электр тогыменде іске асады екен. Баяғы заманда киіз үйде шам қолданған ал бүгін біз дәстүрімізді жаңғыртып электр тогынан қуат алған сиқырлы шамды киіз үйге орнатайық. Балалар болашақтың жарық шамдары мына сендерсіңдер. Жарқырап жана беріңдер.

-Жарайсыңдар балалар! Сендер бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар!





Күтілетін нәтиже: 
Жаңғыртады: Электр тоқтың пайдасы туралы біледі; 
Түсінеді: Электр тоқ туралы мағұлмат алды; 

Қолдана алады: Тәжірибе жасау дағдыларын меңгерді. 



КМҚК «Бегім Ана» балабақшасы








Ашық ұйымдастырылған


оқу қызметі







Тақырыбы: «Сиқырлы шам»


Тобы: «Балапан» ІІ-кіші топ


Тәрбиеші: Ильяс Бибіхан














Қызылорда қаласы, 2019жыл