СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әскери ант қабылдау.

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Қарулы Күштер қатарында Әскери антты қабылдау салтанатты сәтінен қысқаша мағлұмат беру.

Міндеттері: Қазақстан азаматтары үшін Қарулы Күштер қатарында қызмет етудің маңыздылығы мен ерлікке баулитын өмір мектебі екенін, Отанды қорғау, елін жерін сүю, аялау, құрметтеу, Отансүйгіштік, ұлт жандылық, намыс, жігер, шынығу шыңдалу ұғымдарын терең түсіндіру.Ұрпақ жалғастығы, ата бабалар дәстүрлері туралы мағлұмат беру. Әскери антты қабылдау.

Просмотр содержимого документа
«Әскери ант қабылдау.»

Тақырыбы: Әскери ант қабылдау.



АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы ТемировА.А.

Жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп -балабақша кешені.

Мақсаты: Қарулы Күштер қатарында Әскери антты қабылдау салтанатты сәтінен қысқаша мағлұмат беру.

Міндеттері: Қазақстан азаматтары үшін Қарулы Күштер қатарында қызмет етудің маңыздылығы мен ерлікке баулитын өмір мектебі екенін, Отанды қорғау, елін жерін сүю, аялау, құрметтеу, Отансүйгіштік, ұлт жандылық, намыс, жігер, шынығу шыңдалу ұғымдарын терең түсіндіру.Ұрпақ жалғастығы, ата бабалар дәстүрлері туралы мағлұмат беру. Әскери антты қабылдау.

Дамытушылық: ҚР мемлекеттік нышандарына құрмет көрсетуге Қарулы Күштерідің басты орнын білуге үйрету.

Тәрбиелік: ҚРҚК дәріптеу арқылы оның қатарында қызмет атқару абыройлы міндет әр ер азамат үшін мақтаныш екенін және олар ҚР Конститутсиясында айтылған «Отан қорғау – ҚР-сы азаматының борышы мен міндеті»ұғымын түсіндіру .

Өтілетін орны: Дәліз.

Қатысушылар: Мектеп әкімшілігі,10- сынып оқушылары .

Көрнекілік: Проектор,видеоролик,автомат макеті.

Шараның ашылуы: Әскери бөлім -түзел тік тұр, Мектебіміздегі ҚРҚК қатарыда қызмет атқару шарасына арналған салтанатты қойылымға Мемлекеттік Ту Кіргізілсін.

Шағын бейнероликке назар салайық.

Келесі сөз тәрбие жөніндегі орынбасары Айнұр Ысқаққызына беріледі.

-Құрметті бүгін «Әскери ант қабылдау» салтанатты жиынға қатысушылар, біздер күнделікті өмірімізде Отанды қорғау, өз елінің патриоты болу, ата-бабаларымыз мұра етіп кеткен туған жерімізді сүю, оны қорғау туралы жас ұрпақп пйтып келеміз.Отан қорғаушысы болу зор құрмет, ер балалар үшін үлкен сенім абыройлы міндет.Осыған байланысты Қазақстан азаматтары үшін ҚК қатарында қызмет ету,Отан алдындағы міндеттерін естен шығармауымыз керек. Бүгінгі күн талабына сай ҚК қатарында қызмет атқару білімді,саналы,өз дене бітімдерін шыңдап, шымырланған, денсаулықтары мықты жігіттерге ғана тиесілі болып отыр, бұл өмір талабы.

ҚК соңғы үлгідегі қару-жарақтармен жабдықталуда,олардың дәлдіктері жоғары жойқын қарулар. Сол құрметке ие болған жігіттер-нағыз жау жүрек батыр тұлғалы болғаны жөн.Бүгін біздер ҚК қатарына қабылданған жас сарбаздардың Әскери ант қабылдау рәсімін тамашалаймыз. Бастауға рұқсат.

Рота- түзел!Тік тұр!Взвод командирлері бастауға рұқсат.

Өзінің тегін естіген жауынгер «Мен құп болады» деп саптан шығады. Ант қабылдау орнына келіп, Ант мәтінін дауыстап оқиды.

Құтықтау сөз 9-сынып оқушысы «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы Сағидоқас Гүлденге беріледі.

Келесі сөз кезегі АӘД пәнінің мұғалімі Темиров Арман Аманбайұлына беріледі.

Құрметті жас сарбаздар, сіздерді бүгін Ант қабылдау рәсімімен құттықтаймын. Жас сарбаздар енді сіздер нағыз сарбаз атандыңдар! Сіздерге тілейтінім анттарыңа адал болып, ел тыныштығын қорғауда қырағы болу. Мектеп әкімшілігінің бұйрығымен осы күн мереке деп жариялансын. Осымен салтанатты Ант қабылдау рәсімі аяқталды.