Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе
Білім беру саласы/Образовательная область:Коммуникация.
Пән/Предмет: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Жаңа жылдық сыйлықтар»
Тақырыбы/Тема: "Көңілді қыс"
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу
2.Дамытушылық – развивающая: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту
3.Оқыту – обучающая: Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге,өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: Дымбілместің суреті, шырша суреттері мен карточкалар, қысқы мереке, жаңа жыл мерекесі, Аяз ата, Ақшақардың суреттері.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: Сыйлық – подарок, шырша – елка.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
Жылулық шеңбері
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Өлең әзір, ән әзір,
Ойын да әзір - бәрі әзір
Кел, жаңа жыл, біздерге,
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Ғажайып сәт:
Топқа Дымбілмес кіреді, балалармен амандасады.
Дымбілмес:
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Қолындағы суретін көрсетіп, жұмбақ жасырады.
Жұмбақ
Өзі жасыл, тікенектері бар, әдемі, ол не?(Шырша)
Тәрбиеші, Дымбілместің қолындағы суретті тақтаға іліп, әңгімелейді.
-Бізде әдемі шырша бар, біз оны жаңа жыл мерекесіне арнап әшекейледік. Ол біздің топты безендіріп тұрады. Біз оның қасында өлеңдер айтып, билейміз.
- Дымбілмес, сен жаңа жыл мерекесіне кімнің келетінін білесің бе?
Дымбілмес:
- Кім келеді, білмеймін?
Дымбілмес:
- Балалар, атайдан менде сыйлық алғым келеді. Маған да өлең үйретесіздер ме? - Билингвалдық компонент: Сыйлық – подарок, шырша – елка.
Балалар, қазір сіздерге "Шырша" өлеңін оқып беремін. М ұқият тыңдаймыз.
"Шырша" өлеңі
Тауда туып, тауда өскен
Шырша келді ортаға
Бәріміз бір дауыспен
Дейік енді шыршаға:
"Қуант бізді, таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!"
Е.Өтетілеуұлының портретін көрсетіп, мәлімет береді.
Сурет бойынша әңгіме құрастырады, сұрақтар қояды.
Сергіту сәті
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады.
Жып-жылтыр боп жатады.
Тіл ұстарту жаттығуы
Ша-ша-ша ортада тұр шырша,
Қар-қар-қар ақ Ақшақар,
Ді-ді-ді сыйлық әкелді.
Тасбақаға ұқсап, ақырын айт, жыланша созып айт, қоян сияқты шапшаң айт.
Дидактикалық ойын
«Қатырмақ ойыны»
Көңілді әуен ойналады, тәрбиеші Аяз ата болады. Қолындағы таяғын балалардың қолдарына тигізуге тырысады, қай баланың қолы тисе, сол жұмбақ, өлең айтады.
Тәрбиеші:
-Балалар, сіздерге өлең ұнады ма?
Дымбілмес:
Балалар, сендерге рахмет! Мен сендерден көп нәрсені үйрендім. Сау болыңдар!
Жеке жұмыс: Мединаға, Нұрәділге бояу түстерін дұрыс таңдауға көмектесу.
3.Қорытынды/итоговая часть:
-Балалар бүгін бізге қонаққа не келді?
- Біз қандай өлеңді тыңдадық?
- Қандай мереке шыршасыз өтпейді?
- Балалар, сендерге Дымбілмес рахмет айтып жатыр.