СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сөйлеуді дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: балаларды ыдыс-аяқ атаулары бойынша сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Демонстрациялық әрекеттер бойынша әңгіме құрастыруды жалғастыру, жеке сөздерді айтуға ынталандыру. Ыдыс-аяқты ұқыпты ұстауға, аспазшылардың еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Сөйлеуді дамыту»

«Қатынас» білім беру саласы бойынша Сөйлеуді дамыту

ұйымдастырылған

оқу –қызметінің

технологиялық картасы.

Күні, айы, жылы: 21.10.2019

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Көкөністерден көже жасау»

Мақсаты: балаларды ыдыс-аяқ атаулары бойынша сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Демонстрациялық әрекеттер бойынша әңгіме құрастыруды жалғастыру, жеке сөздерді айтуға ынталандыру. Ыдыс-аяқты ұқыпты ұстауға, аспазшылардың еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар:  Көкөністердің суреттері

Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық,

Таза ауаны жұтайық

Шаттық шеңберге тұрады, тәрбиешімен бірге қайталайды.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Демонстрациялық көрнекілік қолдану.

-Балалар, көкөністер туралы мына өлеңді тыңдайықшы.

Шолып едім бақшаны

Көкөніс біткен көңілді.

Жасыл,сары қызыл, көк,

Сан алуан көкөніс.

-Өлеңде не туралы айтылған? Балалардан көрнекілікті пайдаланып, сұрақ-жауап әдісі арқылы көкөністердің пішінін, түсін сұрайды.

-Үйде аналарың көкөністер қосып, тамақ әзірлейді. Қазір мен сендерге көкөністерден қалай көже жасалатынын көрсетемін.

Дидактикалық ойын: «Тамақ әзірлеу» (ойыншық ыдыстармен көрсетіп әңгімелеу). Плитаға ішінде суы бар кастрөлді қоямыз, суымыз қайнағанша картопты қазанға пиязды қуырып аламыз.





Өлеңді мұқият тыңдайды.





балалар жауап береді.



Тәрбиеші пиязды кастрөлге салып, сорпаны араластырады.Өкінішке орай біздің плитамыз жанбайды, сондықтан қазір аспаз апайымызды шақырамыз, көжемізді әрі қарай нағыз плитаға апарып, түскі асқа пісіріп берсін.

Аспаз келіп: «Түскі асқа осы көкөністерден көже пісіріп беремін»,-деп уәдесін беріп, шығып кетеді.

Сергіту сәті 

Өн бойымды тік ұстап,

Таянамын бүйрімді.

Бастап кетем дұрыстап,

Сайгүлікше жүруді

Бір!Екі! Бір!Екі! (С.Қалиұлы)

Үлестірмелі материалмен жұмыс: көкөністерді бояйды.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан көкөніс түрлерін,түстерін сұрау













Қимылын келтіріп жаттығулар орындайды.




Көкөністерді түстеріне қарай бояйды.

Рефлексиялық-

түзетушілік

-Балалар көкөністерден пісірген көжемізді неге құямыз?

-Ыдыстарға нелер жатады?

-Бұл ыдыстар аналарыңа не үшін қажет?

-Олар қалай пайдаланады?

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қортындылап, мадақтау.

-Ыдыстарға



-Кастрөл, қазан, шәйнек, қасық, пышақ, тәрелке, табақ, кесе-бұлар ыдыстар. Бұл заттар күнделікті өмірімізге өте қажет.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: сурет бойынша әңгіме құрастыруды және көкөністерді

түсіне сәйкес бояйды.

Игерді: көкөністердің пішінін, түрін, түсін ажыратуды, ыдыстарды қалай атау керектігін;

Меңгерді: баяндау (әңгімелеу) мәтінін құрау білу



Тәрбиеші: Төкен А.Қ.