Екінші кіші "Жұлдызша"тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: " Коммуникация"
Бөлім: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: «Тірі және өлі табиғат»
Тақырыбы: " Тентек балақандар" (ойыншық аңдар туралы әңгіме құрастыру) Мақсаты:
Тәрбиелік:
Тәрбиешінің көмегімен қысқа әңгімелерді құрастыруды жалғастыру
Дамутышылық:
Тәрбиешінің көмегімен тақпақшаны жаттату. Тілдерін жаттықтыру.
Оқыту:
Тақпақшаның мазмұнын түсінуге көмектесу.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер
Билингвалдық компонент : үй жануарлары- домашние животные, түйе- верблюд, жылқы- лошадь, құлыншақ- жеребенок.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Тәрбиеші балаларға І. Жансүгүровтың өлеңің оқып, сұрақ қояды.
Балалар мұқият тыңдайды.
- Шөре,шөре лағым
Тентек болма, шырағым.
Секендемейды, деміңді ал,
селтендемей құлағын,-деп нені айтамыз?
Лақ
2.Негізгі бөлімі
Сендер қандай үй жануарларын білесіндер?
Үй жануарларын айтады.
Неге үй жануарлары деп атаймыз?
Қолда ұстайтын, адам күтіп- бағатын жануарларды үй жануарлары деп атаймыз.
Олардың еті, сүті бізге тамақ, ал жүні, терісі- киім. Естеріңе түсіріндерші, малдардың төлдерін не деп атаймыз?
Тәрбиешінің көмегімен сұрақтарға жауап береді.
Иә, дұрыс. Лақ, қозыны еркелетіп, қозыны қошақан, ботаны ботақан, құлынды құлыншақ деп атаймыз.
Үй жануарлары суреттері арқылы әңгіме құрады.
Мына жылқы үлкен, құлыншақ кішентай.Құлын енесімен жарысып шапқылап барады. Төлдің анасын ене деп атайды.
Жылқы үлкен, құлыншақ кішентай.
Мынау - ешкі. Қасында төлі- лақ.
Ал, мынау суретте енесіне еркелеп тұр.
Түйенің төлі- ботақан. Түйенің тау сияқты екі өркеші болады. Ол жүк тасуға өте ыңғайлы.
Түйе үлкен, бота-кішкентай.
Сергіті сәті:
Құлыншағым, құндызым,
Құлдырайды, шабады.
Жылтындаған жұлдызым
Құстай қанат қағады. (І. Жансүгіров)
Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.
Ойын: "Төлдерін тап"
Ойынның шарты: суреттен үй жануарларын көрсете отырып олардың төлдерін тауыр, сәйкестендіреді.
Жеке жұмысты қажет ететін балалардан үй жануарларын төлдермен қайталау.
Балалар суреттен үй жануарларын көрсете отырып, олардың төлдерін тауып, сызықпен өосады.
3.Қорытынды:
Қандай үй жануарларын білесіндер?
Малдардың төлдерін қалай атаймыз?
Сұрақ- жауап арқылы оқу қызметін қортындылайды.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: суреттен үй жануарларын көрсете отырып, олардың төлдерін сызықпен қосуды.
Түсінеді: үй жануарларын және олардың төлдері туралы мәліметті.
Қолданады: дыбыстарды дұрыс айта білуді.