Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Экология
Тақырыбы: «Аквариумдағы балықтар»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды балық түрлерімен, аквариуммен таныстыру. Су тұрғындары, өсімдіктері, олардың бір-бірімен байланысы туралы толық мәлімет беру, түсіндіру.
Дамытушылық:Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, Монтессори технологиясы арқылы танымдық білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: табиғат сұлулығын, әсемдігін көре білуге, сезінуге үйрету; эстетикалық тәрбие беру.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұарақ-жауап.
Сөздік жұмыс: аквариумдағы балықтар, желбезек, жүзбе қанаттары, қабыршақ, алтын балық.
Билингвальды компонент: Аквариум-аквариум, балық- рыба
Көрнекіліктер: Балық түрлері суреттері, магнитті қармақ, резина балон , аквариумдағы тірі балықтар, көк фон, бау.
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес.
Пәнаралық байланыс: Коммуникация, таным.
Қолданылатын технология: дамыта оқыту, монтессори
І. Кіріспе бөлім
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырап тұр қаламыз
Жайнап тұр даламыз
Амансындарма, достарым!
Амансындарма , апайлар!
Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа отыра қойыңдар.
- ІІ. Өткенді қайталау.
ІІІ.Жаңа сабақ
Балалар, қазір біз «Кім епті?» деген ойын ойнасақ, ойнағыларың келе ме?
- Иә.
(Ойын шарты түсіндіріледі)
- Балалар, менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар?
- Бұл - қармақ.
- Қармақпен не істеуге болады?
- Балық аулауға.
- Жарайсыңдар! Балалар, бұл- жәй қармақ емес, сиқырлы қармақ. Осы қармақпен балық аулап көреміз бе?
- Қане Дәулет келе ғой. Балалар, қараңдаршы Дәулеттің қармағына бір балық түсіпті, ол қандай балық болды екен?
Балалар, бұл- шортан балық. Қандай балық екен?
- Шортан.
(Магнитті қармақпен балалар біртіндеп балықтарды аулайды. Аулаған балықтардың аттарын қайталап айтқызу)
- Табан балық, сазан, ақ балық, алабұға, шортан.
- Жарайсыңдар, балалар, енді аулаған балықтарыңа назар аударайықшы, сендер балықтардың аттарын білдіңдер. Балалар, балықтар қайда тіршілік етеді?
- Суда.
- Дұрыс айтасыңдар. Негізінде балықтардың түрлері көп. Балалар, балықтардың дене бітімі қандай пішінге ұқсас екен?
- Сопақша.
- Балықтардың мынау несі?
- Басы.
- Басында желбезегі болады.
(Көрсету, қайталау)
Несі болады екен?
- Желбезегі.
- Олар осы желбезегі арқылы дем алады. Ал денесінде нелері бар екен?
- Қабыршақтары.
- Дұрыс айтасыңдар. Ал денесіне жалғасқан мынау не екен?
- Құйрығы.
- Денесінің арқасындағы, бауырындағы жүзбе қанаттары.
(Қайталау)
Осы жүзбе қанаттары арқылы суда еркін жүзе алады. Балалар балықтарды адамдар не үшін пайдаланады?
(Толықтыру)
- Тағам ретінде.
- Балалар, тағам ретінде пайдаланбайтын, әсемдікке үйде асырайтын балықтардың түрлері де болады екен. Сондай балықтарды көргілерің келе ме?
- Көргіміз келеді.
- Ендеше сондай тірі балықтарды көз алдымызға елестетіп көрейікші.
(Балар көздерін жұмады,сол кезде буклеттің артында жасырылған аквариумды ашу)
Балалар, көзімізді ашып қарайықшы, суда жүзіп жүрген нелерді көріп тұрмыз?
- Балықтарды.
- Балықтар қандай ыдыстың ішінде жүзіп жүр екен?
- Шыны ыдыста.
- Бұл шыны ыдыс «Аквариум» деп аталады.
- Аквариумдағы балықтар бағана өзіміз аулаған балықтарға ұқсайды ма?
- Ұқсайды.
- Балалар, аквариумдағы балықтардың түрлері қандай екен?
- Әр түрлі.
- Мына үлкен балықтың түсі қандай?
- Қызыл.
- Бұл балық «Алтын балық» деп аталады. Тағы қандай балықты көріп тұрмыз?
- Ақ балық.
- Дұрыс айтасыңдар.
(Ақ үстінде қара жолақтары бар)
Бұл «Гурами» деген балық.
- Гурами(қайталау).
- Гурами нешеу екен?
- Екеу.
- Ең кішкентай балықтың түсі қандай екен?
- Қара.
- Нешеу екен?
- Екеу.
- Бұл моллинезии деп аталатын балық.
- Моллинезии(қайталау)
- Аквариумда басқа тағы нелерді көріп тұрмыз?
- Тастар, шөптер, бақалшақтар, бұтақтар.
- Дұрыс айтасыңдар.
- Балалар, бұлардың барлығы не үшін қажет?
- Әдемілікке.
- Сонымен қатар балықтарға да қажеті бар. Олар бұтақтардың, шөптердің арасына кіріп тығылады, жем іздейді. Аквариум техникалық құралдармен де жабдықталған. Онда суды арнайы жылытатын,ауа жіберетін,жарық түсіретін құралдар бар.Аквариумдағы балықтар үнемі адамдардың қамқорлығында болады. Балалар, қалай ойлайсыңдар балықтардың қарны ашпас үшін оларға не керек?
- Тамақ керек.
- Дұрыс айтасыңдар, әрине тамақ керек. Оларға арнайы дүкендерде сатылатын мынадай қалтадағы жемдерді береміз. Балалар, балықтар тағы не жейді деп ойлайсыңдар?
- Құрттар, жасыл шөптер.
- Жарайсыңдар! Балалар, аквариумдағы балықтар күніне таңертең кешке екі шымшымнан ғана ас жей алады, одан артық беруге болмайды.
(Балалармен бірге балықты тамақтандыру)
- Балалар, ертегілерде алтын балық адамдардың тілегін орындайды екен. Мүмкін біздің де тілегімізді орындап қалар. Біз де алтын балыққа тілегімізді айтып көрсек қалай қарайсыңдар?
- Әрине қалаймыз.
- Ендеше барлығымыз бір - бірден өз тілегімізді айтып көрейікші.
(Балалар бір - бірден өз тілектерін айтады)
- Жарайсыңдар, балалар. Ендеше орындарымыздан тұрып, осы жақсы тілектерімізді ішкі лебімізбен алтын балыққа үрлеп жіберейікші.
- Уф, Уф, Уф.(сергіту сәті)
- Жәрайсыңдар, тамаша! Балалар, аквариумдағы балықтар сендерге ұнады ма?
Ұнады.
- V. Сергіту сәті:
Кәне балалар тұрамыз
Бойымызды жазамыз
Балықтарға ұқсап біз
Жүзіп- жүзіп аламыз.
- Балалар, қараңдаршы мына аквариум бос екен, осы аквариумге өз қолымыздан балықтар жасап көрейік.
Ол үшін: Үш топқа бөлінеміз, бірінші топ алдымыздағы балықтарды құрастырып, баумен байлаймыз.
Екінші топ мына балықтың қабырышақтарын моншақтан жапсырамыз.
Үшінші топ түймеден балықтың денесін бейнелейді.
сонда бізге түрлі - түсті жылтыр балықтар пайда болады.(көрсетіп түсіндіру)
(Балалардың жұмыстарын талдау, бағалау)
- Жарайсыңдар, балалар, әр- түрлі әдемі балықтар жасап шығардыңдар.
VІ. Бектіу.
«Балықтардың қандай дене мүшелері жоқ?» деген компьютерде слайдтар көрсету. Балалар, балықтардың дене мүшелерін атайды.
Мысалы:
1) Балықтың басында дем алатын несі болады?
2) Балықтың несі жоқ?
3) Балықтың денесінде нелері бар еді?
4) Балықтың денесіне жалғасқан қандай мүшесі жоқ?
VІІ. Қорытынды:
- Балалар, біз бүгін нелермен таныстық?
- Қандай балықтарды көрдіңдер?
- Балықтар қандай болады?
- Олар немен жүзеді?
- Балықтар сусыз өмір сүре ала ма?
- Үйлерінде балықтардынедеұстаймыз?
- Олардықалайқұтукерек?
- Бүгін қандай жұмыс жасадындар?
- Балалар сендер де осылай теніз жұлдыздар әрдайым әдемі көрікті болып жүріндер. Теңіз жқлдызын таратып беру.
Біздің топта ұл-қыздар
тату тәтті ойнаймыз
сыйластықпен ,махаббатпен
айналаға қараймыз!
Өз жұмыстарына баға беру.
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі оқу қызметіне барлықтарың да жақсы қатыстыңдар.
VІІІ. Үйге тапсырма: Балық тардың суретін аяқтап салып келу.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:Балықтың бір екі, үш түрі атауын, дене құрылысын, пайдасын білді
Болуы керек: Балықтың су астында өмір сүретіндігін,
Істей білу керек: Тәрбиешінің тапсырмасын жауапкершілікпен орындап, өздігімен ұқыпты іс әрекет жасай алуы.