Қазақ тілі 5-сынып
Пән мұғалімі:
Солтанова Анар Амиргаликызы
«Көктөбе ЖББОМ»
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Сөздік құрамның
тармақтары
SMART - мақсат
:
Қазақ тілінде сөздік құрамға енетін сөздер туралы, сөздік құрамның тармақтары туралы мағлұмат беріп, жаттығу жұмыстарын орындату
Үй тапсырмасын тексеру
1. Жыл мезгілдері суретіне зер салыңдар және сол бойынша мәтін құрап жазыңдар. Мәтіндегі сөздік қорға енетін атаулардың астын сызыңдар.
2. Мәтінде іс-әрекетті білдіретін сөздер-баяндау сынды сипатты білдіретін сөздер-суреттеу болады. Өздерің жазған мәтінде осылардың қайсысы басым екенін айтыңдар.
Жаңа сабақ «Сөздік құрамның тармақтары»
2.Тіліміздегі сөздік құрамның тармақтары қазақтың ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан қазақтың байырғы төл сөздері.
1.Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады
3.Олар ең қажетті ұғымдарды білдіреді де, жалпы халыққы түсінікті болып келеді.
Туыстықты білдіретін атаулар:
Ата - әже
Ана - әке
Аға - іні
Сіңілі-қарындас
Нағашы-жиен
Бөлен т.б
Мал атаулары:
Жылқы
Түйе
Сиыр
Қой
Ешкі
Құлын
Табиғат құбылыстарының атаулары:
Күн
Ай
Жер
Бұлт
Тас
Аң-құс атаулары:
Бүркіт
Қаршыға
Торғай
Түлкі
Аю
Заттардың түр-түсін сапасын білдіретін атаулары:
Қызыл
Сары
Көк
Жасыл
Сұр
Анатомиялық атаулар:
Бас
Қол
Аяқ
Қол
Мұрын
Құлақ
Көз
Тамақ атаулары:
Ет
Сүт
Айран
Қымыз
Ірімшік
Сан атаулары:
Бір
Жеті
Тоғыз
Елу
Жүз
Мың
1
7
9
50
100
1000
Есімдіктер:
Мен
Сен
Сіз
Ол
Біз
Олар
Кім?
Бұл сөздердің қолданылуы адамдардың мамандығына, кәсібіне, білім дәрежесіне байланысты емес. Оларды қоғам мүшелерінің барлығы қолдана береді.
Тілдік сөздік құрамында ғылым мен техниканың салаларында қолданылатын, соларға тән сөздер де болады.
Ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында қолданылып соларға телінген арнаулы сөздер терминдер деп аталады. Терминдер ғылымның қай саласына қатысты болса, сол саласында қолданылып, қалыптасады.
Тіл білімінің терминдері
ӘРІП. Буын
Үндестік заңы
А
А-та
Бастауыш, Баяндауыш
География терминдері
Полюс рельеф
Глобус, масштаб
Карта, меридиан
Математика ғылымының терминдері
теңдеу
Арифметика
Бөлгіш, бөлінгіш
Терминдер көп мағынаны емес, бір ғана мағынаны білдіреді. Дара мағыналық – терминдерге тән ортақ қасиет.Дүние жүзіндегі халықтардың тілінде ортақ қолданылатын терминдер бар.
Мысалы: капитализм, морфология, синтаксис, лайнер, химия т.б.
Мұндай терминдердің дүниежүзіндегі тілдерге бірдей ортақ болып келуі ескеріліп, олар интернационалдық терминдер деп аталады.
Семантикалық картаны толтыру
Мысалдар
Карта
Тіл білімі
География ғылымы
Шылау
Спорт
Теннис
атаулары
Анатомиялық
Жүрек
Көнерген
атаулар
Компас
сөздер
Тамақ
Дуанбасы
атаулары
Сөздік
Баскетбол
Фонетика
Масштаб
Футбол
Көз
Қаған
Құрт
Пролетариат
Асқазан
Шұбат
3-тапсырма: Берілген сөйлемдердің қай салада қолданылатын анықтаңдар
1.Клетканың ішінде, қабықшаның астында кілегейлі тірі зат протоплазма болады.
Өсімдіктер ғылымының саласына
2. Жазық бұрыштың жартысындағы тең бұрыш
тік бұрыш деп аталады.
Математика ғылымы саласына
География ғылымының саласына
3.Микроскоппен өсімдіктің ішкі құрылысын қарау үшін, ең әуелі олардан препарат даярлайды.
Жаратылыстану ғылымының саласына
4. Куриль аралдарында вулкандар Теңіз түбінен көтеріліп шығады.
Төменде берілген сөздерге алдымен
қосымша жалғап сонан соң сөйлем
құрап жазыңдар.
1. Мен, жаз, өзен, көп ,шомыл.
2. Біз,ауыл,маңы,ағаш,қалың,өс.
3. Айжан,жолдас,кітап бер.
4.Таңертең,күн,шай,ашық,бол,кеш,қатты,өзгер
ТЕСТІЛЕУ ЖҰМЫСЫ
1.Сөйлемді толықтыратын сөзді тап:
Қоғам мен табиғатты біртұтас жүйе ретінде қарастыратын бірден-бір ғылым саласы қазіргы заманғы -................................
А.Жаратылыстану. В.Өсімдіктану.
С.Тарих. D.География
2.Синоним болатын диалектілерді тап :
А.былғары, тері В.Қоржын, қалта
С.Түбек, шүмек D.Ауқат, тамақ.
3. «Метро», «Ноутбук», «Файл» терминдері қандай сөздер?
А.Лингвистикалық; В.Халықаралық
С.Неологизмдер; D.Физикалық
4.Интернационалдық терминдерді тап.
А.Құрлық, атмосфера, су айналымы;
В.Құдірет, сыйластық,әдебиет
С.Өндіріс, аммиак, көміртек
D.депутат, биржа, валюта
5.Қай сөйлемде термин бар?
А.Балалар балық аулауға кетті.
В.Жазда өзен жағалауына барып демаламыз.
С.Реакция жылдамдығының өсу құбылысын катализ деп атайды.
D.Атамның аулына қонаққа бардым.
6. «Тырық, көтерем» диалект сөздерінің әдеби баламасын тап.
А.арық В.зәулім
С.шалғай D.кішкентай
7. Діни терминді тап.
А. Сүре В.Ұжым
С.Сайлау D.Мейман
8. «Магнит өрісі», «Индукция» қандай сөздер?
А.Тіл білімі В.Халықаралық
С.Спорттық D.Физикалық
9. Ядро заряды бірдей атомдар түрін .............элемент дейміз. Сөйлемді толықт ыратын сөзді тап.
А.химиялық В.физикалық
С.лингвистикалық D.халықаралық
10.Қай сөйлемде термин бар.
А.Ағаштың ішіндегі ерте көктейтіні-қайыңдар.
В.Механикалық қозғалыс дегеніміз дененің кеңістіктегі орнының санақ денелері ретінде алынған басқа денелерге қатысты уақыт бойынша өзгерісі аталады.
С.Алматы апортының өзіндік тарихы бар.
D.Туған жері, Отаны туралы жыр шертпейтін ақын бар ма?
Бағалау
9-10 дұрыс жауап - «5»
7-8 дұрыс жауап - «4»
5-7 дұрыс жауап - «3»
1-4 дұрыс жауап - «2»
INSERT стратегиясы
Білгім келеді
Білдім
Білемін
Үй тапсырмасы:
Қазақ тілінің сөздік құрамы туралы оқып келу.
145-жаттығу.Сөйлем құрау