Оспанова А.Б.
Шалқар орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Қазақ тілі
4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыруды бекіту; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету;
Дамытушылығы: сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін арттыру;
Тәрбиелігі: зейінділікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабақ.
Сабақтың әдісі: ой қозғау, қайталау, жинақтау, салыстыру, талдау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: қосымша тапсырмалар, мақал-мәтелдер, дидактикалық карточкалар, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ә) психологиялық жаттығу:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге берілген 62-беттегі 5-жаттығу.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу /тамыр, тегіс, баспа/. Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер-омонимдер.
Сөз және оның мағынасы тақырыбының мазмұнын ашамыз.
Сөз дегеніміз – белгілі бір зат немесе құбылыс атауы.
Ал, мағына дегеніміз – сөздің білдіретін белгісі, мағынаны білдіретін белгінің өзі әртүрлі болады.
/Ережелерді айтып, мысалдар келтіреміз/
Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер – антонимдер.
Мағынасы жуық сөздер – синонимдер.
Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер – омонимдер.
ІІІ. Қызығушылығын ояту: «Ой қозғау»
Қой, алма, бал, ашық, қаз, ...
Осы сөздердің мағынасын түсіндіріп, мысалдар келтіру /омонимдер/.
Қай сөздерге антоним айта аламыз? /қой-қойма, алма-ал, ашық-жабық, қаз-қазба/.
Қай сөздерге синоним айта аламыз? /алма-тиіспе, бал-ұпай, қазу-тесу/.
ІV. Жаңа сабақ: Сөз және оның мағынасы.
Ойын: «Сөз ойлау, тез ойлау».
Еңбекші болсаң ерінбе,
Ауырдың өзін ... де. /жеңіл/
Сөздің де дұрысы бар, ... бар, /бұрысы/
Әр кез дұрыс сөйлеуге тырысыңдар.
Үлкенге кешіріммен қарағаны,
Кішінің ... жарағаны. /үлкендікке/
/қарама-қарсы сөздер - антонимдер/
V. Оқулықпен жұмыс: 1-жаттығу «Ерекшелігін тап»
Екі бағандағы сөз тіркестерін салыстырып оқып, мағыналарында қандай ерекшеліктер барын атау /тура және туынды екі түрлі мағынаны білдіреді-омоним/.
Төбел ат – ат төбеліндей топ
Үйдің төбесі – төбесі көкке жетті
Қуанышты күндер – қуанышы қойнына сыймады
VІ. Интербелсенді тақтамен жұмыс: 2-жаттығу.
Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөз тіркестерінің мағынасына көңіл бөлу.
Ас ішіп, аяқ босатарлар – арам тамақ, жалқау адам.
Бармағынан бал тамған – шебер, өнерлі адам.
Аузымыз аққа тиді – ақ (сүт, айран) ішудеміз.
Жүрек жалғады – тамақтанды.
Сөздің майын тамызды – қызықты, мазмұнды.
Тәбеті тартпады – ішкісі келмеді.
VІІ. Сергіту сәті
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
VІІІ. Ойын: 3 – жаттығу «Мағынасын тап»
Екінші қатардан бірінші қатардағы сөйлемнің мағынасын білдіретін сөзді тап:
Бөркін аспанға лақтыру шебер
Темірден түйін түйеді шабандоз
Ешкімнің ала жібін аттамайды қуану
Ат құлағында ойнайды адал
«Мағынасын анықта» 5 – жаттығу, берілген сөз тіркестерінің қандай мағына білдіретінін айт.
Көздің қарашығындай сақтау – ұқыпты қарау, жоғалтпау, т.б.
Қас қағымда – лезде, жылдам.
Судың да сұрауы бар – үнемдеу, ысырап жасамау.
Қой аузынан шөп алмас – жуас, момын.
«Шығармашылық жұмыс»
/Осы сөз тіркестерінен 1-2 сөйлем құрастырып интербелсенді тақтаға жазу/
ІХ. Сабақты қорытындылау: «Фонетикалық талдау».
/әр қатарға фонетикалық талдау жасауға сөздер беріледі/
Шебер, жұмбақ, көркем, жылқышы, жайдары, тамыз.
Х. Үйге тапсырма: 4 – жаттығу 63-беттегі.
ХІ. Бағалау.