СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сөз және оның мағынасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сөз  және оның мағынасы

1)Сөз және оның мағынасы туралы білімді қайталау,

еске түсіру ,толықтыру

2) Сөйлеу мәдениетін дамыту,шығармашылық қабілеттерін

Просмотр содержимого документа
«Сөз және оның мағынасы»

Пәннің аты

Қазақ тілі

Уақыты:2017ж

Кабинет:215

Байжаркинова Шарипа

Сабақтың атауы

Сөз және оның мағынасы

1)Сөз және оның мағынасы туралы білімді қайталау,

еске түсіру ,толықтыру

2) Сөйлеу мәдениетін дамыту,шығармашылық қабілеттерін

арттыру.

3 )Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру , ұқыптылыққа

тәрбиелеу.

Көрнекілік : кестелер, тірек сөздер, сөзжұмбақ.

Сабақ әдісі : сұрақ – жауап, дәлелдеу, түсіндіру, ойын, ой туғызу

Сабақ : аралас

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын мен байқап қалдым, біздің әр саяхатымыз осылай басталады. Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!

Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне

жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,

саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Әр топқа түрлі сөздер , суреттер тарату арқылы

3-топқа бөлінеді.

1 топ. Мағынасы мәндес,жуық сөздер. 
2 топ. Мағынасы қарама-қарсы сөздер. 
3 топ. Дыбысталуы бірдей,мағынасы әр басқа сөздер. 


Өткен сабақты

пысықтау

«Өткенге шолу» өткен сабақты пысықтау.

  • Сөз – дегеніміз не ?

  • Қыстырма сөз дегеніміз не?

  • Мағыналас сөз дегеніміз не?

  • Қарама қарсы мағыналас сөз дегеніміз не?

  • Әр түрлі мағыналы сөздер дегеніміз не?

  • Туынды сөздер қалай жасалады?

  • Қыстырма сөздің тыныс белгісі қалай қойылады.


Қызығушылықты ояту

Электронды оқулықтан сөз туралы мәлімет алу.

«Сөздер патшалығына» саяхат жасаудың түрлі жолдарын оқушыларға түсіндіру. Сөз мағынасының  түрлері 
Мағынасы мәндес,жуық сөздер. 
Мағынасы қарама-қарсы сөздер. 
Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер.

Мағынаны тану.

Жаңа сабақ






Сергіту сәті

Оқулықпен жүмыс.

1-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.Қарамен жазылған сөздердің мағыналарын салыстыр.

2-жаттығу. Көп нүктенің орнына қарама-қарсы мағыналы сөздерді жаз. «Қайсысы дұрыс?» әдісі бойынша орындайды.

3-жаттығу.Қарама –қарсы мағыналы сөздерді сөз таптарына бөліп жаз. «Кір жаятын жіп»әдісі бойынша орындалады.

4-жаттығу. Мәндес сөздерді бір бөлек, қарама-қарсы мағыналы сөздерді бір бөлек жаз.

«9-ромб» әдісі бойынша орындалады.

1-аялдама: (омоним сөздер) Интерактивті тақтадан бір сөз белгісі және екі, үш үй бар ертегі бейнесі көрінеді.

–Бұл жердегі сөздер өте пысық, олардың әрқайсысының екі-үш үйі бар.

Мысалы, мына «ара» деген сөздің екі үйі бар: бір үйіне кірсе ағаш кесетін араға айналып, ағаштарды аралай бастайды. Ал, екінші үйіне кірсе ұшатын араға айналып, гүлдерден бал жинауға кіріседі. Әр үй туралы айтқанда сол үйден сәйкес суретті шығарады.

–Көп жұмыс істегендіктен де олардың үйлері көп екен.

Келіңдер, еңбек етуді біз осы сөздерден үйренейік. Тыныс алу жаттығулары «Ара» Қолдарымен қимылдарын келтіруге болады.

1.Еңбек бізге жарасты,

Аралаймыз ағашты. -ж-ж-ж-ж-

2.Ағайынды аралармыз,

Еңбек үшін жаралғанбыз. -з-з-з-з-з 1- аялдама тапсырмасы

.... - өсімдіктердің түбір тарамы....- адам денесіндегі қан жүретін жол. 2. Адамдар... ду етіп күлді. ... - жап - жазық жер. 3.... – газет, журнал, кітап шығарумен айналысатын мекеме. Тамағы... болып ауырған адам суық су ішпеуі тиіс.
Керекті сөздер: тамыр, баспа, тегіс.

2-аялдама: (синоним сөздер)

–Міне, «Сөздер» патшалығына да келіп жеттік. Жақсылап қараңдаршы, бұл патшалық қандай екен? Не көріп тұрсыңдар? Сурет бойынша үш-төрт баланы сөйлету. –Патшалықтың бұл бөлігінде өте тату сөздер өмір сүреді.

–«Туысқан, туыс, ағайын, тума». Естідіңдер ме, бұл сөздердің мағынасы бір-біріне ұқсас екен, бәлкім олар сол себепті тату шығар.

«Тату сөздер» –Келіңдер, біз де бір үйде тұратын тату сөздерге айналайық. Мен «мейірімді» деген сөзбін, Айбек сен қандай сөзсің? Осы ретпен көмектесе отырып балаларға синоним сөздерді айтқызу. 2- аялдама тапсырмасы

Ерте, ерте, ертеде сөз деген ауыл болыпты. Сол ауылда Синоним деген бай болыпты, Оның балалары өте көп екен. Бай отбасымен өте тату - тәтті өмір сүріпті. Олардың татулығы сондай, тіпті балаларының барлығы бір үйде тұрыпты. Олай болса бұл тапсырманы «Тату сөздер» деп атап, сол байдың 5 ұлына және 5 қызына мағынасы ұқсас сөздерден ат қояйық. (Күшті, Мықты, Қайратты, Қажырлы, Әлді, Сұлу, Әдемі, Әсем, Көркем, Ару)

3-аялдама: (антоним сөздер)

Екі сөз көрші тұрса да бірін-бірі жақтырмайды екен. Олар ылғи да бір-біріне керісінше сөйлейді. Біреуі «жақсы» десе, екіншісі «жаман» дейді. (ақ-қара, ұзын-қысқа, т.б.)

Дидактикалық ойын «Араз сөздер»

–Біз де біраз уақытқа араз сөздерге айналайық.

Қатар отырған көрші балаларды бір-біріне арқаларын беріп отырғызып, антоним сөздер ойлату. 3- аялдама тапсырмасы

Қарама – қарсы мағыналы сөздерді қойып, жаңа мәтін құрастыру
Мен көптен нашар оқушымын.
• Дәптерімді ұқыпсыз ұстаймын, жазуым лас.
• Сабақтан кейін үйге көңілсіз қайтамын.
• Менің күнделігімді көргенде анам ренжиді.
• Осының бәрінен шаршап кеттім. Мен басқалардан кеммін бе?
Енді мен............

Рефлексия

Бағдаршам Біз не үйрендік?







Үйге тапсырма

5-жаттығу, 93-бетте

Күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады