СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сөз және оның мағынасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Үшінші сыныпта қазақ тілі пәнінен өткен ашық сабақ үлгісі

Просмотр содержимого документа
«Сөз және оның мағынасы»


Мектеп: «Балқаш қаласы ЖББ №24 орта мектеп» КММ

Күні: 12.01.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Кәрібай Б.Қ


Сынып: 3 «Ә»

Қатысқандар: 16

Қатыспағандар: -

Сабақтың тақырыбы

Сөз және оның мағынасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

- Сөз және оның мағынасы туралы өткенді қайталау, білімдерін толықтыру.

-Сөз мағыналарын дұрыс қолдана білуге баулу. Өз бетінше орындауға, ізденуге үйрету.


Сабақтың мақсаты

Барлығы: Сөз және оның мағынасы туралы өткенді естеріне түсіріп, сөз мағынасы түрлерін ажырата алады.

Көпшілігі: Сөз мағынасы түрлерінің тапсырмаларын жұппен, топпен орындай алады.

Кейбіреуі: Берілген сөздерді 3 тілде айта алады.


Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер.

-Өзара мағыналас сөздер.

-Қарама-қарсы мағыналы сөздер.

-Әр түрлі мағыналы сөздер.


Құндылықтарға баулу


Адамгершілік, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, орыс тілі, ағылшын.

Алдыңғы білім


Сөз мағынасының түрлерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы



5 минут











Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу (3 тілде):

Б: Қайырлы күн, ұстазым!
Қайырлы күн, достарым
Шеңберге тұрайық
Қолымыздан ұстайық!
Доброе день, учитель!
Доброе день, друзья!
Посмотрели друг на друга
Пожелаем добра!
Good afternoon, good afternoon,
Good afternoon to you
Good afternoon, good afternoon
We are glad to see you!


Психологиялық ахуал:

«Нүкте»

М: -Қазір I-ші топ сол жақтағы, II-ші топ оң жақтағы қызыл нүктеге денемізді бұрмай тек басымызды бұру арқылы қарап көрейік. Жарайсыңдар! Енді тағы да басымызды бұру арқылы жасыл нүктеге қарап көрейікші. Қарауға болады мекен? Бәріміздің қолымыздан келді. Сендер басында бір нүктеге қарап, екінші рет екінші нүктегеде қарай алдыңдар. Яғни, осыдан адам өзінің мүмкіндерін әрқашан кеңейте алады екенің білуге болады. Сондықтан, бүгінгі сабақта мен сендерге өтетін тақырыбымыз бойынша өз мүмкіндіктерінді, білімдерінді кеңейтуді тілеймін.


М: -Сабақ барысынды топтық тапсырмалар кездеседі. Сол себепті алдымен топқа бөлініп алайық. Өз парталарынның астындағы қағазды тауып, ол жердегі берілген нөмір бойынша 1-ші, 2-ші топтарға бөлініп отыра қаламыз. (парта үстіндегі нөмірге барып отырады, топ басшысын сайлайды)

М: Мен әр топқа бағалау парағын беремін. Топ басшысы сабақ соңына дейін тобындағы балаларды бақылай отырып, бағалайды. Және де алдарында дабыл белгілері бар. Егер сабақ барысында жауап берген баланың немесе топтың жауабымен келіспесендер осы белгіні көтерулеріне болады.


Өткенді қайталау:

«Кофе таяқшалары» әдісі

М: Жаңа сабақты бастамас бұрын өткенге шолу жасайық. Бұл ыдыста сендердің аттарын жазылған таяқшалар бар. Қазір мен бұл таяқшаларды араластырамында, бір таяқшаны аламын. Кімнің аты шығады, сол өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беруі қажет.


Сұрақтар:

Сөйлем мүшелері дегеніміз...?

Баяндауыш дегеніміз...?

Тұрлаулы мүшелер дегеніміз...?

Жай сөйлемнің ережесі.

Жай сөйлем түрлері.

Қаратпа сөз дегеніміз не?

М: -Молодцы!Жарайсыңдар! Өткен сабақтардан алған білімдерінді жақсы көрсете білдіңдер.


















Қызыл, жасыл нүкте










Стикерлер




Бағалау парағы, дабыл белгісі









Таяқшалар






Слайд


Сабақтың ортасы



30 мин


















































































































Жаңа тақырыпты ашу:

«Лабиринт»

М: Балалар! Мен сендерге бір ойынды ойнауды ұсынамын. Ол ойын «Лабиринт» деп аталады. Мына жерде әріптер шатасып кеткен. Лабиринттен өту арқылы әріптерді дұрыс орналастырып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтаймыз.



М: Бүгінгі тақырыбымыз «Сөз және оның мағынасы». Енді тақырыбымызды орыс, ағылшын тілдерінде айтып көрелік.

-Слово и его значение

- Word and it’s meaning

ы;



Дәптермен жұмыс:

М: Открываем тетради-Дәптерімізді ашамыз-Open notebooks. Бүгінгі күнді, тақырыпты жазып. Көркем жазуға сөз сөзінің орысша (слово), ағылшынша (word) жазылуын жазамыз.


Алғашқы бекіту:

-Сөз дегеніміз не?

— Сөз дегеніміз қандай да бір заттың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы.
-Сөз неден құралады?
— Сөз дыбыстан құралады.

-Өте жақсы.Очень хорошо.Very good.


Оқулықпен жұмыс.

-Открываем книгу. Open book. 102-ші бетті.


1-жаттығу.

Берілген суреттерге мұқият қара. Олардың ортақ белгісі мен айырмашылығын тап.

От-ат, таға-жаға, апа-ата.

М: Не байқадыңдар? Қандай қорытынды жасауға болады?

-Сөз құрамындағы бір дыбыстың өзгеруінен сөздің мағынасы өзгереді.

Осы сөздерді дәптерімізге жазып алайық. Және өзгерген дыбыстардың астын қарындашпен сызып қоямыз.

Дыбыс (звук, sound)


Сөз мағынасы:

- Жақында басқа сынып оқушысынан кейбір сөздердің мағынасын қалай түсінетін сұрап көріп едім. Қалай жауап бергенің тыңдап көрелік.


(Балалар бейнефильмнен тыңдайды)

Қасық-тамақ ішуге арналған.

Бағбан– қой бағатын адам.

Қыс– қар жауатын жыл мезгілі.

- Қалай ойлайсыңдар барлық сұрақтарға дұрыс жауап бере алдыма?

- Ал дұрыс мағынасы қалай?

Бағбан -  өсімдіктерді күтетін адам.

- Неге ол қателесті?

- Ол сөздің мағынасын білмеді.

- Ал сөздің мағынасын қайдан білуге болады? Білесіңдер ме? (интернеттен, үлкендерден сұрап)

- Дұрыс! Сөздердің мағынасын сөздіктенде қарап, білуге болады. Бұл сөздіктерді кітап сататын дүкендерден, мектеп кітапханасынан алуға болады.

-«Сөздік» сөзін орысша, ағылшынша айтып көрелік. Словарь- dictionary (дэксәнәри)


М: Енді екінші сыныпта алған білімімізді еске алып көрелік. Сөз мағынасының 
қандай түрлерін білеміз.
- Өзара мәндес, мағыналас сөздер. 
- Қарама-қарсы мағыналы сөздер 
-Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер.


-Good! Есте сақтау қабілеттерін жақсы екен. Енді мен сендерге қазір осы түрлері бойынша қайталау бейнефильмдерін көрсетемін. Сендер толығырақ естеріне түсіріп әр бейнефильмнен кейін тапсырма орындайсындар.


1. Бейнефильм. Өзара мәндес, мағыналас сөздер. 


(imektep: Сайттан қосу)

Ойын: «Артығын алып таста»

Интерактивті тақтада сөздер шығады. Артық сөзді алып тастау керек.

Бөпе-нәресте-бесік-бала

Әділетті-айлакер-шыншыл-адал

Ақсақал-қария-қарт-жас

Ақымақ-ақылды-есті-саналы

Ағайын-туыс-туысқан-жат


-Артық болған сөздерді орысша, ағылшынша айтып көру.

Бесік-колыбель-gradle (грэйди)

Айлакер-хитрый-cunning (саннинг)

Жас-молодой- young (янг)

Ақымақ-глупый-stupid (стюпид)

Жат-незнакомец-stranger (стрэнйнжэр)


Сергіту сәті.

Бейнефильмдегі қимылды қайталау.


2.Бейнефильм. Қарама-қарсы мағыналы сөздер.


Жұптық тапсырма

-Сөздің қарама-қарсы мағынасын тауып. Сөйлем құрау.

Үлкен-кіші Ақ-қара

Қатты-жұмсақ Қорқақ-батыл

Биік-аласа Қыс-жаз Таза-кір



3.Бейнефильм. Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер.


Топтық жұмыс. «Бос орынды толықтыр»

I-ші топ:

...-«құпия» және «бояу» деген мағыналарда қолданылатын сөз. (сыр)...

...-жыл мезгілі және қимыл атауы. (қыс)

...-жәндік атауы және сүттен жасалатын тағам түрі. (құрт)

...-үй құсы және бір қимыл атауы. (қаз)

...-көздің қорғаныш мүшесі және «дұшпан» деген мағынада қолданылады. (қас)


II-ші топ:

...-топырақтың бір түрі және «әуен» деген мағынада қолданылады. (саз)

...-дене мүшесі және есеп деген мағынада қолданылады. (сан)

...-патшаның немесе ханның отыратын орны және бір қимыл атауы. (тақ)

...-мал атауы және «тоқтат» деген мағынада қолданылады. (қой)

...-дене мүшесі және бір әрекет атауы. (бас)

(Қима сөздердің ішінен сәйкес келетінің анықтап, жапсырады. Ортаға шығып қорғайды.)






Лабиринт









Слайд









Дәптер, слайд















Кітап



















Бейнефильм


































Бейнефильм



Imektep сайты














Слайд





Бейнефильм


Бейнефильм



Қима қағаздар






Бейнефильм








А3 қағаз, желім







Сабақтың соңы



5 мин


Бекіту:

«Дұрыс-бұрыс» (правильно-не правильно, correctly-not properly) ойыны

Шарты: Тұжырымға дұрыс немесе дұрыс емес белгісін таңдау керек.

-Әртүрлі мағыналы сөздердің дыбысталуы бірдей. (Дұрыс)

-Жақында-баяғыда өзара мәндес сөздер. (Дұрыс емес)

- Сөз құрамындағы бір дыбыстың өзгеруінен сөздің мағынасы өзгермейді. (Дұрыс емес)

-Ол дәптерге жазды. Мен жазды ұнатамын.-Осы сөйлемдерде «жазды»-әртүрлі мағыналы сөз. (Дұрыс)

-«Сөз» сөзі ағылшын тіліне «sugar» деп аударылады. (Дұрыс емес)

-Мыналар қарама-қарсы мағыналы сөздер: кіру-шығу, келу-кету. (Дұрыс)


Бағалау.


Кері байланыс: Жетістік баспалдағы.

Жетістік баспалдағына қай кезеңде тұр сол жерге бейнені жапсырады. Сабақ туралы ойларың айтады.


Сабақты қорытындылау. «Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз айтқандай, «барлықтарыңда болашақта ақылды, қайратты, жылы жүректі азаматтар мен азаматшалар болыңдар» деп бүгінгі сабағымды аяқтаймын.





Слайдтар















Жетістік баспалдағы суреті