« Спорт әлемінде" спорттық шарасы
Мақсаты: Балалардың көтеріңкі көңіл күйін туғызу. Балалардың денесін шыңдап күш-қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу, достық қарым-қатынастарын дамыту. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке тәрбиелеу. Көңілді ойындары арқылы балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Керекті құралдар:жалауша, доп, кегли, тунель,шар.
Командалар музыка әуенімен шығады.
Қайырлы күн,құрметті спорт сүйер қауым!Бүгін сіздер «Спорттық шара, спорт әлемінде» атты спорттық шараға қош келдіңізер.
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Спортшы балаларды шақырамыз.
Музыка жүреді. Топ кезек-кезек кіреді. Өздерін таныстыру, ұрандарын айту. (Әр топты Таусоғар, Желаяқ, Тыңшы кейпікерлері алып залға кіреді. ) Ендеше Таусоғар, Желаяқ,Тыңшы қайдасыңдар, өз командаларыңды алып келіп, сынға түсіңдер!
1.Топтың аты: «Таусоғар»
2.Топтың аты: «Жел аяқ»
3. Топтың аты: «Тыңшы»
Әділқазылар алқасын сайлау және таныстыру.
1 Балабақшамыздың басшысы:А.Бауыржанқызы
2 Балабақшамыздың әдіскері: Г.Х. Қуанышева
3 Балабақшамыздың психологі: Г. Борисқызы
4 Медбике: Жаннұр Жолдасқызы
Әділқазылар алқасы 4,5 балдық жүйе бойынша бағалайды.
Жүргізуші жарыстың түрлерімен таныстырады:Ойын 5 турдан тұрады:
1 «Кім жылдам?»
2 «Жүйрек поезд»
3 «Шалқан ойыны»
4 «Планшет» ойыны.
5 «Дәрумендер жинау»
Міне, бүгінгі жарысымыз осындай турлардан тұрады.Ендеше,жарысқа қатысушы жас спортшылар барлығыңызға сәттілік тілеймін!
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Ойындарға қатысып,
Спортсмен бала болар ма? –дей келе бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
1 «Кім жылдам?»
Шарты: Әр команданың қолында бір түсті жалаушалар болады. Сол жалаушаны алып, кедергі арқылы жүгіріп келіп, жалаушаны құтыға салады. Қайтарда себетте жатқан допты алып, аяғының арасына қысып, кедергі арқылы жүгіріп келіп, допты жоғары көтереді. Мұндағы басты ереже допты жерге түсірмеу керек.
Әділқазылар алқасының бағаларын білу
2 «Жүйрік поезд»
Шарты:Әр команда қатарға тұрады. Балалар бір-бірінен ұстап ажырамай, кедергі арқылы жүгіріп келеді.
Әділқазылар алқасының бағаларын білу
3. «Шалқан ойыны»
Шарты:Әр команда бір қатарға тұрады.Топ бастаушының алдында қапшыққа салынған доп жатады. Топ бастаушы артында тұрған балаға рет-ретімен допты қолмен жоғары ұстап, бір-біріне жалғастырады. Соңында тұрған бала допты себетке салып жинау керек.
Әділқазылар алқасының бағаларын білу
Спорттық би.
4 . «Планшет» ойыны.
Шарты: Үш топқа стол үстіне жасыл планшет беріледі. Ортада араласқан кішкентай суреттер жатады, сол суреттердің ішінен әр топ спортқа қатысты киім немесе құралдарды тауып планшетке жапсыру керек. Бұл жерде жылдамдық және спорттық суреттерді дұрыс табу маңызды..
Әділқазылар алқасының бағаларын білу
5. «Дәрумендер жинау»
Шарты:Үш топтың балалары алдында тұрған кедергілер арқылы фитбулмен секіріп барып, жіпте ілініп тұрған жемістерді алып, қайтадан кедергі арқылы секіріп келіп, жанында тұрған себетке салады.
Әділқазылар алқасының бағаларын білу
Ал,құрметті спорт сүйер қауым,бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары да анықталды.
Балалардың орындауында: «Спорт биі»
Қорытынды бөлімі:
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің бірліктері кәміл мықты.
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Жеңсек біз жеңдік деп тасымаймыз ,
Жеңілсек, жеңілдік деп жасымаймыз.
Жығылсаң жер көтерер деген екен ,
Реніш өкпелеуге қосылмаймыз-деп сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Жарыс соңында әділқазылар алқасы жеңіске жеткен топты марапаттап,мақтау қағазын табыс етеді. Жарыс өз мәресіне жетті.
Нұсқаушы:
Бүгін міне оң болып,әр ісіміз,
Жоғары боп күш-жігер,намысымыз
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз! Тәрбие.орг сайтынан « Спорт әлемінде" спорттық шарасы Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес
Жүйріктер мен Шапшаңдар
Тақырыбы: «Жүйріктер мен Шапшаңдар»
Мақсаты: Спортқа деген құштарлығын дамыту. Ептілікке, шапшаңдыққа қызыға ойнауға баулу. Балалардың бұлшық еттерінің қатаюына, жалпақ табандылықты болдырмауға көмектесу. Жаңа таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Тәрбиешімен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Барысы: Құрметті балалар, тәрбиешілер!
Бүгінгі «Жүйріктер мен Шапшаңдар» атты топ аралық сайысымызды бастаймыз.
Жатып алмай төсекте,
Ерте тұрып жүрсең.
Шынықтырып денеңді,
Күш-қуат жинап бойыңа
Өзіңді сондай нағыз спортшы деп есепте.
Спортшыларға сәт сапар!-деп жарысымызды бастаймыз
Ортаға қошеметпен тәрбиешілермен, балаларымызды шақырамыз.
1. «Қыран» командасы — Сұңқар тобы
2. «Күншуақ» командасы –Таңшолпан тобы
3. «Тұлпар» командасы –Тұлпар тобы
Әділ баға беретін Әділқазылармен таныстыру.
С.К.Қосыбаева меңгеруші
Қ. Орынгалиева психолог
Ж.Жумагул тәрбиеші
Ойынды бастамас бұрын ант қабылдау
1. Ойынды адал ойнауға
2. Қарсыласты аяқтан шалмауға
3. Ұрыс- жанжал шығармауға
4. Жеңілгенді мойындау білуге
5. Ойын шартын бұзбауға
6. Жығылғанда жыламауға
7. Әділқазы шешімімен дауласпауға
8. Шын жігермен, бар күш-жігерімді салып ойнауға
9. Салауатты өмір салтын дәріптеуге
Әр топ өздерін таныстыру.
Жүгіріп қоян келеді.
Жүгіруші: Сәлеметсіз бе қоян! Сен асығып неістеп жүрсің?
Қоян: Үлгердім-ау,
Жарыстың бірінші ойынын жүгіруден бастасаң деп едім.
Жүргізуші: Солай ма, олай болса сайыстың
1-ойын. «Жүйріктер»
Шарты: 100 м жүгіру
2-ойын: Аю келеді қорбаңдап.
Жүргізуші: Аю жан сен жарыстың 2-ші ойынына қандай ойын ұсынасаң?
Аю: мен сияқты тенис қалақшасымен шариктерді ұрып жүру ойыны.
«Кім шапшаң»
3-ойын. Кенгуру қолында добы бар сайысқа асыға келеді.
Жүргізуші: Кенгру сен қандай ойын ала келдің?
Кенгуру: Допты аяқтың ортасына қойып секіру.
4-ойын: Аңдардың жүрісін салып жүру. (аңдарша жүру)
1. Маймылша
2. Қазша
3. Бақаша
5-ойын: «Кім жылдам»
Шарты: Ортада 3 түсті доптар жатады. Әр топ өзінің түстерін жинайды. қайысы бірінші болса сол жеңімпаз.
Қорытынды: Сөз кезегі әділқазылар алқасында. Марапаттау.