СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Степ бай степ технологиясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақшада әртүрлі технологияларды қолдпнуға болады. Соның бірі стпе бай степ технологиясы болып келеді.

Просмотр содержимого документа
«Степ бай степ технологиясы»


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ

БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ











ЖОБА ЖҰМЫСЫ





«Step by step» технологиясының негізінде ұймдастырылған оқу қызметін модельдеу»
















Павлодар, 2016ж


Дайындағандар


1. Туртулова Жанар Еркиновна Павлодар қаласы, № 29 сәбилер бақшасы.

2. Борог Лашын Баянауыл ауданы, Майқайын кенті, «Шағала» балабақшасы.

3. Мейрбекова Элиза Альбертовна Павлодар қаласы, № 44 сәбилер бақшасы.

4. Хамитова Тлектес Хасенгалиевна Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Черное ауылы, «Айголек» балабақшасы.

5. Олжабаева Жайнагуль Газизовна Кашыр ауданы, Байқоныс ауылы, «Балдырған» ш.о.

6. Омиртай Майгул Баянауыл ауданы, Майқайын кенті, «Шағала» балабақшасы.











































Мазмұны


Кіріспе 4


  1. «Step by step» бағдарламасының миссиясы 7


  1. «Step by step» технологиясының маңызы. 7


3. Дамыту орталық бойынша «Step by step технологиясының қолданылуы. 7


4. Бағдарламаның негізгі міндеті. 8 – 9


5. «Step by step» технологиясындағы тәрбиешінің рөлі: 9 - 10


Қорытынды 11


Қолданылған әдебиеттер тізімі 12


































Кіріспе


Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа Жолдауында «Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрбір балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым - қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек» - деп айтылған. Жас ұрпақ тәрбиесі сияқты үлкен міндетті шешуге мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің орны ерекше. Олар өмір есігін жаңа ғана ашқан жас буындар денесінің, ақыл - ойының, сана - сезімінің дамуына, адамгершілік қасиеттері мен эстетикалық талғамның қалыптасуына жағдай жасайды. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсатты қоғам талабынан туады. Өйткені елімізге Отанын сүйетін, білімді, моральдық бейнесі жоғары, шығармашылық еңбекке бейім, рухани дүниесі бай, жетілген адамдар қажет. Мемлекеттің болашағы — жас ұрпақ. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, бүлдіршіндердің бойына ұлттық салт-дәстүрді сіңіріп, оларды халықтық тағылым нәрімен сусындатып, танымдық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу керек. Осы бағытта халықаралық «Step by step» технологиясының маңызы зор. Әрбір мектепке дейінгі тәрбие беретін мекеме – мемлекеттің шағын жанды бөлшегі. Ал әрбір бала- қоғамның дербес мүшесі. Еліміздің бүгіні мен ертені болашақ ұрпақ қолында екенін ескере отырып, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттырып, халықтың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында 2008 ж бастап қолданылады.

Даму ортасының негізінде тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім беру мекемесі, баланың тұлғасын дамытуда оның жеке ерекшелік мүмкіндіктерін ашып, таным белсенділігін қалыптастыру мақсатында мынадай міндеттерді шешуі шарт.

- Баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау;

- Әр балада оның жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашып, олардың өмір сүруге қажетті салаларға орнығуына мүмкіндік көрсету;

- Әр баланы тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуге және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдарды іздестіру;

- Әр баланың тұлғасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз ететін қарым - қатынасты орнату;

- Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдістерге бағдар жасау;

Сондықтан, «Step by step» технологиясы бойынша ата-аналар берілген білімді үйде бекітіп, толықтыруға көмектеседі; тәрбиешілер балалардың үйдегі үйренгенін оқу бағдарламасын игертуге пайдаланады. Мұнда ата-аналардың қатысы қандай түрде болмасын қолдау табады: олар тәрбиешіге сабақ үстінде көмектесуі мүмкін; ата-аналар алқасы салмақты шешімдер қабылдауға белсенді қатысады; олар балаларының жақсы жақтары мен көмек қажет ететін әлсіз жақтары туралы мәліметтер бере алады. Балабақша мен отбасының байланысы тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара құрметі мен сеніміне және әріптестік қарым-қатынас орнату үшін бірлесе күш жұмсауында.

«Step by step» технологиясы бойынша жұмыстануда тәрбиешінің қызметі «Step by step» технологиясымен  жұмыс істейтін топтардағы тәрбиешілер мәлімет беруші емес, бағыттап, танымдық процесті жеңілдетеді.

Ол біліктілікті ынталандырып, оқуға деген жауапкершілікті бөліседі; ол топтағы ортаның қауіпсіздігін жоспарлайды. Тәрбиеші балаларды түрлі материалдармен қамтамасыз етеді және қоршаған ортамен шектеусіз қарым-қатынас жасауға қолайлы жағдай туғызады. Тәрбиеші балаларға ашық сұрақтар қою арқылы балалардың зерттеу мен жаңа мәліметтерді игеруіне көмектеседі. Ашық сұрақтарға бірнеше жуық жауаптар берілуі мүмкін. Олар сонымен қатар баланың ойлау жүйесін түсінуге мүмкіндік береді. Сұрақ-жауап ойлауды ғана емес, баланың тілін де дамытады. Тәрбиеші балалармен бірге ойнайды,  әңгімелеседі. Ол балалардың білсем деген ынтасын бөлісіп, олар ұйымдастырған заттың бәріне қызығушылық танытады.

«Step by step» технологиясы арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде   балаға өз бетімен жұмыстануға жағдай туғызады. Балалар да өздерінің мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына сай жұмыс түрін  таңдау арқылы жекешелендіруді жүзеге асырады. Қызықты, әрі икемделген жұмыс түрлерін (тапсырмаларды) жоспарлап, әр баланың қалай орындағанын немесе ойнағанын бақылай отырып, тәрбиеші материалдар мен тапсырмаларды ауыстыруы, не жеке балаға бейімдеп өзгертуі мүмкін. Әр баламен жеке жұмыс жасау үшін топтық жұмыстарды шағын топтарда өткізу тиімді. Осындай көзқараспен оқыту баланың өз деңгейінде өсуі мен дамуына игі әсер етеді.   Орта қауіпсіз, жайлы, қолайлы, орта көп қызметті, вариативті іс-әрекет өзгеруіне байланысты өзгере алатын алғашқы дүниетанымдық мағлұмат бере алатын орта болуы тиіс.

Дамыту орталары заттар мен ойыншықтарды балалардың еркін қолдана алуын, тілінің, танымдық, эстетикалық дамуын, баланың ізденімпаздық қабілетінің дамуын,     технологиясымен жұмыс жасайтын топтардағы ахуалдың өзі балаға өз бетімен таңдау жасауға мүмкіндік беруін қамтамасыз етуі керек.

 

                                                             


Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі –еліміздің болашағы. Заман ағымының өзгеруіне байланысты мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жаңа талап - міндеттер қойылуда.Балабақшадағы балалардың жан-жақты,рухани бай,жоғары мәдениетті болып қалыптасуына ықпал ететін жаңа технологиялардың бірі – «Step by step» технологиясы.«Step by step» технологиясының ең басты ерекшелігі-әр балаға деген жеке-дара көзқарас.Ал ұйымдастырылған іс-әрекеттер белсенділік орталықтарда жүргізіледі.Бұл жаңа стандарттың талаптарын орындауға өте ыңғайлы.


Мақсаты: «Step by step»  технологиясының мақсаты: балалардың бірегей қабілеттерін дамытуға бағытталған айрықша әдістерді  пайдалану арқылы балаларды тәрбиелеу мен білім беру істерін қолдау әрі дамыту, балаларды құбылмалы әлемдегі өмірге бейімдеу, олардың өз бетінше оқып үйренуге үнемі талпынысын қалыптастыру.


Міндеттер:

  • Тәрбиелеу мен білім беру ісіне отбасын тарту, ата-аналарды педагогикалық үрдістерді жоспарлау мен ұйымдастыруға қатыстыру.

  • Мектепке дейінгі ұйымдарда «Step by step» технологиясының маңыздылығын қарастыру.

  • Жаңа технология үрдісінің талабы – балаға білім беруде мақсат қажету, іс-  

әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттыра отырып, 

баланың жан-жақты дамуына, жаңалықты тез қабылдауына әсер ету.


Технологияның ерекшелігі: Орталықтарға бөлініп, шағын топпен жұмыс атқару болады. Яғни,  балаларды бірін-бірі сыйлауға, бір-бірінің сөзін тыңдауға, ынтымақта болуға дағдыландырады. Кіріктірілген сабақтар мен оқыту барысында балалар зерттеу жұмыстарынжүргізуге үйренеді.



Жоба обьектісі: Мектеп жасына дейінгі балалардың «Step by step» технологиясын оқу іс-әрекетінің оқыту үдерісі.

Жоба пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуетін арттыру үдерісі.

Жоба болжамы: Егер баланы тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуге және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдарды іздестіретін болсақ, төмендегідей жетістіктерге жетуге болады:

- балалардың ақыл-ойы кеңейеді;

- өз бетімен еңбектену, іздену, жаңа нәрсені ойлап табу, талпыну қабілеттері ашылады;

- логикалық ойлауы, ой- белсенділігінің артуы;

- өзін-өзі бағалай білуі, өздігінен жетілу дағдылары қалыптасып дамиды;

- белгілі бір іс-әрекетті орындағанда жігерлі еңбек етуі, шығармашылық тапқырлығы үстей береді.

Жоба әдісі: осы зерттеп отырған мәселеге байланысты психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау. Педагогикалық жаңа технологиялар мен әдіс тәсілдердердің тиімді жолдарын қарастыру.

Жобаның практикалық маңызы: Жоба жұмысымызда қарастырылған балалардың жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашып, олардың өмір сүруге қажетті салаларға орнығуына мүмкіндік береді.

Жобаның теориялық маңызы: Зерттеудің теориялық бөлімі оқу іс-әрекетін өткізу үшін өте қолайлы, балалардың білімін кеңейтеді, балалардың танымдық белсенділігін арттырады.

Жобаның ғылыми жаңалығы:

- Танымдық іс-әрекетінде үздіксіз өткізуді пайдалану арқылы бала жан-жақты дамудың педагогикалық негізі жасалды.

- Алғаш рет таным оқу іс-әрекетінде: әртүрлі тақырыпта әңгімелесуді өткізу, баланың жеке тұлға пікірімен санасу негізінде бала өміріне енгізудің жүйесі жасалды.

Жобалық жұмыстың құрылымы: Жоба кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын бес орталықтың сипаттамасынан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

























  1. «Step by step» бағдарламасының миссиясы – баланың бірегей қабілеттерін дамытуға және отбасын білім беру үдерісіне тартуға бағытталған өзіндік әдістемені пайдаланатын, баланы өзгермелі әлемдегі өмірге дайындайтын, тұрақты талап пен өздігінен оқу ынтасын қалыптастыратын балаға тәрбие беру мен оқытуды ізгілендіру үдерісін қолдау мен дамыту.

  2.   «Step by step» технологиясының маңызы: Технологияның балаларға іс-әрекеттерді таңдау мүмкіндігіне, зерттеу ісімен шұғылдануына, іскер және тапқыр болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар оқу-тәрбие үдерісіне отбасы белсенді қатысады. Ата-аналар жалпы ашық есік күндері өнер орталығына қатысып, өткізілген әртүрлі тақырыпқа сай табиғи материалдардан заттық мазмұнды және сәндік сурет салу, немесе сәндік бұйымдар жасауға жетекшілік етеді. Алдын ала дайындық жұмыстар жүргізіліп табиғи материал қалдықтарын жинауға көмектеседі. Ата-аналарға түсінік жұмыстары жүргізіледі. Өнер орталығында балалардың қабылдауын, көрнекі-бейнелі ойлауын, зейінін дамытуға, дербестігімен жауапкершілігін қалыптастыру, ұсақ саусақ қозғалыстарын, ептіліктерін дамыту арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Алтын күз апталығына орай ұйымдастырылған «Ертегі ата-ана көзімен» атты тәрбиелік шарада ата-ана мен балалар бірлесе күзгі өнім әртүрлі көкөністерден ертегі кейіпкерлерін жасады.  Ата-аналар өз балаларының алғашқы ұстаздары мен адвокаттары. Балабақшадағы балалардан коммуникативтік тілдік құзіреттілікті меңгерген, ана тілі мен ұлтаралық тілді меңгеруге мүмкіндігі бар, ересектермен және құрдастарымен еркін қатынас жасайтын мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыруда ата-анамен тәрбиешілердің бірлесе жұмыстануының маңызы зор.

  3. Дамыту орталық бойынша «Step by step» технологиясының қолданылуы: Оқу іс –әрекеттеріне қолайлы  әдебиет, құм және су, ғылым , бейнелеу, манипулятивтік, құрастыру, желелі ойын орталықтары жұмыс жасайды.

Дамытушылық ортасы дегеніміз - балалардың қызығушылығын туғызатын алуан түрлі, тартымды материалдар ашық қолжетімділікте болатын,педагог жасаған зат - кеңістік ортасы; ондағы балаларды оқыту және тәрбиелеу жағдайы әрбір балаға өзінің жеке қарқынмен дамуға мүмкіндік береді.


Әдебиет орталығында жасына лайықты көркем әдебиет шығармаларын оқып беріп,оқылған шығарма мазмұнын әңгімелетуге,мақал-мәтел оқу, жұмбақ жасыру арқылы балалардың тілін ширатып, көркем сөз өнерін сүйе білуге баулып, адамгершілік сапалары игертіледі. Мазмұнды суреттер арқылы жүйелі сөйлеп құрап, сөйлеуге үйретіледі.

Құм мен су орталығында сезім қабілеттері дамиды, кеңістік және көлемдік өлшеу түсініктері қалыптасады, ірі және майда қозғалыстары жетіледі.

Ғылым орталығында Баланың табиғатқа деген сүйіспеншілік,қамқорлық қарым-қатынасын қалыптастыру мақсаты көзделеді. Жануарлар дүниесі мен өсімдіктердің құпия сырларына деген қызығушылығы әртүрлі зерттеу, іс-тәжірибе жүргізу, бақылау жұмыстары арқылы артады.

Желелі ойын орталығында желілі-рольдермен танысуға мүмкіндік беріліп, әлеуметтік дамуы мен қатар қарым-қатынас ептіліктері де ойын үстінде дамиды.

Орталықтардағы жинақталған материалдар балалардың белсенділігін ынталандырады, олардың барлық бес сезімін ашып, қолдануға итермелейді. Тәжірибе жасап, зерттеп, жаңалықтар аша отырып, балалар өз «болжамдарының» дұрыстығын тексереді, білімді өзіндік жеке тәсілмен игереді. Дәл осындай әдіспен балалар мәселе қойып, оны шешуге, сын тұрғысынан ойлауға, таңдау жасауға және түсініктер қалыптастыруға үйренеді. Еш уақытта кіші жастағы балаларды өздерін қызықтырмайтын тапсырмаларды орындатуға,  тақырыптарды оқып үйренуге мәжбүрлеуге болмайды. Топтың ішкі көрінісі балаға орталықтар мен материалдарды таңдауға мол мүмкіндік беретіндей жағдайда ұйымдастырылуы тиіс.

Топта балалармен өткізілетін әртүрлі сабақтарды ұйымдастыра отырып, тәрбиеші барлық үйде болатын, әдетте тасталатын алуан түрлі материалдарды қолдануы мүмкін. Әрбір тәрбиеші белгілі бір сабақтарға қажетті материалдардан «тілек» тізімін жасап, оны жинауға ата-аналар мен балаларды қатыстыруы керек. Бұл тізімді ата-аналарға арналған хабарландыру тақтасына, немесе жеке жазып беруге болады. Материалдар төмендегідей болуы мүмкін:

- табиғи - тастар, тұқымдар, жапырақтар, таяқшалар, қабықтар; - тұрмыстық – түрлі ыдыстар, пластикалық бөтелкелер, банкалар, тамаққа қосылатын бояулар, ағаш және темір қалдықтар, әжетхана қағазы, газеттер, пенопластар, картон қораптар, бөтелке қақпақтары, шегелер, шуруптар, мата қиықтары, азық-түлік қораптары, қаптайтын материалдар, журналдар, календарлар, үй бұйымдарының сынықтары. -  жұмыстан немесе дүкеннен әкелінген материалдар - еденге төсегіштің қалдықтары, оқшауланған сымдар, ағаш сынықтары, ағаш үгінділері, пайдаланылған принтерге арналған қағаздар, қажетсіз деп тасталған әртүрлі заттар.

Барлық жиналған материалдарды жүйелеп жазып, реттеп, қажет уақытында алуға ыңғайлы жерге сақтау керек.

«Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» бес білім салаларына байланысты балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті педагог-тәрбиешінің  шығармашылық  ізденісі арқылы, педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда педагогтар жаңашыл тәсілдерді пайдалануы жақсы нәтижелер көрсетуде.

4. Бағдарламаның негізгі міндеті – демократиялық қоғамның лайықты мүшелерін тәрбиелеу. Жеткіншектердің бірегей қабілеттерін дамытуға бағытталған айрықша әдістерді пайдалану арқылы балаларды тәрбиелеу мен білім беру істерін қолдау, әрі дамыту және отбасын білім беру ісіне араластыру, балаларды құбылмалы әлемдегі өмірге бейімдеу, оның үнемі өз бетінше оқып үйренуге талпынысын қалыптастыру.

Бағдарламаның мақсаты - әр баланың жеке қабылдауы мен даму кезеңдерін есепке ала отырып оқыту.

Жекешелендіру – бұл баланың күнделікті дамуын есепке ала отырып, сабақтар мен тапсырмаларды әр бала жетістікке жете алатындай етіп жоспарлау. Балаға арналған орта да жекешелендіруге жағдай туғызады. Балалар да өздерінің мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына сай жұмыс түрін таңдау арқылы жекешелендіруді  жүзеге асырады.  Таңдау  «Step by Step» бағдарламасымен жұмыс жасайтын топтардағы ахуалдың өзі балаға өз бетімен таңдау жасауға мүмкіндік береді.

Ата-ананың қатысуы «Step by Step» бағдарламасы бойынша ата-аналар берілген білімді үйде бекітіп, толықтыруға көмектеседі; тәрбиешілер балалардың үйдегі үйренгенін оқу бағдарламасын игертуге пайдаланады. Балабақша мен отбасының байланысы тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара құрметі мен сеніміне құрылады.



Орталықтың  басты іс-әрекеттері:

• 0-12 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы демократиялық қағидаларды қолдау;

• Білім беру ісіне отбасын, қоғамды тарту;

• Баланың жеке басының ерекшеліктерін еске ала отырып оқыту және тәрбие ісін ұйымдастыру, баланың табиғи қабілетін қалыптастыру мен дамыту;

• Мектеп жасына дейінгі мекемелерден бастап жоғарғы мектепке дейінгі барлық деңгейдегі педагогтарды оқыту;

• Білім беретін мекемелердің барлығымен бірлесіп қызмет ету, бағдарламаларды толығымен қамтып енгізу;

• Бағдарлама бойынша жергілікті оқу орындарының іс-әрекетін ұйымдастыратын аймақтық оқыту орталықтарын құру.

Бағдарламаның балаларға ұсынатындары:

• Іс-әрекеттерді таңдау мүмкіндігі

• Зерттеу ісімен шұғылдану

• Проблеманы қою және шеше білу

• Іскер және тапқыр болу

Отбасының оқу-тәрбие ісіне қатысы:

• Ата-аналар өз  балаларының алғашқы ұстаздары мен адвокаттары.

• Олардың педагогикалық процесстерді жоспарлау мен ұйымдастыруға қатысулары балалар мен ата-аналардың өздері үшін де айрықша маңызды.

• Сабақ, бірлесіп өткізілген семинарлар, сұхбаттасу, үйлеріне бару, ақпараттармен алмасу арқылы тығыз қарым-қатынас орнатуға ат салысады.

Бағдарламаның басты бағыты:

• Әлеуметтік әділдік жолындағы білім

• Әлеуметтік инклюзия

• Ата-аналармен жұмыс

• Сапалы білім беру, жету жолдары, стандарттар, индикаторлар.

      ♦ Бір жастан бастап алты жасқа дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің базалық мазмұны

Стандарт тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнына нормалар мен талаптардың жүйесін белгілейді, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты (1 жастан 6 жасқа дейін) жүктеме көлемін анықтайды. Жалпы білім беру бағдарламаларын, оқу-дидактикалық құралдар, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу барысында баланың әлеуетін жүзеге асыруға бағытталған осы құзыреттілікті ескеру қажет.

♦ Педагогтар мен мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын талаптар Педагогикалық процесс балалардың шығармашылық, зерттеу қызметтерін жүзеге асыру үшін орта құру арқылы олардың өзара іс-қимылдарын ынталан-дыратын жекелеген мұқтаждықтарын есепке ала отырып ұйымдастырылады.

Педагогикалық процесс баланың когнитивті қабілеттерін, қабылдау және жетістік уәждемелерін дамытуға, ал оның қағидалары балалармен жұмыс істеу-дегі қызметін шоғырландыру, теңестіру және дербестендіруге бағытталған.

Топтар градациясы:

1. Ерте жас – бірден үш жасқа дейін. Педагогикалық үрдіс ойынды барлық қызметтің негізі ретінде қарастырады – тілді, сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен қарым-қатынаста болу.

2. Мектепке дейінгі кіші топ – үштен бес жасқа дейін. Бүкіл қызмет ойындық үлгі негізінде құрылады: өлеңцер, ертегілер, әңгімелер, қойылымдар және т.б.

3. Мектепке дейінгі жоғары топ – бестен алты жасқа дейін. Сөйлеу қызметін, мемлекеттік тілді, сауаттылық негіздерін меңгеру.Базистік оқу жоспары оқу жүктемесінің аясын әрбір жас кезеңіне белгілеп, материалды игеруге уақыт бөледі және оқу жоспарын әзірлеуге арналған негіз ретінде саналады.

Базалық тәрбие мен оқыту баланың мынадай біліктіліктерін қалып-тастыруға бағытталған:

1. Денсаулық сақтаушы – денелік және эмоционалдық (көңіл-күйлік) дамыту.

2. Коммуникативтік – тілдік – қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауда тілді дамыту.

3. Танымдық – зияттылықты дамыту.

4. Шығармашылық – танымшылдыққа уәждеу.

5. Әлеуметтік - өмірлік дағдыларды дамыту.



5. «Step by step» технологиясындағы тәрбиешінің рөлі: «Step by step»технологиясы бойынша жұмыс істейтін тәрбиешілер балаларды көпшіл болуға және көп білуге құмарлығын оятуға, мәселелік жағдайларды шеше білуге үйретеді. Жеке және топтық оқыту ата-аналардың келісімімен, арнайы міндеттер төңірегінде жоспарланып отырылады. «Step by step»технологиясы бойынша жұмыс істейтін тәрбиешілердің қызметін бақылау үшін ұсыныстар жасалып, оның нәтижесінде тәрбиеші дайындығының психологиялық-педагогикалық деңгейі, педагогикалық құзыреттілігі топпен, жекелей оқытуды ұйымдастыруы, жоспарлауы, бала қызметін бағалауы, отбасының топ өміріне қатысуы бағаланады. Тәрбиешілер өз кәсіби шеберлігіне сын көзбен қарай отырып, өзіне өзі баға беру мүмкіндіктерін меңгереді. «Step by step»технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан – дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан да қазіргі таңда әр тәрбиеші өз қызметіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды,жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.








































Қорытынды


Мектепке дейінгі балалардың дамуы мен тәрбиесіне, оқытуына жағдай жасауда «Step by step»технологиясының  тиімділігін алынған нәтижелер дәлелдейді. «Step by step» технологиясы педагогикалық ұжымға оқытудың жеке тұлғаға бағыттау қағидаттарын  арқау етуге мүмкіндік жасады. Мұндай оқыту жеке тұлғаның білімін, зейінін, қабілетін және негізгі бақылау міндеттемесін, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттілігін, белсенділігін, біліктілігін, тілдік, әлеуметтік еркіндігін, мінез-құлқын, өздік ойлау қабілетін және өзін-өзі бағалауының қалыптасуына мүмкіншілік жасайды. Тәрбиеші өзінің көздеген мақсатына тиімді жолмен жетсе, бала тұлға болып қалыптасу жолындағы негізгі қасиеттерді бойына қалыптастырады.

Бүгінде балабақша жалпыға міндетті үш қадам бойынша жұмыс жасап келеді. Осы жылдан бастап «Step by step» технологиясы енгізіліп, ондағы орталықтар бойынша балалар зерттеу бағытында, еркін ойнауға, өз ойын ашық білдіруге мүмкіндіктері бар. Жалпы алғанда «Step by step» бағдарламасы баланы жан-жақты дамыту және ата-анамен тығыз байланыс орнату секілді екі бағытта жұмыс жасайды. Ең негізгісі ата-аналардың  оқыту процесіне еркін қатысуларына жағдай жасалуда.

Қазақстан республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында «Бүгінгі қазақстандық білім беру жүйесінде оқу – тәрбие үрдісіндегі тәжірибеге жеткілікті көңіл бөлінбейді, баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру әлсіз...», «Барлық оқу - тәрбие үрдісі ескі әдістемеге сүйенеді...» делінген. Қазақстан республикасының білім беру жүйесінде жаңа әдістеме мен технологияларды қолданып, сапалы жаңғырту қажет. Мектепке дейінгі ұймдар мен бастауыш мектептің педагогикалық үдерісінде қолданылатын озық халықаралық бағдарламалардың бірі - «Step by step».

Топтардағы жұмыс үшін дайындалған «Step by step» әдіснамасы ата-ананы, жанұяны, қауымдастықтарды педагогикалық үдеріске жүйелі тартатын және балаға бағдарланған мәні зор әдістемелердің бірі болып табылады.

«Step by step» бағдарламасы арқылы педагогтар баланы өз бетінше өмір сүруге дайындауға саналы ойлауға, тез өзгермелі заманға қажетті дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.



















Қолданылған әдебиеттер тізімі


  • Назарбаев Н. Қазақстан-2050 (Ел Президентінің Қазақстанхалқына Жолдауы). – Астана, 2007жыл

  • Аверин  В. А.  Психология  детей  и  подростков.  СПб.,  1998.

  • Байшүкірова  А.  Баланың  дүниеге  ретінің  интеллектіге  әсері.

  • Қазақстан  мектебі,  2004,  №10.

  • Бабенко А. Помочь ребёнку [адаптироваться в детском саду] Дошкольное

  • воспитание.  - 1990. - №11. - с. 32-34

  • Балабақшаға  арналған  ойыншықтар  мен құралдар.  Алматы,  1988.

  • «Балабақшада  оқыту  және  тәрбиелеу  бағдарламасы».  Алматы,  1989.

  • Балаңыз  мектепке  дайын  ба?  Психологиялық  тапсырмалар  мен  ойын,

  • жаттығулар.  Астана,  2003.

  • Безруких  М.  Почему  учиться  трудно?  Москва,  1995.

  • Белкина В.Н., Васильева Н.Н., Елкина Н.В. и др. Дошкольник: обучение и развитие. Воспитателям и родителям. - Ярославль: Академия, 2001.

  • Іс-тәжірибеден. Пікір жазғандар: Дмитиенко Е.А., Тасжүрекова Ж. Соросовский «Step by step» білім беру орталығы. – Алматы 2002.







17