СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сценарий қыз аруы байқауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қыз аруы байқауы сценарий құрметті ұстаздар мен оқушылар

Просмотр содержимого документа
«Сценарий қыз аруы байқауы»



«Қыз аруы» байқауына байланысты сценарий

1 жүргізуші: 

Құрметті ұстаздар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық тілей отырып, жүздеріңізден қуаныш пен шаттық кетпесін.- дегім келеді.

2-жүргізуші:

Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. Қыздарымыз халқымыздың ізгі қасиеттері: имандалық, ізеттілік, ісмерлік, жан-жақты білімді болуға, әсемдікті, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу мақсатында және табиғат сыйлаған қасиеттерін ашу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Көктем аруы» байқауына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар ортаға шығады)

2-жүргізуші:

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.
(Ортаға сайысқа қатысушы қыздарымыз шығады)

1-жүргізуші:

Байқаудың шарттары төмендегідей:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін өлеңмен, әнмен таныстырады)

2. «Өз өнерін көрсету»
(ән айту, би билеу, күй тарту)
3. «Көктемгі сән үлгісі»
(музыка ырғағымен сәндік киім үлгісін көрсету)

2-жүргізуші:

Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. ____________________________
2. ____________________________

3. ____________________________
1-жүргізуші: 

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.

Байқаудың І кезеңі «Мен қазақтың қызымын» таныстыру бөлімі
- қатысушылар өздерін өлең, ән, көрініс, видеоролик, презентация, немесе креативті интервью т.б. түрде таныстыра алады

- регламент – 3-5 минут

Әділ-қазылардан арулардың бағасын күтеміз.

2-жүргізуші:

Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.


Байқаудың ІІ кезеңі «Өз өнерін көрсету»

- ән айту, би билеу, күй тарту т.б

- топпен/сыныппен жұмыс

- регламент – 5-7 минут
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз.

1-жүргізуші:

Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады –деп, аруларымыз сәндік киім үлгісін көрсетеді.

Байқаудың ІІІ кезеңі «Көктемгі сән үлгісі»

- табиғи материалдарды (фольга, қағаз, гофрленген қағаз, резеңке, пакет, т.б) қолдану арқылы көктемгі киім үлгісін жасау
- көктемгі киім үлгісіне қысқаша презентация

- музыка ырғағымен сәндік киім үлгісін көрсету

- регламент – 3-5 минут



2-жүргізуші:
Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты

1-жүргізуші:
Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге берелік.
____________________________________________________________

Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі.

2-жүргізуші:

Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!