СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сценарий "Аяулы анашым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ересек топ балаларына арналаған  наурыз аналар мерексіне мерекелік сценарий балаларға арналаған  

Просмотр содержимого документа
«сценарий "Аяулы анашым"»

Аяулы анашым!


Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын!

Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе?Сол құдірет иесінің алдында бәрімізде бас июге тиіспіз.

Құрметтейік , о адамдар, аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды

Себебі ана деген асыл жан ғой ,

Ойлауменен істелік әр қадамды

Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегім келеді.Бүгінгі мейрамдарыңыз құтты болсын!Шаңырақтарыңызға тек қана шаттық пен қуаныш тілейміз.Бүгінгі бүлдіршіндеріміздің өздеріңізге арнаған мерекелік ертеңгілімізге қош келдіңіздер!

(Залға балалар гүлдерімен кіріп билейді)

Жүргізуші:Балалар бүгін қандай мереке?

Балалар: Аналар мерекесі.
Жүргізуші: Бұл мереке қай кезде болады?

Балалар: Көктемде.

Жүргізуші: Жарайсыңдар!

Жүргізуші: Онда аналарамызыға арнап әдемі ән шырқайық
Ән: (Аналардың тілегі)

Тақпақтар:

Рахат :

Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсың мейрамың,

Құттықтаймын анашым!

Камила:

Бізді өсіп баптаған,

Жақсы болса шаттанған,

«Алтыным» деп мақтанған

Айналайын ақ мамам!

Аян:

Сеніміңді ақтаймын

Еркелеткен балаңмын

Аман жүріп әрқашан

Мұңаймашы анашым

Дамира:

Мейірімді сымбатты

Қадірменді қымбатты

Ең жақын жан балаға

Кім десеңдер, ол- ана

Дильназ:

Әр сөзіңді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам.

Айналайын ақ мамам!

Данияр:

Ана-біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар балалар бүгін барлығымызда қызыл түсті банттар тағып әдіміленіп келген екенбіз, көтеріңкі көңіл күй қанша банттар екенін санау мүмкін емес, тіпті шатасып кетіп жатырмыз.

Ойын: «АНАҢДЫ СӘНДЕ»

(5 қыз бала шығып аналарын сәндеп киіндіреді.)

(Әуенмен зал ішіне Кикимора кіріп келеді)

Кикимора: Мен, мен білем мұнда қанша бантик бар екенін.

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, сен кімсің?

Кикимора: Сәлем бердім бәріңе! Мені танымадыңдар ма? Мен сұлу билегенді жақсы көретін Кикиморамын барлықтарың сәнденіп, таранып әдемі киімдерімді киіп мерекеге барайын деп жатырсыңдар ма?

Жүргізуші: Сен бізге мерекеге түстің. Бүкіл балалар аналарын, әжелерін және қыздарды құттықтап жатыр.

Кикимора: Немен құттықтап жатыр? Қандай мереке? Неге мен ештеңе білмеймін?

Жүргізуші: Бүгін халықаралық 8 наурыз әйелдер күні

Кикимора: Ой, қандай бақыт!Ә Мен де әдемі қызбын ғой, ендеше мені де құттықтаңдар!

Жүргізуші: Әрине, мерекеңмен! Кикимора сен бізге осында қанша бантик бар екенін санап айтамын деп едің ғой.

Кикимора: А иә көп өте көп менде 3-еуі бар мен Кикимора болсамада модадан қаламаймын қараңдаршы башмағымдада бантик бар, ой менің екінші башмағым қайда кеткен?

Кикимора: Ойбай менің екінші башмағым қайда? балалар көрмедіңдер ме? (іздеп табады).Міне қараңдар менің башмағым қандай әдемі мен оларды қатты жақсы көремін.Арнайы бантикте байлап қойғанмын.

Жүргізуші: Тоқта, Кикимора бүгін мереке ғой аналарымызға тілектер айтуымыз қажет.

Кикимора: Жарайды мына әдемі балалар қандай тілектер айтады екен менде осыларға қосыламын, себебі бала деген періште әрбір тілегі қабыл болады.

Жүргізуші: Онда тыңда Кикимора біздің балалар шеттерінен өнерлі тақпақтарында әдемі айтады.

Тақпақтар:

Малика:

Аналарды сүйеміз,

Айтқанын ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Жанали:

Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән, беретін гүлім дайын.

«Әжетай, сені жақсы көремін деп»

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

Димаш:

Аялы алақан

Әлпештеген өсірген

Аяулы жан анам

Қатемді кешірген

 Әмір:

Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді ол кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

Әмірхан:

Ақ арман –аппақ анам,

Өзіңсің бақ та маған.

Шығамын ақ сүтіңді,

Қалайда ақтап анам.

Тайырхан:

Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір бірден

Анаға сыйлаймыз

Кикимора: Ой, қандай керемет, көңілім көтеріліп билегім келіп кетті ғой әуенге билейді

Би «Қыздар» Индия

Жүргізуші: Сен өзі әдемі билейсің ғой. Біздің балалар да әдемі билей алады.

Кикимора: Ой мен әрине әдемі билеймін.

Жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай

Мейірімің күннің шуақшақтарындай .

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Ойын: «»

Тақапақтар:

Сатти:

Анасыз жоқ бір күнің.

Ұсынамыз біз бүгін,

Жырдың сұлу шоқ гүлін,

Ұсынамыз, Ұсынамыз,

Жырдың сұлу шоқ гүлін.

Адия:

Шалқып-тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Ана сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

Әлім:

Бізді өсірген апатай

Еңбегің де зор екен

Құтты болсын апатай

Құтты болсын мереке.

 Диас:

Еркелесем күнім дейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

Құлыншағым күнім дейтін

Дария:

Айсұлу:

Абай:

Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың,

Аман – сау бол, ақ мамам.

Әбілмансұр:


Аружан:

Мамам , менің ақ мамам,

Гүлді м аған баптаған,

Жырды маған жаттаған

Жұрттың бәрі мақтаған

Дильнура:

Ай қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым,

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым!

Анель :

Ақ анашым аппағым,

Өзің жайлы тақпағым.

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрінде.


Ақтай:

Осы тойда біздер де,

Өте жақсы көреміз,

Анаға да, әжеге

Гүл әкеліп береміз.

Данияр:

Ана – бізідің күніміз

Ананың біз гүліміз,

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

 Ән : «Әже» қыздар

Жүргізуші:

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек,

Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.

Иықтан шашың төгіліп жерге,

Күмісті шашбау жарасып белге, - дегендей келесі кезек биге береміз.

Би:

Ән : Адия

Кикимора: Балалар мен сендедің меркелеріңе құр бос қол келген жоқпын сендерге арналған тосын сыйым бар, қабыл алуға дайынсыңдар ма? Ай, бірақ ойланып қалдым, берсем бе екен бермесем бе екен ааа?

Жүргізуші: Кикимора мұның әділдікке жатпайды сен барлығымзды үміттендіріп қойдың ғой, олай алдаға болмайды.

Кикимора: Ой м ен жәй ойнап айтып едім ренжіңмеңдерші енді.

(залға торт алып кіреді) Мерекеден кейін топта тарататынын айтады.

Жүргізуші: Видо құттықтау. Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып ертеңгілігімзді аяқтаймыз. Көктемдей құлпырып жайнап, айналаны құлпыртып жүре беріңіздер, отбасыларыңыздан береке кетпесін,келгендеріңізге рахмет!





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!