Просмотр содержимого документа
«"Су асты әлемі" Жылғалардан су ақты»
Екінші кіші «Жұлдызша »тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:04.04.18ж
Тәрбиеші:АбеноваМ.К..
Білім беру саласы:»Коммуникация»
Өтпелі тақырып: Жылғалардан су ақты
Пән: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Су асты әлемі
Мақсаты:
Тәрбиелік:Үлкендермен,достар арасында әдептілікке,табиғатты сүюге,оған қамқор болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балаларға су асты әлемі туралы түсінік беру,су асты тұрғындарын дұрыс атауға үйрету,сөздік қорын толықтыру.
Оқыту: Су асты әлемі балықтар туралы білімдерін терендету.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы,
дамыту технологиясы,монтесори технологиясы,ақпараттық технологиясы.
Ресустармен қамтамасыз ету:
Блингвальдық компоненті : балық-рыба
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын.
Шешуі біздің оқу қызметінің тақырыбы болады.
Жұмбақ жасыру.
Суда өседі, өнеді, сыртқа шықса өледі.
- Балалар, қазір жылдың қандай мезгілі?
- Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
- Ағаштар бүршік жарады.
Су асты әлемін көргілерің келе ме?
Сурет бойынша әңгіме жұргізу
- Балалар мынаған қараңдаршы, бұл не?
- Оның ішінде нелер жүзіп жүр? - Балықтар жүзіп жүр.
- Оларға не береміз? - жем береміз.
- Қандай түсті балықтар жүзіп жүр? - Қызыл, сары, қара.
- Балықтың қандай дене мүшелері бар? Басы, құйрығы, қанаттары.
- Сендер қандай балықтың түрлерін білесіңдер?
- Біздің өзенінде: жайын, көксерке, шортан, табан балықтар бар.
Сергіту сәті:
«Балықтар»
Суда жүзді балықтар,
Оңға, солға жүзеді.
Жүзіп, жүзіп шаршаса,
Тас түбіне тығылды.
Д/о: «Не қайда мекендейді»
Өзен мен теңіздің суреті берілген. Не қайда мекендейтіндерін балалар өздері апарып қояды. Сазан, табан, теңіз жұлдызы, итбалық
Дидактикалық ойын:
«Суреттерді ретіне қарай топтастыр»
Ойынның шарты: Суда тіршілік ететін жануарлар мен жерде тіршілік ететін жануарлар суреттері берілген.Осы суреттерді ретіне қарай топтастыру қажет.Ол үшін теңіздің суреті бейнеленген суретке суда тіршілік ететін жануарлар суретін,ал жердің суреті бейнеленген суретке жерде тіршілік ететін жануарлар суретін топтастыру.
Қорытынды: Біз не білдік? Судың асты әлемінде нелер мекендейді.