-Сәлеметсіңдер ме,балалар! Ширату жаттығу.* Аппақ көше, бар дала, Аппақ ой мен қыраттар. Ақ шатырлы қар қала, Ақ жамылып тұр бақтар. Өзектендіру.* 1.Суда толық еритін заттардың астын сыз. Бор,қант,кофе, топырақ,ағаш,какао,тұз,сода,темір,шыны. 2.Осы затарды төмендегі қасиеттері бойынша кестеге орналастыр. ерітінділер | Не үшін қолданады? | Әктас ерітіндісі | Ғимараттарды,үйлерді ағарту үшін,ағаштарды әктеу үшін | Йод ерітіндісі | Жарақатты залалсыздандыру үшін | Тұз ерітіндісі | Көгөністер мен жемістерді тұздап,консервілеу және тағамның дәмін келтіру үшін | 3.Су туралы мақал –мәтел жаз. Өзін-өзі тексеру -Сонымен бәздер өткен сабақта судың қандай қасиеті туралы білдік,зерттедік? -Суда ерігіштік қасиеті бойынша табиғаттағы заттар қандай түрлерге бөлінеді? -Табиғатта су қайда кездеседі? -Мұндай су көздерін таза деуге бола ма? -Табиғаттағы барлық су көздері таза бола бермейді.Олай болса олардың құрамында нелер болуы мүмкін? -Мына слайдтарға қарап өз пікірлеріңізді айтыңыздар. (Бейнебаян бойынша табиғатта адамның тұрмыс және өндірісі судың ластануына алып келетініне мысалдар келтірілген). -Бүгінгі сабағымыздың мақсаты не деп ойлайсыңдар? -Судың ластану себептері және ластанудан қорғау туралы әңгімелейміз. (Т)-Суды кім ластайды?Су өзінен –өзі ластануы мүмкін бе?Лас судың зардабын кім шегеді?Осы сұрақтарға жауап табу үшін топпен жұмыс жүргіземіз. Оқулықты және суреттерді қолданамыз,презентациядағы мәліметтерді пайдаланамыз. Зертте.(жұппен жұмыс) -Қандай аурулар су арқылы жұғады?Осы аурулар су арқылы жұқпас үшін не істеу керек? -Зиянды аурулардан сақтану ережелерін құрыңдар. |