| Ұйымдастырушы лық ізденушілік | Жарайсыңдар, біз қазір Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерей тойын тойлағалы жатырмыз. Осыған орай біз әжемізді құттықтауға ауылға барамыз. Ауылға поезбен барамыз. Поезға мінетін билеттерді де сендерге алып қойдым. Поезд келіп барлығы жолға шығады. Тәрбиеші: Жол ұзақ. Әжеміздің үйіне де жақындап қалдық. Тәрбиеші: Әжеміздің үйі неге сонша түссіз болып кеткен, үйдің іші кемпірқосақтың жеті түсімен көмкеріліп тұратын. Қылқалам: Сәлеметсіңдерме , балалар. Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Тәрбиеші: мұнда неге бәрі көңілсіз? Қылқалам: бұрын әжеміз бәрін өзі бояй беретін, ал қазір ол шаршады, мені пайдаланатын ешкім болмай жүр. Тәрбиеші: Сен Қылқалам мұңамайма, біздің балалар саған және әжеме көмектеседі. Солай ма балалар, көмектесеміз бе? Қылқалам:Сендер сурет сала аласыңдарма? Тәрбиеші: Сурет өнерінің жанрлары жайлы тақпақтарын айтып берсін. Тәрбиеші: Ал, енді әжеміз келгенше барлығын бірігіп бояйық. Қылқалам: Мен сондай қуаныштымын. Олай болса, бояуды ауладан бастайық Аулада дым жоқ. Ал енді, гүлді алаңның суретін салайық. Ол үшін бізге валик керек. Гүлдер пайда болады. Көбелектер өз гүлдерін таппай жылап отыр. Ал енді тауықтарға барайық. Тәрбиеші: Сен неге мұңайып тұрсың. Тауық: Мен сондай сұрықсызбын. мен өте сұлу болатынмын. Тәрбиеші: Сен тауық мұңайма. Біздің балалар сені түрлі-түсті түстер бояп, сұлу етіп салып береді. Қалам: Біз тауықты алақанымызбен саламыз. Сурет салынып біткенде тауық түрлі-түсті түстермен боялып, қуанып кетеді. Сергіту сәті: Тәрбиеші: Балалар, біз ауланы түрлі түске бояған сияқтымыз. Енді үйге кіріп үйді сәндейік. Әже келеді: Ой, қандай ғажайып, менің үйім сондай әдемі болып кеткен. Сендерге көп рахмет балалар. Тәрбиеші: Біз сізді 9 мамыр мерекесімен құттытауға келдік. Балаларымыздың осылай күліп жүргені сіздердің сол сұм соғыс жылдарында көрсеткен ерліктеріңіздің арқасында емес па. Қылқалам: Әже бізде Жеңіс күнін тойлауға бәрі дайын. Әже: Жеңіс күні бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-әжелерің күннің ыстығы,суығына карамай жауларымызбен соғысып, жеңіс күнін жақындатты. Тәрбиеші: Балалар, енді біз балабақшамызға қайтайық. | Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Балалар ауылға баратындарына қуанады. Бәрі әженің үйіне келеді Балалар қылқаламмен амандасады. Балалар әженің үйіне мұқият көңіл аударады. -ия, көмектесеміз -ия, сала аламыз. Балалар сурет өнері туралы тақпақтарын айтады. Балалар қуанады. Бәрі аулаға шығады Алаңға үлгі бойынша валикпен аққайыңның суретін салады. Жетіспейтін бөлшектерін щеткамен салады. Қолдарының көмегімен көбелекті салады. Саусақпен жәндіктерді салады Баклашкамен гүлді салады. Көбелектерге гүлдерін табуға көмектесейік. Балалар көмектеседі. Балалар тауықтарға келеді.
Балалар тауыққа көмектесетіндеріне қуанады. Балалар алақандарымен тауықтың суретін салады.
«Цып-цып» цыплятки» Өнер орталығында отырған балалар дуалда ілулі тұрған түссіз суреттерді бояйды. Стол үсті орталығындағы балалар, әжеге сыйлық ретінде майшаммен гүлдің суретін салады.
Балалар әжеге көмектескендеріне қуанады.
Балалар әженің әңгімесін мұқият тыңдайды. Балалар әжемен қоштасып,поезға мінеді |