І. Ұйымдастыру кезеңі - Саламатсыздар ма, балалар. - Отырыңыздар. - Бүгін ақпан айының нешесі? - Бүгін ақпан айының жиырма сегізі. - Бүгін аптаның қай күні? - Бүгін аптаның сенбі күні. -Сыныпта кезекші кім? - Сыныпта кім жоқ? Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Сұрақ –жауап әдісі 1.Сын есім дегеніміз не? 2.Дара сын есім дегеніміз не? 3.Күрделі сын есім дегеніміз не? 4.Негізгі сын есім дегеніміз не? 5.Туынды сын есім дегеніміз не? 6.Сапалық сын есім дегеніміз не? 7.Қатыстық сын есім дегеніміз не? ІІІ.Жаңа сабақ. 1.Оқушыларға «блум сынып» карточканы беру. 2.Жаңа тақырыптың ережесі мен мысалдар. Сын есімнің шырайлары   Салыстырмалы шырай Күшейтпелі шырай Бір заттың сындық белгісін Беллгілі бір сындық белгінің бір екінші затпен салыстырғанда нәрседен өте артық не өте кем екенің кем не артық екенің білдіретін білдіретін шырайдың түрі. Шырайдың түрі. -рақ,-рек,- ырақ,-ірек, сап, жап, үп,ап, әп -лау,-леу,-дау,-деу –тау,-теу, өте, тым, кілең, аса, ең -шыл,-шіл Кішірек, үлкендеу, ақшыл ап-ауыр, әп-әдемі өте арзан, ең биік
ІV. Жаттығумен жұмыс. 1.Тапсырма.Дұрысын тап. 2.Тапсырма.Туынды сын есімдерді тауып, талдау. Бұл – жазғы қоныс. Күшті балуандар кездесті. Қысқы ойындары Қазақстанда болды. Таулы жерде бүркіт мекендейді. Аудандық олимпиадалар басталды. Өнерлі адам өмірде өте көп. Сезгіш бала мектепте болды. Сергіту сәті. «Бір сөзбен айту» жаттығу. 3.Тапсырма.Бір зат есімге көп сын есім тауып жазыңдар. Адам (адамгершілікті, сыпайы, ақылды, мейірімді, сүйкімді, әсем, тәрбиелі, білімді, жақсы, жаман) Киім (әдемі, ескі, жаңа, жылы, жеңіл, түрлі-түсті, сәнді, ұлттық, қысқы, жазғы) 4.Тапсырма.Екінші сынарын табыңыз (антоним) кәрі жаман жеңіл ақ жаңа жас қара жұмсақ қатты ауыр жақсы ескі 5.Тапсырма.Суреттерге қарап, астына сын есімдері жазыңыз. 3мин 6.Тапсырма.Сөз тіркестерді оқып, орыс тіліне аударыңыз. 4мин Ақ сүт, ұзын көйлек, жас маман, жақсы жұмыс, ұзақ әңгіме, ыстық кез, сары жапырақ, алтын адам. 7.Тапсырма. Қала сөзіне диаманта жазу. 8-Тапсырма.Тест сұрақтары. V.Сабақты бекіту «Веер» ойыны. VІ.Үйге тапсырма беру Ережелерді жаттау VΙI.Оқушыларды бағалау 1.Блум сынып. Оқушының аты-жөні | Сұрақ-жауап | 1-тап. | 2-тап. | 3-тап. | 4-тап. | 5-тап. | 6-тап. | Диаманта | «Веер» ойыны | Тест | Қорытынды баға | Оспанова С. | | | | | | | | | | | | Петкун И. | | | | | | | | | | | | Петкун С. | | | | | | | | | | | | |