Тақырыбы: Сын есімнің зат есіммен байланысы
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға бір зат есімге бірнеше сын есім таба білуге, сын есімді зат есіммен байланыстырып сөйлем құрай білуге мүмкіндік туғызу;
Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ.Өткенді пысықтау.
12-жаттығу. 185- бет.
Алма тәрізді, сопақ, кәдімгі, пияз тәрізді, сүйір
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру:
14-жаттығу
қымбат-арзан сұйық-қою
жаңа-ескі жақсы-жаман
лас-таза ащы-тәтті
Ү. Жаңа материалмен жұмыс:
а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.
15-жаттығу.
1. Қарағай қайда өседі? Оның иісі қандай?
2. Қарағай ағашында нелер мекен етеді?
Тапсырмаларды орындау: көшіру, сын есімдерді табу. Мәтінге қандай ат қоюға болады? Бұл мәтіннің қай түріне жатады? (Сипаттау мәтіні)
16-жаттығу
Қызыл бұрыш-сопақ, қызыл, ащы. Қоян- жыртқыш, қорқақ. Күн –ашық, жылы, суық.
Тау – биік, әдемі.
Өзіндік жұмыс 17-жаттығу
Ащы, тәтті, қышқыл түсі
Сүйір, сопақ, домалақ дәмі
Кіші, үлкен, ұзын көлемі
Қызыл, қара, сары пішіні
19-жаттығу
Қар қалың. Көше түзу. Тағам дәмді.
Венн диаграммасы 21-жаттығу
Зат есім Сын есім
Ой қозғау 20-жаттығу
ҮІ. Бекіту. Терме диктант.
Балалар қысқа қашықтыққа жүгіруге дайындала бастады. Алда тегіс жол жатыр. Мұхтар мен Асан кішкентай балаларға қамқорлық жасап жүр.
ҮІ. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
ҮІІ. Үйге тапсырма: 18-жаттығу, 187- бет
Бекітемін: Күні: 7.04
Сабақтың тақырыбы : Негізгі және туынды сын есім.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сын есім туралы толық білім бере отырып, сөйлем ішінен сын есімдерді тауып,сұрақ қоя білуге баулу.Туынды сын есімнің жасалуын меңгерту. Ақыл-ой,логикалық ойлау жүйесін дамытып,сөздік қорларын жетілдіру
оқушыларды өз бетімен шығармашылық жұмыстар жасауға уйрету. Кішіпейілділікке,адамгершілікке баулу,табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін дамыту.
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,өз бетімен жұмыс,шығармашылық тапсырма,
Ой қозғау.
Көрнекілігі : мазмұнды суреттер,ереже плакат,Ойын «Алтын қақпа»,кестелер.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі:
-Балалар,әр адамның алдына қойған мақсаты болады,сол мақсатқа жету үшін адам аянбай еңбек етеді.Сол сияқты сіздердің де алға қойған мақсаттары бар деп ойлаймын. Кім айтады,сіздердің мақсаттарың не? «Білім алу».
-Олай болса, біз бүгінгі ашық сабақта «Алтын қақпа» ойынын ойнай отырып өз білімімізді көрсетеміз.
«Тас қақпа тапсырмасы»
Ақыл- адам көрігі,
Ақылдың сабыр серігі.
-Сабыр сөзінің мағынасын ашыңыз.(шыдам,тағат,төзім )
ІІ.Өткенді пысықтау 18-жаттығу.
Ескі жыл, киім, кітап. Жұқа дәптер, мата, көрпе. Қысқа жол, жіп, көйлек.
семантикалық картамен жұмыс.
| Зат есім | Сын есім | Сан есім | Етістік |
сауыншы | | | | |
қорғады | | | | |
көше | | | | |
қалың | | | | |
жүзінші | | | | |
тұнық | | | | |
өсіреді | | | | |
ІІІ.Жаңа білімді игеру.
«Күміс қақпаның тапсырмасы»
Шындық қамал бұзар.
Қамал сөзінің мағынасын ашу.(тосқауыл,кедергі,бөгет.)
Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім.
ІУ.Сергіту минуты.Күнге қарап қол созамыз, 1,2,3.
Қызғалдақтай ырғаламы 1,2,3.
Дөңгеленіп айналамыз 1,2,3.
Көркем етіп біз жазамыз.
V.Дәптермен жұмыс.
Күннің жады,тақырыпты жазу. Көркем жазу. Анам менің –ақылшым.
22-жаттығу
Ақылды,тәртіпті,білгіш,айнадай.
Ереже. Ережені оқытып жатқа сұрау.
23-жаттығу. Мақалды жатқа жазу.
Сулы жер құрақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас.
VІ. «Алтын қақпаның тапсырмасы.»
Ақылсыз адам менмен келер,
Ақылды адам кеңінен келер.
Менмен сөзінің мағынасын ашыңыз. Сын есімді тауып,негізгі немесе туынды екенін айту.(тәкаппар,өр көкірек,өзімшіл)
24-жаттығу. Сөздерді жазу. Туынды сын есімдерді сөз құрамына талдау.
3 сөзбен сөйлем құрау.
25-жаттығу. Ауызша.
Мәтіннен сын есімдерді тауып,ажырату.
27-жаттығу. Ұйқасын тауып оқу.
Тауда жүрген тарғыл аң,
Ол- қайратты ........ . (қабылан ) Ауызша.
VІІ. Ой қозғау. Шығармашылық жұмыс.
1-топ. «Менің жанұям» шағын шығарма жазу.
2-топ. Сөздерді сөз құрамына талдау.
Жұмысшыларымыз,балапандары,етікшіңіз.
3-топ. Мақалдан туынды етістікті тап.
Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала-сорлы бала.
VІІІ.Сабақты қорытындылау.
-Негізгі және туынды сын есім туралы ережені жатқа айтқызу.
ІХ.Уйге тапсырма. 26-жаттығу.Ережені жаттау.
Х.Оқушыларды бағалау.