СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сынып сағаты СПИД

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып сағаты СПИД

Просмотр содержимого документа
«Сынып сағаты СПИД»

«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

Бесқауға жалпы орта білім беретін мектебі» КММ












Тәрбие сағаты:





«Табысқа апарар жол»


3-4 сынып









Сынып жетекшісі:

Бигабулова Л.Т









2017-2018 оқу жылы

Тақырыбы: ЖҚТБ – ғасыр індеті

Мақсаты:

1. 1 желтоқсан – ЖҚТБ – пен күресу күні екенін айта отырып, оның зиянын түсіндіру, ЖҚТБ – ті жұқтырып алмау жолдарын үйрету.

2. Оқушылардың ой – өрістерін дамыту, жан – жақты білімдерін дамыту.

3.Салауатты өмір сүруге баулу, адамгершілікке тәрбиелеу.


Көрнекілігі: оқушылардың салған суреттері, ЖҚТБ туралы ақпарат, брошюралар.

Әдістері: сұрақ – жауап, түсіндіру, ассоциация,

Барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Негізгі бөлім.

ІІІ. Қорытынды

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру.

Қызығушылығын ояту.

ЖҚТБ деген не? Ол туралы не білесіңдер? (Ассоциация құру).


ІІ. Негізгі бөлім

Мағынаны тану.

1. ЖҚТБ жұқпалы ауруы 1981 жылы АҚШ – та пайда болды. Ол өте қауіпті індет. Оны «ХХІ ғасырың обасы» деп атаған. Онымен ауырған адамдарды емдейтін тиісті дәрі – дәрмек жоқ.Бұл ауру адам бойында бірден пайда болмайды. Вирус иммундық жүйесіне зақымдап, көптеген басқа жұқпалы аурулардың бас көтеруіне жағдай жасайды.

ЖҚТБ пайда болғаннан бері қанша жылдар өтсе де, одан емделіп, мүлдем айығып кеткен адам жоқ. Науқастардың аны күн сайын арта өсуде.

Бұл ауру туберкулез ауруының асқынуына тікелей әсер етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымы бойынша жыл сайын 1-желтоқсанда ЖҚТБ-мен күрес күні аталып өтеді. Қазір дүние жүзінде ЖҚТБ-мен бірнеше миллиондаған адам ауырады.

         ЖҚТБ қалай жұғады?

  • қан арқылы

  • жыныстық қатынас арқылы

  • шприц арқылы

ЖҚТБ-ден сақтану жолдар:

  • жеке 1 ғана рет қолданылатын шприц пайдалану

  • наша мен есірткіге әуестенбеу


Ситуациялық жағдай:

  1. Сіз қансырап жатқан адамға бірінші көмек көрсетуіңіз қажет. Сіз не істейсіз?

Көмек көрсететін адамға ұсыныс:

2) Жараны таза, қалың матамен қатты танып байлаңыз. Қанның сіздің көзіңізге, аузыңызға немесе зақымдалған теріңізге түспеуін қадағалаңыз. Қан аққан жерден жоғарырақ таңбаны тағу керек. Шұғыл түрде медицина қызметкерімен байланысыңыз. Дәрігерлік қызмет көрсеткеннен кейін қолдарыңызды сабынмен мұқият жуыңыз. 

3) Топқа жаңадан студент келді. Біраз уақыт өте оның СПИД-пен ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым-қатынастарыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?

 

Ой толғаныс.

Оқушылар ЖҚТБ туралы сурет салады, ал сосын сол бойынша әңгімелерін айтады.


ІІІ. Қорытынды.

Сұрақ – жауап.

ЖҚТБ деген қандай ауру?

Ол ауру қандай жолдармен жұғады?

Одан қалай сақтану керек?

 

ЖҚТБ –ғасыр індеті. Қазіргі уақытта бұл аурудың емі жоқ, бірақ одан сақтану жолдары бар. Әрдайым сол сақтық жолдарын естен шығармай, орындап жүрсең, өзіңді сақтайсың.






















ЖҚТБ қалай жұғады?

  • қан арқылы

  • жыныстық қатынас арқылы

  • шприц арқылы

ЖҚТБ-ден сақтану жолдар:

  • жеке 1 ғана рет қолданылатын шприц пайдалану

  • наша мен есірткіге әуестенбеу