Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің
№1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебі» КММ
Сынып сағаты
Тәуелсіздік жетістіктері
Сынып: 3 «ә»
Мұғалімі: Уразбаева Д.С.
2021 жыл
Сынып сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік жетістіктері»
Сынып сағатының мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту,ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру
- Сәлеметсіздер ме, балалар.Жаңа оқу жылы құтты болсын!Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тәуелсіздік жетістіктері» деп аталады.
Оқушылар тақпақтары:
Тамирлан:
Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.
Карим:
Мектеп – қамқор анамыз
Оқып білім аламыз,
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз!
Асқар:
Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз.
Бағлан:
Қару - жарақ – сабағым,
Қалам - парақ – садағым.
Жалқау менен наданды
Білімменен жығамын.
Даяна:
Салтанаты бек керім,
Міне, сынып - мектебім.
Ұстаздарым аялы,
Достарым да көп менің.
Дарина:
Бірінші қыркүйек күнімен.
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алар мектебім,
Сүйкімді қоңырау үнімен.
Жалғас:
Қоңырау сыңғырла, асыға
Үн қосқан қиядан асуға
Білім ал, еңбек ет жас ұлан
Өрле сен биiк шың басына.
Арлан:
Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма
Күлкідей әсем сылдырлап
Бөбекті жиды маңына
Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналады. Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады.Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл. «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі қазақстанның жетістіктеріне арналады.
Қазақстан жетістіктері:
1991 жыл:
1-желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз,демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды.
2-қазанда Байқоңырдан «Союз-ТМ-13» кемесімен ғарышқа қазақтың тұңғыш ғарышкері Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы ұшты.
29-тамызда ҚР президенті Н.Ә Назарбаевтың жарлығымен Семей полигоны жабылды.
1994 жыл:
Талғат Мұсабаев «Союз ТМ6» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты.
5-желтоқсанда Будапештте Ұлыбритания, Рессей және Америка Құрама Штаттарының басшылары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы Меморандумға қол қойды.
Наурыз айында ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев Еуроазиялық Одақты құру жөнінде мәселе көтерді.
ҚР парламенті стратегиялық маңызды «Мұнай туралы» заң жобасын қабылдады.
1995 жыл:
ЮНЕСКО шешімі бойынша ақыл-ойдың данышпаны қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы атап өтілді.
1-наурызда Қазақстан Республикасының президентінің Қазақстан халықтары ассамблеясын құру туралы жарлығы шықты.
30-тамызда еліміздің Ата Заңы жаңа Конституция қабылданды.
1996 жыл:
-25 мамырда Қазақстан Республикасы және Рессей Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды.
- ұлы ақын,жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың жылы деп аталып өтті.
1997 жыл:
Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы және қуғын-сүргіндерді еске алу жылы болып саналды.
-20-маусым «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заң қабылданды.
Көші-қон және демографиялық агенттігі құрылды.
10-желтоқсан Ақмола қаласы Астана болып жарияланды.
ҚР «Тіл туралы» заңы қабылданды.
Білім заңы қабылданды.
11-желтоқсан Қазақстан халқына «Қазақстан 20-30» жолдауы қабылданды.
2002 жыл:
Елімізде денсаулық жылы болып жарияланды
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ЕурАзЭК Мемлекетаралық Кеңесінің Төрағасы лауазымына сайланды.
«Астана-Бәйтерек» монументі салынды.
Алматыда Давос аясындағы Еуразиялық экономикалық саммит өткізілді.
Түркістан қаласында қазақтардың Екінші дүниежүзілік құрылтайы болып өтті.
2013 жыл:
«Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.
2013 жылы EXPO 2017 өткізу құқығын алдық.
2016 жыл:
Тәуелсіздікке 25 жыл толды.
Қостанай қаласына 80 жыл толды.
Ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл
Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы аталып өтті
Қазақстандықтар олимпиадада барлығы 17 медаль (3 алтын,5 күміс,9 қола) алып, ел спорты тарихында жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді
4-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Оқушылар тақпақтары:
Айлана:
Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте
Ұлжан:
Отан туы желбіреп
Көз тартады құбыла
Біз қараймыз елжіреп
Туған жердің туына
Ділназ:
Кең жазық Отан мекенім,
Сен де өсіп көктедім
Сені қорғау парызым
Мұны біліп өтемін.
Арыстан:
Алтын күннің астында
Желбірейді туымыз
Қазақ деген халықтың,
Ұлы мен қызымыз.
Жұмбақтар
Бiлiмнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)
Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы. (Мұғалiм)
Шәкiртке жанашыр,
Мейiрман кiм, жаны асыл? (Ұстаз)
Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып. (Дәптер)
Кiшкене құдықтан,
Найза ұшты шыбығым,
Су iшiп құныққан. (Сиясауыт)
Қысқа таяқ дiңi бар,
Шиырлаған iзiнде
Сайрап тұрар тiлi бар. (Қарындаш)
Тiл жоқ өзiнде,
Сөзi бар iзiнде. (Қаламсап)
Сөзжұмбақ шешу «Отан» 1. Ұлттардың бірлігі, татулығы не? (Достық) 2. Елордамыз қай қала? (Астана) 3. Біз қай ұлтпыз? (Қазақ) 4. Мемлекеттің рәміздеріміздің бірі ? (Әнұран)
Мен бүгінгі тәрбие сағаттымызды мына өлең жолдарымен қорытындылағым келіп тұр.
Қорытынды:
Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең ай мен күнге жол ашқан.
Менің байтақ республикам даласы,
Менің көгім теңізбен қол ұстасқан.
Дала көрсең көк жиекпен таласқан,
Көлді көрсең секілді бір түскі аспан.
Менің байтақ республикам даласы,
Менің көгім – теңізбен қол ұстасқан.
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең анық Алатаудың күндерін,
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген –
Ұлан байтақ республикам бұл