"Тапқырлар тартысы" Сыныптан тыс жұмыс (Сабақ жоспары+слайд)
Тақырыбы: Тапқырлар тартысы
Мақсаты:
Оқушылардың Тәуелсіз еліміздің тарихын білуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәуелсіз еліміздің шынайы патриоты болуға, өз Отандарын сүюге, құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға баулу.
Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, компьютерлік презентация,кесте.
Сабақ барысы:
- Қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
2 «а» сыныбы оқушылары арасында өткелі отырған «Тапқырлар тартысы» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер!
І жүргізуші: Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар. – деген Жүсіп Баласағұн.
Қазір біз, балалар , осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, өнерімізді, білімімізді саралап, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
2 жүргізуші
Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,
Сөзбен ќарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Сонымен, сайысқа қатысушылар өз сәлемдерін жолдайды:.
1жүргізуші: «Біреу озса сайыста, біреу артта қалады
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.» - дей келе сайысымыздың кезеңдерін таныстырып өтейік.
2жүргізуші:
І. Бәйге.
ІІ. Дода.
ІІІ. Тіл - өнер.
ІV. Кім тапқыр?
V.Тәуелсіздікке тарту
Сайыста әр дұрыс жауапқа фишка беріледі.Сайыс соңында фишканы көп жинаған оқушы жеңімммпаз атанады.
І жүргізуші: : «Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие білім табар мән.
Бұл бәйге,ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда» -
«Бәйге» кезеңінің шарты. Әр топ номерленген кубикті таңдайды,номер бойынша сұрақтар шығады.
1.Біздің Отанымыз қалй аталады?
2. ҚР Президенті кім?
3.Мемлекеттік рәміздерге не жатады?
4.Мемлекеттік тіліміз қандай тіл?
5.Тұңғыш Президент күні қашан?
6.Астана қаласының символы не? (Бәйтерек)
2 жүргізуші: «Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.»
Келесі кезең- «Дода»
Бұл кезеңде тақырып және соған сәйкес ұпай санын таңдайсыңдар. Ұпайларға сәйкес сұрақтар бар, соған жауап бересіңдер.
ІІ кезең. Дода. Тақырып таңдау.
Әр топтың 4 ұяшық таңдау мүмкіндігі бар.
Әдебиеттік оқу 20 30 40 50
Қазақ тілі 20 30 40 50
Қызықты математика 20 30 40 50
Әдебиеттік оќу
20 ұпай: Қазақтың бас ақыны кім? (Абай)
30 ұпай: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім?
40 ұпай: «Сыбырлақ» әңгімесіндегі балаға мінездеме бер.Ол қандай бала?
50 ұпай: Ұлттық ойындарды ата.
Қазақ тілі
20 ұпай: Сөйлемнің неше түрі бар?
30 ұпай: Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата.
40 ұпай: Лепті сөйлемге сөйлем құрастыр.
50ұпай: Диалог пен монологтың айырмашылығы неде?
Қызықты математика
20 ұпай: ең кіші бір таңбалы сан
30 ұпай: бір таңбалы сан
40 ұпай: Уақыт бірліктерін ата.
50 ұпай: өлең-есепті шеш:
Аулада 60 үйрек, 100 асықтың 30-ын,
Қолымда 5 алма Досым сұрап алды
Барлығын қосқанда Айтшы сонда нешеуі
Болады неше алма? (60 алма) Өз қолымда қалады.
ІІІ кезең. Тіл-өнер.
Жүргізуші: Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!-
келесі сайысымыз- «Тіл-өнер» деп аталады.
Бұл кезеңде берілген тапсырмадағы көп нүктенің орнындағы сөзді тауып, оны екі тілге аударамыз.
Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз)
Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.
(жапырақтар)
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
(ұстаз)
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)
ІV кезең. Кім тапқыр?
ІІ жүргізуші:
«Көңілді, тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса, егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады. » - деп келесі кезеңді бастаймыз.
Бұл кезеңде топ жетекшілері сайысқа түседі. .
Тәуелсіздік сөзінен жаңа сөздер жасау керек. 2 топтың жетекшілері кезекпен оқиды.
Топ жетекшілері тапсырмаларын орындағанша
Көрермендерге сұрақтар: «Жасырын суреттер»
1. Қр мемлекеттік рәміздері
2.Конституция күнін қашан тойлаймыз?
3. Әнұранның авторлары кімдер? Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов.
4.Туда не бейнеленген? Нені білдіреді?
5.Еліміз Тәуелсіздік күнін қай күні тойлайды? 16 желтоқсанда
6.1желтоқсан қандай мереке? Тұңғыш Президент күні
7. Оқу құралдарын ата.
8. Отбасы мүшелерін ата.
9. Өз анаңды сипатта.
10. Жыл мезгілдерін ата.
V кезең. Елбасына тарту
Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.
Жүргізуші:
Болашақтың іргесін қалайтын ,
Қазақстанның мерейін көтеретін азамат пен азаматшалар сендерсіңдер. Еліміз сендердің болашақтарыңнан зор үміт күтеді. Тек биіктен көрінулеріңе тілектеспіз.
Соңғы кезеңнің ұпай санын және жалпы қорытындыны хабарлау .
Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.
Сендерге әрдайым биік белестер тілейміз! Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Сау болыңыздар!
Ивановка жалпы орта білім беру мектебі
Сыныптан тыс іс –шара
«Тапқырлар тартысы»
2 «а» сынып
Өткізген: Мангутова Ә.Ж.