СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«1001 мақал, 101 жұмбақ» сыныптан тыс жұмыс

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

5-7 сыныптар арасында сыныптан тыс жұмыс. Бұл оқушылардың ой өрістерін дамытуға әсіресе орыс сыныптарда оқушылар тіл байлығын дамытуға дағдыландыру.

Просмотр содержимого документа
««1001 мақал, 101 жұмбақ» сыныптан тыс жұмыс»

Целиноград ауданы

Фарфоровый ауылы

10 орта мектебі

Байгелова Айнагүл



Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ»

Мақсаты: Қазақ халқы сөз қадірін біліп, қасиетті сөздерді аузынан тастамай, қастерлеп келе жатқан халық екенін түсіндіре отырып, оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту және ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Көрнекіліктері: слайд, мақал - мәтелдер, жұмбақтар.

Жүргізуші: Жанның жайын жарыққа шығару үшін, жанның сырын сыртқа білдіру үшін адамның екі құралы бар. Біреуі – мимика, біреуі – сөз. Мимика жанның сыртының дене арқылы сыртқа білінуі (күлу, жылау). Ал ым – ішкі тіл сезімі. Ым арқылы ойды жарыққа шығару мүмкін емес. Ойдың тілі – сөз. Тіл – жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тіл арқасында жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Тіл адамға осындай қымбат болса, әрине ұлт болу үшін бірінші шарт тіл болмақ.

Ана тілің арың бол

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

«Мақал – сөздің мәйегі», «Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді», - деген қанатты сөздермен «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты тіл білгірлер сайысын бастаймыз. Ендеше ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

Ұйымдастыру кезеңі: Бұл сайыс 5,7,8,9,10 сыныптар арасында өтеді. Ойын 4 турдан тұрады, әр турдың өзіндік шарттары бар.

Іске сәт!

I тур

Шарты: Берілген жұмбақты шешіп, жұмбақ мәтінінен бір сөз алып

мақал - мәтел тауып айту.



1. Үңгір түбінде жалбырап,

Өсіп тұр жалғыз жапырақ. (Тіл)

2. Бір ғажап бар тілі жоқ.

Сөйлесем десең міні жоқ. (Кітап)

3. Күміс қазықтың асы алтын. (Тіл мен сөз)

4. Жаңалықты үн - түнсіз таратады,

Барша жұртты бір өзіне қаратады. (Газет)

5. Үсті шарбақ,

Асты шарбақ,

Ортасында тұрар сарнап,

Жалғыз бармақ. (Тіс пен тіл)

6. Жел соқса жайқалып толқиды.

Ел оқыса тұла бойың балқиды. (Өлең)

II тур

Шарты: Мақал - мәтелдердің сыңарын жалғстыру.

1. Жалақ кісі тілден жазар,... (таз кісі қолынан жазар).

2....(Тіл – буынсыз), ой – түпсіз.

3....(Тіл – шекер), бала кетер, байлық бекер.

4. Шебердің қолы ортақ,...(шешеннің сөзі ортақ).

5. Қымбат дүние қолға түсе бермейді,...(қымбат сөз ауызға түсе бермейді).

6. Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,...(тілімнен сүріндірме).

III тур

Шарты: М. Қашқари жинаған түркі мақал - мәтелдерінің мағынасын ашу.

Баланың ісі іс болмас,... (лақтың мүйізі сап болмас).

Кең тігілген тон тозбас,... (кеңесілген іс бұзылмас).

Бір - бірлеп мың болар,... (тама - тама көл болар).

Далада бөрі ұлыса,... (үйдегі иттің бауыры солқылдар).

Қас батыр өкініші жаңбырдай,... (білімі мірдің оғындай).

IV тур

Шарты: Көп нүктенің орнына қажетті сандар қою, санның сырын ашу.

1. Анасын... арқалап барса да қарызын өтей алмайды.(100)

2. Жақсы әке жаман балаға.. жыл азық. (100)

3.... атасын білмеген жетесіз. (7)

4.... рет өлшеп,... рет кес. (7,1)

5. Қыздың... жаны бар. (40)

6. Жігіттің... жұрты болады: (3)

Ата жұрты – күншіл,

Ана – жұрты сыншыл,

Қайын жұрты – міншіл.

Сайыстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталады.