Просмотр содержимого документа
«Тәрбие отбасынан басталады»
Тәрбие-отбасынан басталады
Отбасы- адам баласының өсіп-өнер отбасы ұясы,Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын тәрбиеден бастайды. Жалпы қазырғы алаңдататын сетуациялық проблемалар ол тәрбиеге әкеліп соғады. Өкінішке орай.
Қазырғы таңда, жастарымыз қандай? Олардың мінез –құлықтары, жүріс-тұрысы, бос уакытында немен айналысады.
Міне, осындай көптеген сетуациялық проблемаларды болдыртпау үшін біз ата-аналар не істеуіміз керек.
«Ұяда не көрсең ұшқанда соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын оның тәрбиесі де, күрделеніп, оған қойылатын талаптар да,күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады.
Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды,ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болуы керек. Ол ата-анасының өзіне қандай қамқоршы,сүйеніш екенін сезінуі керек. Анасы баласына әкесін өз әрекеттері арқылы қуанып, сыйлап құрметтеуді, оның жұмысын жеңілдетіп,оған қолқанат болып жүруін талап етіп түсіндіріп отырады.
Баламызды мектепке жіберіп, мектеп тәрбие береді, білім береді деп бар ауыртпалықты мұғалімге салып қойғанымыз жеткіліксіз. Баланы мектепке берген соң ата-ана мұғаліммен тығыз қарым-қатынаста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс
Кейбір ата-аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтауратып, баласының тәрбиесіне 30 минут та көңіл аударуға уақыт бөле алмайды, немесе тәрбие ісімен айналысуға ерінеді. Осыдан үлкен қателік туады. Баланың күнделікті өмірінде бір де бір әрекетін ата-ана ескерусіз қалдырмағаны жөн.
Жалпы айтарым ата-аналар бала тәрбиесіне мән берейік. Олардың болашақта адам болып қалыптасуы әрине, барлығы тек сіздерге байланысты.
Баянауыл ауданы
Ш.Айманов атындағы гимназия мектеп-интернаты
Тәрбиеші: А.К.Стеуменова
« Денсаулығым байлығым»
атты сынып сағаты

Ұстаз –ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде әрине, ұстаздың еңбегі . Осы тұрғыда Ш.Айманов атындағы мектеп интернатының ұстазы, тәрбиешісі: Стеуменова Асель Қаршығақызы 3-сынып оқушыларымен бірлесе отырып, «Денсаулығым байлығым » атты сынып сағатын өткізді.Жуырда өткен сынып сағатты өз мақсатына жетті деп айтуға болады. Себебі, «Денсаулық-зор байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәріде болады. Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету арқылы, зиянды заттар мен әдеттердің(ішімдік ішу, шылым шегу, дұрыс тамақтанбау) ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру арқылы өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамытып, денсаулық сақтауға, тазалыққа, салауатты өмір салтын сақтауға үйреткен болатын. Жалпы сынып сағатына мектеп медбикесі Ибраева Алтынай Жумагалиевна катысып, оқушылармен бірге ат-салысып, сұрақтарға жауап берді. Осылайша, сынып сағатын оқущылар толықтай қамтып шықты.
Баянауыл ауданы. Амирханова Айжан.