Просмотр содержимого документа
«Тәрбие жұмысы есеп»
Жалпы білім беретін №24 орта мектебі 1 «Ә» сыныбы бойынша
2015-2016 оқу жылының тәрбие жұмысынан I жарты жылдық жазба есебі
Сынып: 1 «Ә»
Сынып жетекшісі: Кәрібай Бибігүл Қуатқызы
Мақсаты : Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
Міндеті : Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптастыру; Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін қалыптастыруға ықпал ету; Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына ықпал ету; Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын,психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейту; Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету; Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеруту.
Жұмыс түрлері: тәрбие сағаты, сынып сағаты, әңгіме.
1. Алдыға қойылған мақсаттарды орындау үшін оқу жылының басынан бастап сынып сағаттары мен тәрбие сағаттары, түрлі ашық іс-шаралар, әңгімелер жүргізілді. Мысалы: оқушылардың мектеп табалдырығын аттағаннан бастапқы танымдары артып, бірыңғай талаптардың орындалысы қалыптасты, сыныптастарымен басқа ұлт өкілдерінің балаларымен тату, үлкендерді көрсе сәлемдесе біледі.
2.Сынып белсенділері өздеріне міндеттелген жұмыстарын саналы түрде орындайды. Тәрбие жұмысын сынып болып, бірлесе атқарады. Сыныпта ауызбіршілік, бірлік, татулық сияқты қасиеттер орын алған.
3. Сынып жетекшінің басқаруымен (1-сынып болғандықтан) жұмыстар бірлесе атқарылады. Тапсырыстарды орындауға талпыныстары аңғарылды.
4.Сыныпта тәртібі жағынан қиын бала Сарымсаков Фарук. Ол баланың ата-анасымен, психологпен жұмыстар жүргізілуде.
5. Сынып оқушылары ұстаздар мерекесіне, «Алтын күз» мекересіне, «Қош бол, әліппе» ертеңгілігіне қатысу арқылы биге, әнге деген қабілеттерін жақсы көрсетті. Сынып президенті Ержанқызы Зарина мектептегі мәнерлеп оқу сайыстарына қатысып, өзін жақсы жағынан көрсете білді.
6.Сынып ата-аналары ұйымшыл, жиналыстарға себепсіз келмейтін ата-ана жоқ.