«Мейірімді жүрек»
(Қамқоршылар мен патронаттық тәрбиешілер күніне арналған сценарий)
Мақсаты: қамқоршылардың ата-аналық махаббат сезімін дамыту.
Қатысушылар: қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер, әлеуметтік педагог, психолог, мектеп инспекторы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, КТІЖ инспекторы.
Нақыл сөздер:
Бала өзін жақсы көрген адамды ғана жақсы көре алады. Оны өзіңнің жақсы көруіңмен тәрбиелеуге болады. (Ф.Э.Дзержинский)
Еркелетпе ұлыңды, бұзып жүрер жиынды. Еркелетпе қызыңды, барған жерде қиын-ды. (Халық мақалы)
Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.
Жоспары:
- Әлеуметтік педагогтың алғы сөзі
2.Жүргізілген анкеталар қорытындысы
- Қамқоршыларға сөз
- Психологиялық тренингтер
- Директордың құттықтау сөзі
«Танысу» жаттығуы
Ойынның мақсаты: қатысушылардың бір-бірімен таныстыру.
Барысы: Өз есіміңіздің бастапқы әріпінен келетін жағымды сөзбен есіміңізді қосып айтамыз. Мысалы: нұрлы Нұргүл, әсерлі Әсем, дарынды Дидар, т.б.
Әлеуметтік педагогтың алғы сөзі:
Қазақ ұғымында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйінің ішінде болады да, бүкіл жандар жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы ошақтың оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйтқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Адам баласының ой-санасы өсіп ақыл ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді. Отбасында көрген жақсы жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсер етеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі ерекше дәстүр. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс тіршілік әкеледі.
Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құралады. Отбасы берекелі тату болуы үшін, сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдылық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру ата-ананың ең маңызды міндеті.
Патронаттық тәрбиедегі балалардан алынған анкета:
- Ата-анаң сені жақсы көре ме?
- Сенімен тұратын адамдардың саған деген жүрек жылуы жеткілікті ме?
- Тәрбиешің саған туған баласындай қарай ма?
- Қиын ата-аналар дегенді қалай түсінесің?
- Жүрек жылуы дегенді қалай түсіндірер едің?
- Өзің тұратын үйіңдегі, жан — жағыңдағы туыс – туғандарыңның саған деген көз қарасы қандай?
Қамқоршылар және патронаттық тәрбиешілер өз ойларыңмен бөліседі.
Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты "Мейірімді жүрек"»