СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбие сағаты: «Тұғыры биік - Тәуелсіздік!»

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

Бозой орта мектебінің

 кітапхана меңгерушісі

Жұбаназарова Эльмира Аюпнабиқызы

 

Тәрбие сағаты: «Тұғыры биік - Тәуелсіздік!»

 

Биыл 2016 жыл16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25жыл толады.

Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұматтар бере отырып, келешекке сеніммен қарауға, елжандыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтауды оқушылардын бойына дарыту.

Ұраны: Тәуелсіздіктің тура жолы білімде.

Көрнекілігі: Суреттер, слайдтар, интер тақта.

Жоспары:

 

 1. Ұйымдастыру

  2.  Кіріспе

  3. Ел тарихынан түсінік

  4. Монтаж

  5. Өткен жылдар жемісі

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты: «Тұғыры биік - Тәуелсіздік!»»

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

Бозой орта мектебінің

кітапхана меңгерушісі

Жұбаназарова Эльмира Аюпнабиқызы


Тәрбие сағаты: «Тұғыры биік - Тәуелсіздік!»


Биыл 2016 жыл16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25жыл толады.

Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұматтар бере отырып, келешекке сеніммен қарауға, елжандыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтауды оқушылардын бойына дарыту.

Ұраны: Тәуелсіздіктің тура жолы білімде.

Көрнекілігі: Суреттер, слайдтар, интер тақта.

Жоспары:


1. Ұйымдастыру

2. Кіріспе

3. Ел тарихынан түсінік

4. Монтаж

5. Өткен жылдар жемісі

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіру.

Кітапханашының кіріспе сөзі: Отан дегеніміз – әр адамның туып – өскен жері, туған – туыстарымен бірге тұратын атамекені, қазақ елінде тұратын адамдардың Отан, Қазақстан, тәуелсіз, Республика болып 1991

жылы 16 Желтоқсанда жарияланды. 1992 жылы Қазақстан Республикасының нышандары бекітілді. Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құлақ салайық: «Біз Тәуелсіздікті ақсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің ерекше белгілерін де қадірлеп, қастерлеуіміз керек». Әрбір азамат Қазақстан жалауын, елтаңбасын әнұранын тұмардай тануы қажет. Еліміздің сыналатын бір тусы – осы, - дейді.

Өзіңдікі – елің де

Өзіңдікі – жерің де

Өзіңді өзің еткен бақ

Тәуелсіздік төрінде – дегендей осы жылдар ішінде көптеген белестерден өтіп биіктерден көріндік.

Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі «Тәуелсіздік – ел тілегі » атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

1 жүргізуші. Анель

Жағасына жауының жетіп қолы

Тартып алған тәуелсіз күшпен өктем

Тәуелсіз – елімнің ерлік жолы.

Олжа емес салбырап түскен көктен

Қуаныш аралас қасіретпен

Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен

Еркіндігін елінің сақтау үшін.


Талай ердіңбұл жолда басы кеткен.

2 жүргізуші. Дарын


Бірде қырға, бірде ойға сұлаған жол.

Бірде күліп, бірде елім жылаған жол.

Шұбырынды күн кешіп, «Елім айлап»

Бірде оңбай қазағы құлаған жол.

Тығырыққа тіреліп налытқан жол

А құдайлап қазағым, Абылайлап,

Ерлігі мен елдігін танытқан жол.

Хор «Елім менің» әні Б. Тілеухановтікі

1 жүргізуші. Анель

Тәуелсіздіктің туын биік ұстап, алға басқан ел – Қазақ елі. Дүниежүзінде соғыс пен ұлтаралық жанжал өршіген тұста халықтар достығын сақтап қалған ел – Қазақ елі.

«Тәуелсіздіктің осы жылдарға дейінгі шежіресі»

1 оқушы: Дарын

1991 жылы 10 – желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды.

Далада думан, қалада думан жыр бүгін,

Ғасыр бойы аңсайды күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса асқардан аса әрқашан

Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұлбұлым

Тәуелсіз – Қазақстаным!

Хор: «Егемен ел Қазақстан»

1 оқушы: Н.Дияр

Қутты болсын Тәуелсіздік мейрамы.

Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады

Аңсаған сан ғасырсың арман болып

Қол жеткізген шындық жырын жырлады.

2 Корініс «Қайраттың тұтқындалуы»

1 Жүргізуші: 1988 жылдың 21 – мамырында Қайрат дүниеден өтті. Қанаты қайырылып жарық күнмен мәңгі қоштасып. Есіл ер көзі тірісінде шындыққа жете алмай қапыда жер жастанды.

3 оқушы: Ердәулет

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!

Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнәң

Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.

«Нашақор» деп, «маскүнем» деп айыпталдың, ұланым.

Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғанша

Керең болып қалмады екн неге менің құлағым.

Айналайын, айналайын, жас қайратым, қыраным!


Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған

Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.

Жасып қалған шақтарымда жігер алдым бойыма,

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

Жә не деген нүктесі көп, бүкпесі көп өмір ең...

Төрт жыл өтті шындық күліп шыққанынша көгінен.

Оқ бойы озып тұрыпсың-ау сол аумалы кезеңде-ақ

Пышаққа сап бола алмайтын әкімдердің көбінен.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы.

Лаула, Лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!


Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

Бегімай


2 оқушы:


1992 жылы маусым айында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

Қазақстан Республикасы жоғары кеңесінің сессиясы

Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, Мемлекеттік Туын, Әнұранын бекітті.

3 оқушы: Б.Дияр

1993 жылы қарашаның 15-і күні Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы теңге айналымға енгізілді.

4 оқушы: Ерасыл

1994 жылы ақпан айында Қазақстан Ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды. Қазақстанның жана ордендері мен медальдары дүниеге келді.

5 оқушы: Ж.Дильназ

1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңа конститутциясы Ата заңымыз қабылданды.

6 оқушы: Рыскелді

1996 жылы 16-желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды. 1996 жылы 30-қаңтарда Қазақстан Республикасының Парламентінің 1-сессиясы болды.

7 оқушы: Алтынай

1997 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан стратегиясы 2030» бағдарламасы әзірленді. Қуғын – сүргін құрбандарын еске алу жылы

8 оқушы: Н.Ерасыл

1998 жылы Халық бірлігі мен ұлттық тарих: жылы деп жарияланды. 1998 жылы 10 маусым Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласының халықаралық тұсау кесер болды.

9 оқушы Ержан

1999 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің тұңғыш рет альтернативті түрде сайлануы, 7 жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

10 оқушы:

2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы. Осы жыл жаңа халықаралық ұйым-Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Тәуелсіз Қазақстан халқы XXI ғасырды зор сенімен қарсы алды.

11 оқушы:

2001 жыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы болды.

Аман бол, жаңа ғасыр-жарқын далам

Аман ба? Жаңаша күн жарқыраған

Азат күн арман ғасыр мәңгі

Қазақстан егеменді ел екенін паш етті.

12 оқушы: Ж.Ерасыл

2002 жылы Азиядағы ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңестің бірінші саммит Алматы қаласында өтті.

14 оқушы: Айару

2004 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен Қазақстанда 2004 – 2010 жылдарында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

15 оқушы: Индира

2005 жылы Дүниежүзі Қазақстанның үшінші құрылтайы болды.

16 оқушы: Индира

2006 – 2009 жылдары Ел басының халыққа жолдауы шықты.

17 оқушы: Ердаулет

2007 жылы 29 қазанда Кувейтте болған Азия Олимпиядалық кеңесінде Ұлттық Азия ойындарын Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды.

18 оқушы: Алтыный

2010 жылы Қазақстан Республикасы Еуропа қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткен жыл.

19 оқушы: Бегімай

Қазақстан туын көкке желбіреткен 7 – Азия ойыны өтті. Қазақстандық спортшылар Азияда биік нәтижелерге қол жеткізді. Барлығы 70 медальді, соның ішінде 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медальді алып 1 орынға шықты.

2 жүргізуші:

Азияда 2011 ойындары Қазақстан үшін маңызды оқиға болды. Дүниежүзі Қазақстанның спорттағы жетістіктерін көрді. Назарбаев спортты Қазақстанды халықаралық аренада көрсете алатын жолдардың бірі деп білді.


Ол 2018 жылға қысқы олимпиядалық ойындарды өткізуге жолдама алудың негізгі алғышарттары болып табылды.

1 жүргізуші:

Бұрын әлем Қазақстанды ғана білсе, ендігі жерде 56 мемлекеттің ең алдымен – Елбасының еңбегі.

20 оқушы: Анель

Тәуелсіздік – достығымыз

Ынтымағы жарасқан

Тәуелсіздік – ел бірлігі

Асқақ арман таласқан

Тәуелсіздік – өткеніміз

Асулардан сан асқан

Тәуелсіздік – ертеңіміз

Арайланып таңы атқан\

Тәуелсіздік – ардагерім

Ұрпақтармен жалғасқан.

Тәуелсіздік – аға жолы

Болашаққа нық басқан.

Хор: «Көк тудың желбірегені»

Кітапханашы:

Бүгінгі тәрбие сағатынан кім қандай әсер алды? Қазақ елін әлем таныды ма?

Қорытынды. 2 жүргізуші:


Осынау Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан алып даланы атамыз қазақ жауларынан қасық қаны қалғанша сақтап, кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған. Ал желтоқсанда елінің егемендігі үшін шарқ ұрып, азаттықтың

туын алып қалған қазақ жастарының есімдері мәңгілік есімізде сақталады. Алдымен осы елдің тарихын терең ұғынып, екіншіден сол елге қорған болар еліміздің батыр баласы болайық. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігіміз баянды болсын.