Мотивациялық
кезең
Ұйымдастырушы
кезең
Сергіту сәті
|
Балаларға қонаққа ара келеді.
-Арам-ау саған не болды? Неге сонша жабырқаулысың?
Ара:-Барлық балалар менің тәтті балымды жақсы көреді. Ал, менің өзімді жақсы көрмейді, менен қорқады, ұямды да бұзып кетеді.
Сен қамықпа, арашым. Біздің балалар саған жаңадан арнайы үйшік жасап та береді.Ол үйшікті омарташы ағай күзететін болады.
Ешқандай бұзақылар саған тиісе алмайтын болады, солай емес пе балалар.(Балалардың жартысын өнер орталығына отырғызады)
Сен туралы ешкім жаман ойламайды. Тіпті олардың жазған әдемі тақпақтары да бар.
Қане, балалар бал арасы туралы тақпақты тыңдайықшы.
Бал арасы. С.Тойлыбаев
(Тірек сурет қолданып, тақпақты оқып береді)
Сөздік жұмыс: бал арасы, қауызы, қосын
Балалар, қазір барлығымыз бал жинап жүрген араны көрсетейікші:
Гүлден гүлге қонады (отырып, тұрады)
Бүйірі балға толады.(екі қолын бүйіріне таянады)
Қанаттарын қағады(екі қолын жайып қағады)
Іздеп үйін табады (ұшып айналады)
(Қажеттігіне қарай қайталап көрсетеді)
дидактикалық ойын: «Ұйқасын тап».
Дыбыстық жаттығу. «Жәндіктер қалай дыбыстайды?»
дидактикалық ойын:
«Көңілді доп»
|
Геометриялық пішіндерді қолдана отырып араға арналған үйшікті құрастырып жапсырады.
Тақпақ сөздерін тыңдайды, суретпен сөздің байланысын орнатады.
Тәрбиешімен бірге қимылдарды қайталайды, сөздерін айтады.
Тәрбиешінің көрсеткен суретіне қатысты ұйқас ойлап табады. Тақтадан суреттердің арасынан керек суретті тауып көрсетеді.
Өлең жолдарын жатқа айтуға тырысады. Естеріне түсіреді, реттілігін есте сақтайды.
|