СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәуелсіздік ақпарат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәуелсіздік күніне арналған өткен іс-шара бойынша ақпарат жазу үлгісі

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік ақпарат»

«Тәуелсіздік бастауы Желтоқсан»



... 08.12.2016 ж. күні Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектепте Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 2 «Ә» сыныбында «Тәуелсіздік бастауы Желтоқсан» тақырыбында ашық тәрбие сағаты болып өтті. Мұндағы басты мақсат – тәуелсіздік тарихына шолу жасап, оқушыларды елжандылыққа, Отансүйгіштікке баулу. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаевтың өмір жолдарымен танысу және артында қалған мұраларын қастерлеп, халық батырларының рухына тағзым ету.

Бұл ашық тәрбие сағаты – желтоқсан оқиғасы туралы деректер беретін суреттер, қанатты сөздер, Қазақстан Республикасының рәміздері, Н. Ә. Назарбаевтың суреті қойылған көрнекіліктермен жабдықталды және де тәрбие сағаты басталмас бұрын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалып, сол Тәуелсіздікке жетеміз деп қыршын кеткен жастарымыз 1 минут үнсіздікпен еске алынды. Тақырыпты ашу үшін тәрбие сағаты сөзжұмбақ шешуден басталды. Оқушыларға Тәуелсіздік мерекесіне байланысты дайындаған ашық тәрбие сағатының  маңыздылығымен таныстырылды. Яғни, Алтайдан Алатауға  дейін ұланғайыр жерді мекен еткен ата-бабаларымыз Тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар құрбан болды. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап күні кешегі Қайрат Рысқұлбековке дейін сол елді қорғауды ұран еткен. Тәуелсіздік жолында өздерін құрбан еткен Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбираның аңсаған армандары мен үміт-тілектері бұл күнде толық жүзеге асқандығы туралы оқушыларға түсіндірілді. Содан соң  оқушыларымыздың Тәуелсіздікке жету жолдарында айтылып кеткен өлең шумақтары тыңдалды. Сонымен қатар, оқушылардың білімдерін ортаға салу мақсатында, сынып екі топқа бөлініп, әр түрлі тапсырмалар орындады. Ортаға  шырақ жаққан 3 оқушы шығып, олар өз сөздерін айтып шырақтарын кезектеп сөндіреді. Бұл сөнген шырақтар, қыршынынан кеткен қазақ жастарының сөнген шырақтары еді. Әрі қарай оқушыларға «Желтоқсан желі» әнінің бейнебаяны көрсетіліп, одан қандай ой түйгендігі жөнінде оқушылардың пікірлері тыңдалды.

Оқушыларға «Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктеріміз» деп аталатын бөлімінде сәйкестендіру парағы беріліп, ондағы жылдар мен атаулы күндерді анықтады. Тәрбие сағатының соңында оқушылар өздерінің Отандарына деген жылы тілектерін жазып, тілек бұрышына ілді.











Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!