СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәуелсіз елім – тірегім!

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Іс - шараның мақсаты білім алушыларға өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, жас ұрпаққа  ана тіліміздің тұғырының мықты болуының негізін қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқыта отырып өз ана тліне, ұлтына деген құрмет, мақтаныш сезімдерін ояту.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіз елім – тірегім!»

Тәуелсіз елім – тірегім!

Мақсаты: оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің тұғырының мықты болуының негізін қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқыта отырып өз ана тліне, ұлтына деген құрмет, мақтаныш сезімдерін ояту.

Әдісі: Сахналық көрініс, әдеби музыкалық монтаж, әңгімелеу, ән, жыр, тарихи дәйектемелер

Көрнекіліктер: Мемлекеттік рәміздер, газеттер, слайд, тақырыпқа байланысты сөздер жазылған плакаттар және кітап.

Барысы


Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы


Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны ойналып, барлығы қосылып орындайды.

Күмбірленген күй дауысы естіліп, ортаға екі жүргізуші шығады.


1 - жүргізуші: Армысыздар! құрметті ұстаздар! Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елім – тірегім!» атты мерекелік кешімізді бастаймыз.


2 Ведущий:Добрый день, уважаемые учителя и ученики!

Сегодня мы собрались в наш прекрасный зал

Отметить праздник светлый

Страны великой нашей Казахстан!


1 - жүргізуші:

Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.

Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,

Елің алды егемендік теңдігін.


2 Ведущий:Құттықтау сөз колледжі директорына беріледі.


1-жүргізуші: Қазақ хандығы ХY ғасырда, яғни 1465 жылы құрылса, арада 545 жыл өткеннен кейін Қазақстанның нағыз тәуелсіз мемлекет екендігі қайтадан жарияланды.

1986


2 Ведущий: На протяжении многих веков казахский народу приходилось боротся за независимость и суверенитет. Нынешнии Независимый Казахстан появился не вдруг и не на пустом месте; дорога к Независимости был много трудный и сложный. Основным историческим событием предшествовашие появлению казахской государственности стало образование Казахского ханства 1465г.

1-жүргізуші 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д.Қонаевты зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы міндетінен босатты. Оның орнына Ресейден келген Г.В.Колбин сайланды. Төтенше өткен Пленум 18 минутта аяқталды. Асығыс өткен пленум шешімі дүйім қазақ халқы мен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті.

2 Ведущий: Ярким примером независимости стало выступление казахской молодежи в декабре 1986г. на площади в Алма-Ате протестовавшая против игнорирования Кремлем национальных интересов Республики. Под лозунгами: «Да здраствует Казахстан!» «Свободу Республики!»

«Желтоқсан желі» (бейне баяны)


1-жүргізуші 1991 жылы 16-желтоқсан күні 18 сағат 14 минутта біздің еліміздің Тәуелсіздігі жарияланды. Біз жаңа өмірдің есігін аштық.

2 Ведущий: 16 декабря 1991г. была принята «Декларация о Независимости РК»


Халық биі «Қаражорға»


1-жүргізуші: Нурлы жол

2 Ведущий: Нурлы жол


Ән: «Атамекен» орындайтын:

Орындайтын: Көркемөнерпаздар жетекшісі Рымбаев Галим Куанышевич









1 - жүргізуші: Елбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы жүзеге асты.


2 - жүргізуші:

Біз – қазақпыз!

Есігі - ашық, төрі – кең,

Жылап өттік жылдар өмір өрінен

Жетер енді, желпінейік, қарайық,

Мына өмірге игілердің көзімен.


«Туған жер» әнін сыйлаймыз.

Орындайтын: ХР – 8 тобының студенттері


1 - жүргізуші: Қырмызы қыздар,

Қызғалдақ қыздар құлпырған.

Өздерің жайлы кеудеде біздің жыр тұнған.

Қазақтың биін билеңдер қане майысып,

Отырған халқым сүйсініп қалсын сыртыңнан.



2 - жүргізуші: Құдірет бар батырлықта, ерлікте,

Тіршілік бар бұзылмаған елдікте.

Жауларменен жалғасып сынға түскен сәттерде

Елімізді, жерімізді сірә қолдан бердік пе?


1 - жүргізуші: Айтып кеткен ақылдылар

Өз Отанын сүйерін.

Жазып кеткен жазушылар

Тілге арнаған тілегін.

Енді Отан, тіл туралы нақыл сөз өлең жолдарына кезек берейік.


  1. Қожабеков Нұрболдың төл туындысы: Тәуелсіздігім

  2. Иманберлина Әйгерім «Желтоқсан»

  3. Хуанар Гүлмира

Тәуелсіздік

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!

Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған, 
Саған
Оған да!

Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?

Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі


  1. Жанарбек Жанболат

Жұбан Молдағалиевтің “Мен қазақпын” өлеңінен үзінді оқылады.


Мен - қазақпын мың өліп, мын тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен - қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағыма сыйдырам даланы мен.
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.
Мен - жігітпін, айқасқа, сынға асықпын
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.

Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске -

Айта бергім келеді, айта бергім!


2 - жүргізуші: Еркіндік пен азаттыққа қол жеткізген Тәуелсіз елдің ұлы істерінің бірі – Еуразияның жүрегінде еліміздің байтағы Астанамыз салынып, Ақордамыздың тігілуі.

1 - жүргізуші: Атырау мен Алтай арасында жатқан құрыш білекті, жолбарыс жүректі Қазақ елі – бар қазақтың табанын тірер тұрағы, арқа сүйер асқары болса, Астана сол елдің жүрегі сияқты.


«Жібектің елі» әні. Орындайтын: ХР – 8 тобының студенттері


2 - жүргізуші: Қазақстан сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан – бұл азат ел, танысыңдар.

Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,

Қазақ елі егеменді, сан жұрты бар.

1 - жүргізуші: Міне, бүгін сол азаттық таңның арайлап атқанына 23 жыл толды. Аңсаған күнге қол жетіп, ақ түйенің қарны жарылған аса айтулы қуанышты күн бола берсін! Еліміздің көк байрағы желбіресін.

Ән: «Атамекен» орындайтын:

Орындайтын: Көркемөнерпаздар жетекшісі Рымбаев Галим Куанышевич


2 -жүргізуші: Әлемдік бәсекеге төтеп берудің басты күші – рух пен білім. Өз Отанының патриоты болу. Оның жеріне деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет. Ендеше, еліміздегі соңғы жақсы жаңалықтармен бөлісейік!


1 - жүргізуші: Еліміз тәуелсіз ел болып қалыптасып, бүгінгі күнге дейінгі еліміздің Қауіпсіздігі және тәуелсіздігі, өркендеп дамуы үшін қаншама жұмыстар атқарлуда. Атап айтсақ:


2 - жүргізуші: 2010 жылы 1 – 2 желтоқсанда Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті. Бұл ұйымға Қазақстан – қазіргі таңда ТМД аумағында төраға болған бірден – бір мемлекет.

1 – жүргізуші: Күні кеше гана елімізде Ақ Азиада ойындары өтті. Азияда – жарты әлемнің байрақты бәсекесі болды. Атап айтқанда, Қазақстан құрамасы 70 медальға ие болды. Оның ішінде 32 алтын, 21 күміс пен 17 қола медаль бар. Елбасы «бұл жеңіс – қазақстандық спортттың нағыз триумфы» - деп атап көрсетті.

2 - жүргізуші: Бізді әлемге әйгілі еткен – Тәуелсіздігіміз. Астана - болашақтағы ЭКСПО-2017 көрме өткізуге арналған мінсіз қала. Бұл Астананың үлкен мүмкіндіктерін мойындау. Осының барлығы біздің еліміздің халықаралық аренадағы үлкен беделін, Елбасымыздың беделін көрсетеді.

1 – жүргізуші: ЕХРО-ның бір жарым ғасырлық тарихы бар. Алғашқы көрмені 1851 жылы Лондон бастады, Париж қостады, Германия жалғастырды, сосын АҚШ, Қытай, Жапония, Испания, Италия, осылай жалғаса береді. Бұл тізімді мұқият бастан-аяқ қарап шықсаңыз, анау-мынау емес, экономикасы мығым мемлекеттерді ғана байқайсыз. Сол мықтылардың арасына енді біздің ел де ілікпек. Астана халықаралық көрмені өткізгелі отырған 64-ші қала. Халықаралық көрмелер бюросына біздің ел 1997 жылы мүшелікке енді, 2005 жылдан бастап қатыса бастады. 



2 жүргізуші:

Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтынан нарқым менің.

1 жүргізуші:

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Кім мықты десең егер,Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсын ба,

Ойланбай – ақ кел – дағы от ал менен –

деп әдеби іс – шарамызды «Қазақстан бақытты» деп аталатын әсем әнмен аяқтаймыз.

Кездескенше әр күніміз нұрлы, таңымыз шуақты болғай.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!