Тәуелсіздік - ел тірегі!
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.
Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері,Қзақстан Республикасының рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті.
Тәрбие сағатының барысы:
Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуымен және 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, мектепалды даярлық сыныбы мен 1-сынып оқушыларының дайындаған «Тәуелсіздік - ел тірегі!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Жүргізуші: Оқушылар, біздер өз елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар.Қазақстан тәуелсіздік алды.
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың арқасында осы нұрлы күнге жеттік.
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті,бостандықты иеленгендер.
Бостандық құтты болсын ерікті ел,
Айдын көл, көк майсалы көрікті жер
Бостандықты аңсаған батырлардың
Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.
Әнұран орындалады.
СЛАЙД Тәуелсіздік туралы
БИ:Қамажай
Жүргізуші: Халқымның мақтанышы - алып тұлға.
Әлемнің назары ауды Ақ ордаға
Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,
Ұқсайды менің асқақ арманыма.
Ел болдық егеменді, теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды танып
Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.
ӘН: «Біз бақытты баламыз» Айдана мен Ықылас
Оқушылар тақпақтары
Мейрамбек:
Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен ляззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік
Байтабын
Тәуелсіздік алып берген біздерге,
Нұр атадай Президент бар біздерде.
Бейбітшілік ынтымақты сақтаған,
Мақтан тұтып, жар саламын сіздерге!
Аружан
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Темірлан
Елбасы сен Қазақстанның
Барлық елмен дос болған
Болмаған дұшпан ешқашан
Қазақ елін көркейтіп
Атамыз бұл Нұрсұлтан
Береке
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Байтақ жерді басқаратын қамқоршы,
Қазақ үшін аянбайтын көшбасшы.
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Шуақ шашар елімізге күн болшы
Ақбота
Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.
Расул
Елдігімнің – реңі,
Тендігімнің – тірегі
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым – арай таным!
Ернар
Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады.
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық
Кәусар
Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл - күні!
ӘН: « Бала тілегі» Мейірбек пен Аделя
Алмас: Ортан – туған үйіміз
Отан – туған жеріміз
Отан – ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз.
Нұрбибі: Отан – менің ата-анам
Отан – досым, бауырым
Отан – өлкем, астанам
Отан – туған ауылым.
Айша: Аялап ару Ананы
Өсірген еркін баланы
Бесігім болып тербеткен
Отаным Қазақстаным.
Ықылас: Қазақ жері – Қазақстан
Мөлдіреген ашық аспан
Алыс кетсем сағынамын
Отаным сен Қазақстан
Әмір: Толтырған гүлге даланы
Жайнатқан ауыл, қаланы
Ардақты ата – мекенім
Отаным – Қазақстаным.
Алдияр: Туымызға көгілдір
Бір қарамай өтпейміз
Сол көк тудың астында
Көгереміз, көктейміз
Әлия: Шаңырақтың шаттығы
Асқақтатып тұр мұны
Елтаңбасы елімнің
Елдің тыныш тірегі.
Даурен: Отанды біз Атамекен
Деп аялап атаймыз
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз
Әли: Отанды жас, кәрімізде
Туған жер деп сүйеміз
Өйткені, онда бәрімізде
Туып, өмір сүреміз
Отан деген – Атамекен
Отан – деген туған жер
Отан – Ана
Отан – үлкен Қазақстан туған ел.
Айдана:Күміс күй мен әнге толып тұла бой
Қуанышқа кенелтеді асыл ой
Шаттандырған баласы мен бабасын
Тәуелсіздіккүні бүгін – Ұлы той.
БИ: Вальс «Менің қазақстаным»
Жүргізуші: Жаралдық молшылықтан толы ағыстан
Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
Көркейген елім менің – Қазақстан!
Хор «Әрқашан күн сөнбесін»
Жүргізуші:Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,
Бейбітшілік пен бостандық менің жыр әнім
Самғап жүрсек бостандықта, биікте
Шарықтайды кең көлемде бұл әнім.
Құрметті қонақтар көгімізде қыранымыз қалықтай берсін, әрқашан күніміз сөнбесін деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Сіздерді тағы да Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен және Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймыз.