СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 27.08.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сыныптарға үшін Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік»


Тәрбие сағатының мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Тәуелсіздік мерекесінің маңыздылығын оқушы бойына ұғындыру.


Тәрбие сағатының өтілу барысы: «Қазақ елі» ауылынан мерекелік көрініс.

Ақерке, Айзада, Диас орындауында «Қос алқа» күйі.

Ауылға келген қонақтарды қарсы алу. (Ауыл қонақтары: Жақсылық, Санжар, Шыңғыс).

Ауыл ақсақалының сөзі: Тәуелсіздік алғанымызға 25-жыл толды. Соны бүкіл ел болып, ауыл аймақ болып тойлатып жатырмыз.

Балаларым, Желтоқсан оқиғасы бүкіл қазақ халқының есіне мәңгі сақталып қалады.
Сонау 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылды. Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.
Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының алаңында қазақ жастары бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін жиналған, соның ақыры көтеріліске ұласқан. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз жылдармен ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қатысқан ер жүрек батыр тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымызды айта кетпесек болмас. Осындай батырларымыздың арқасында елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздігіміз мәңгілік, баянды болғай.

 

Ауыл балаларының жаттаған өлең жолдары:

Жандос:

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!


Диас:

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын, 
Алдымызда барлық үміт ақталсын 
Тату – тәтті бірлік болып қашанда 
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын. 

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық 
Басқалармен терезесі тең болдық 
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай 
Отан үшін болуға да құрбандық 


Елдос:

Егемендік – бұл елімнің елдігі,

Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік – елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.


Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.

Бекмұрат:

Қасиетті Қазақстан, мекенім,

Ақиқаттың  алтын бесігі екенсің.

Елім, Жерім, Отаным, бақ- дәулетім,

Болашағым, өнер-білім, өркенім.

Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,

Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.

Сен менің арым, бағым, барымсың,

Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!

Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді елдігі.

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында

Ағалардың ұмытылмас ерлігі.



Айзада:

Туған жерім Қазақстан байтақ елім

Туып өстім тәй бастым қастерледім

Туған жердей жер болмас деген мақал

Еске салар мәңгі сені аяулы елім

Қастерлесең табынсаң думан елге

Ардақты да мен деген бол азамат

Елім жерім деген ер жігітке

Тәуелсіз еліңді қыл аманат

Ол аманат еткен адам Нұрсұлтан

Нұрдың да алаштың да сұлтаны болған

Жетістікке жеткізді ол қаншама

Алға, алға тәуелсіздік Қазақстан!!!

 

 

Дастан:

Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,

25 жасың құтты болсын нұр елім.

25 жылда шықтың талай белеске,

Қазақстан жасай берші гүл елім



Төлеген:

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.



«Қазақстан» әні: орындайтын Ажар.

Ұлдардың орындауында «Қара жорға биі»

Ауыл қонақтарының ұлттық ойындарынан көрініс (қол күрес).

Қонақтарды шығарып салу. («Қазақ елі» ауылының тұрғындары).

Шыңғыс:

Қазақтың кең даласының байлығын, көңілінің дархандығын, дастарханының берекелілігін, қонақжайлылығын, қазақилылығының қаймағы бұзылмағандығын, пейілдеріңіздің кеңдігін осы «Қазақ елі» ауылының дәстүріне қарап көңіліміз тойып отыр. Барлық елімізге, жерімізге Тәуелсіздігіміздің 25-жылдық мерей тойы құтты болсын. Еліміздің бақытын тербеткен-Тәуелсіздігіміз ғұмырлы болсын, көк туымыз асқақтай берсін. Ақ дастархандарыңызға, ізгі ниеттеріңізге пейілдеріңізге рахмет. Біз көрші ауылдағы көкпарға бара жатыр едік, уақытта біраз болып қалыпты. Ақсақал батаңызды беріңіз, рұқсат болса біз тұрайық.



Ақсақал батасы:

Ақерке

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі


Қонақтарға арналған шашу.



Қорытынды: Міне балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, ел намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік. Еліміздің бақытын тербеткен-Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығы құтты болсын.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!