«Тәуелсіздікті құрметтей білейік!» атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы.
— Қайырлы күн,қымбатты ұстаздар, құрметті оқушылар !
«Тәуелсіздікті құрметтей білейік!» атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!!!
Мақсаты: оқушыларыды тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, рухты ел болуға мәнерлеп оқуға баулу баланың өлең оқуға қызығушылығын арттыру, тәуелсіздік туралы білімін кеңейту, сайыста белсенділігін таныту, отансүйгіштіккке тәрбиелеу.
Барысы:
— «Тәуелсіздік шежіресі» атты видео көрсетіледі.
— 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Еліміз егемен, тәуелсіз мемлекет мәртебесін алып, қазақ халқының сан ғасырлар бойы аңсаған арманы іске асты. Бұл тәуелсіздік біздің халқымызға оңайшылықпен келген жоқ. Өзгені емес, өзімізді танудан қалып бара жатқан еліміз тәуелділік құрсауынан құтылды. Міне, бүгінде, болашақта Қазақстанның көк туын жеңіс тұғырынан көрсететін ұландарымыз өз елінің тәуелсіздігін мақтанышпен жыр шумақтары арқылы жеткізгелі отыр. Олай болса, сайыскерлерді ортаға шақырамыз!
Шарықта, шарла көкті көк байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным
Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.
Әнұран орындалады.
Бүгінгі 3-4 және 9-5 - сынып оқушыларының мәнерлеп оқу сайысын бағалаушы әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
— Сайыскерлеріміздің мәнерлеп жатқа оқу шеберлігі, таңдаған шығармасының тақырыпқа сәйкестігі, мазмұны мен көлемі ескерілетінін қаперлеріңізге береміз.Мәнерлеп оқу сайысының бүгінгі жеңімпазыдары анықталады. Ал, енді сайысымызды бастаймыз.
3 сынып оқушылары_________________________________
4 сынып оқушылары
5-сынып окушылары
6 –сынып окушылары
7-сынып окушылары
8-сынып окушылары
9-сынып окушылары _
________________________________
…………………………………………………………………………………………………………………..
Әділ қазылар алқасы, сіздерден әділ төрелік күтеміз.
(Сайыскерлер мәнерлеп өлеңдерін оқиды.)
Қатысушыларымыз өз елі, өз жері, өз отаны туралы өлеңдерді оқуда өз шеберліктерін көрсетті деген ойдамыз.
Тәуелсіздік күні қарсаңында баршаңызды қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған осы айрықша мерекемен, сондай-ақ күні кеше ғана тойланған ҚР тұңғыш президенті күнімен құттықтаймыз.
Олай болатын болса мәнерлеп оқу саыйысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Мұғалім
Қазақстан қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т – білдіреді теңдікті,
Ә — әдептілік, әлдікті.
У – уайымсыз уақытты,
Е – егемендік елдікті
Л – дейді лағып лепірме
С – сенімділік секілді ең,
І – ілтипат пен ізет қой,
З – зиялылық тілек қой.
Д – шақырады достыққа,
К – дейді күн боп көктегі
Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.
(Сайыс қорытындыланып, қатысқан оқушылар марапатталады.)
— Құрметті оқушылар! Тәуелсіздіктің тірегі, елдің тілегі — сіздерсіздер! Тәуелсіздігімізді құрметтей білейік!
— Мектебіміздің ,сынып оқушысы Мырзахан Аяулының орындауында «Желтоқсан желі» әнін қабыл алыңыздар!
— Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды. Қатысушыларға, көрермендерге алғыс айтамыз