Просмотр содержимого документа
«"Табиғат әлемі"»
Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в среней группе
Өткізу күні / Дата проведения: 12.02.2018
Тәрбиеші / Воспитатель : Садвокасова В.А.
Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуникация
Пән / Предмет: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: "Табиғат әлемі"
Тақырыбы / Тема: "Табиғаттың таңғажайып әлемі"
Мақсаттары / Цели.
1. Тәрбиелік – воспитательная : Табиғатты сүюге, аялауға, оған қамқор бола білуге тәрбиелеу
2.Дамытушылық – развивающая : табиғатта болатын таңғажайып құбылыстарды бақылай білуге үйрету.
3. Оқыту – обучающая : Балалардың табиғат жайлы ұғымдарын тиянақтау
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение
Билингвалдық компонент :
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Т: Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу әдістемеміздің тақырыбы «Табиғаттың таңғажайып әлемі болмақ»
Табиғат дегеніміз не? Алина айта ғой.
Балалар: жауап береді
Т: Дұрыс айтасың Алина! Балалар біздер күнде табиғат аясына яғни далаға серуенге шығамыз. Онда біздер ауа райын бақылаймыз, ойнаймыз. Балалар кеше біздер табиғат аясына серуенге шыққанда не тауып алдық? «Сиқырлы қорапша» қараңдаршы.
Балалар қандай әдемі қорапша! Кеше біздер бұл сиқырлы қорапшаны бүгін ашып қараймыз деген болатынбыз олай болса кәзір ашып қараймыз.
Бізге бұл қорапшаны табиғат патшалығынан жіберіпті. Ішінде бізге ойын тапсырмалар бар екен. Осы ойын тапсырманы орындасақ жақсы сыйлық күтіп тұр екен.
2негізгі бөлім
1) ойын: «Сиқырлы қорапаша түстерін атап айт, және бұл түстер нені білдіреді? Нені ажыратады?
(Көк, жасыл, сары, қызыл)
(Қыс, Көктем, Күз, Жаз)
2) ойын: Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар шеше білеміз бе?
Нұртай: Аузы жоқ үреді,
Аяғы жоқ желеді. (Жел)
Арсен: Жардай дәулер соғысты,
Жарқ - жұрқ етіп оқ ұшты (Бұлт найзағай)
Ерасыл: Жарқ етсе сабау қамшы
Төгіліп жауар тамшы (Найзағай, жаңбыр)
Камила: Көк жүзінде көк доға
Жер жүзінде жоқ доға
Қолмен ұстауға болмайды,
Көзбен көріп тоймайды (Кемпірқосақ)
Линара: Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп.(Күн)
Санжар: Көк жастығым сөгілді
Ішінен мамық төгілді (Қар)
(Суреттерін көрсетіп жауап береді)
3) Ойын: «Сергіту» олай болса табиғат құбылыстарын қимылмен көрсетіп демалып алайық.
Жел тұрды гуілдеп,
Ағаш біткен уілдеп.
Аспанды бұлт торлады,
Найзағайлар ойнады.
Жаңбыр жауды себелеп,
Кемпір қосақ көрінді.
Жарқыраған күн шықты.
(Балалар қимылмен көрсетеді)
4) ойын: «Ауа райының өзгерістерін тап»
Шарты: Әр үйшіктегі белгі бойынша өз үйшігін табу.
(Балалар ойынды шарты бойынша ойнайды.)
5) «Табиғат туралы мақал мәтелдер айту»
Нұртай: «Жер қазына, Су гауһар.
Ерасыл: «Табиғатты аяласаң, табиғатта аянып қалмас!»
Сезім: «Судың да сұрауы бар!»
3.қортынды
Өте жақсы балалар! Табиғатты аялауға, қорғауға көмектесейік. Далаға серуендеп шыққанда ағаштарды сындырмайық, оларды күтіп, қорғап жүрейік.