СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Табиғатты аялайық.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Технологиялық карта. Табиғатты аялайық.

Просмотр содержимого документа
«Табиғатты аялайық.»


Білім   беру  саласы:  Таным 

Ұйымдастырған  оқу  іс  -әрекет: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Табиғатты аялайық»

Мақсаты: .  Балаларды туған елінің табиғатымен таныстыру.

Дамытушылық: Табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту;

Тәрбиелік: Балаларды  ұқыптылыққа,  тазалыққа  тәрбиелеу,  денсаулығын  сақтауға  деген  ниеттерін  арттыру. 

Қажетті  құрал – жабдықтар: Табиғат  туралы  сюжетті   картина.

Методикалық әдіс – тәсілдер:  жұмбақ, әңгімелеу,  түсіндіру, көрсету, мақтау-мадақтау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

                            Мотивациялық қозғаушы 

   Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сендермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгінгі күн біз үшін қуанышты болатынына сенімдімін.
Біз әдепті баламыз,
Жайнай берсін даламыз.
Табиғатпен дос болып,
Қамқорлықпен қараймыз.


Балаларшаттық шеңберін жасайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

  - Балалар сендер қай елде тұрасыңдар?
- Қазақстан елінің табиғаты бай және ерекше. Оған көз жеткізгілеріңіз келсе теледидарға назар аударыңдар.
«Табиғатты аялайық» ойыны
Әр бала тірі табиғат түрлерін плакатқа жапсырып, табиғат көрінісін бейнелей отырып, тиым сөздер айту.
Гүлді жұлуға болмайды, гүлді аялау керек.
Ағашты кесуге болмайды, ол бізге таза ауа береді.
Суды ластауға болмайды, сусыз өмір жоқ.
Күнімізді бұл баспасын.
Көбелекті өлтірмеңдер, ол - әдемілік белгісі.
Құсты атуға болмайды, құс - адамның досы.
Жасыл шөпті жұлуға болмайды, ол біздің жерімізге көрік береді.
Аңдарды қорғауымыз керек, олар біздің байлығымыз.
Асқар тауларымыз биік болсын.
Аққуды атуға болмайды, ол сұлулық белгісі.

Тыныштық сәт.
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Әңгімелеу. «Табиғат - Ана».
Табиғат – Ананың Жер, Су, Ағаш деген үш ұлы болыпты. Олар өте ақылды, мейірімді екен. Табиғат - Ана бір күні ұлдарын шақырып алып:
- Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын, - деп уәде береді.
Сонда ұлдары анасының айтқанына қуанып келісіп, адамдарға жақсылық жасауға жолға шығыпты. Үшеуі үш жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті істер жасапты. Күндердің күнінде үшеуі еліне қайтып оралғанда, аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары:
- Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде?- дегенде Табиғат - Ана:
- Аяулы ұлдарым менің, бұның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарыңда,- деп жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ағаш аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін, адамдарға адал қызмет етумен келеді екен.
Балаларға сұрақтар қою.
1. Табиғат әдемілігін сақтау үшін ең бірінші не керек екен?
2. Жер, су, ағаш бір - бірімен байланыста ма?
3. Су болмаса жердің көркі бола ма?

Дәйек сөз
Тәрбиеші балаларға Ө. Тұрманжановтың
«Сүйейік, табиғатты аялайық,
Біз де одан жақсылықты аямайық» деген өлең жолдарын бүгінгі іс - әрекеттің дәйек сөзі ретінде айтады.

Қазақстанда.



































































Балалардың жауаптары.

Рефлексті-түзетушілік

   Біз бүгін адамның өзінің туған жеріне, табиғатына сүйіспеншілік, қамқорлық көрсету керектігін түсіндік.
- Күн мейірін шашса, жаңбыр жерге нәр береді. Ал құстар біздің досымыз. Олар бізге тамаша ән салып, көңілімізді көтереді, табиғатқа көрік береді. Жеміс ағаштары, көкөністер Жер - Анадан өсіп өнеді екен. Барлығымыз айнала қоршаған табиғатқа қамқор болып, оны күтіп, баптап, сүйіспеншілікпен қарауымыз керектігін білдік. Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқандарың үшін рахмет.





Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Табиғат әдемілігін сақтау үшін ең бірінші не керек екенін.

Нені игерді: Тиым сөздер айтуды.

Нені біледі: Өзінің туған жеріне, табиғатына сүйіспеншілік, қамқорлық көрсету керектігін.


Тексерілді_________






Скачать

© 2017 1924 7

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!