Қабанбай батыр ауылы
№41 орта мектебі

Кусаинова Асем Куандыковна
Ашық сабақ
(Жаратылыстану)
Тақырыбы: «Жасанды жарық көздері дегеніміз не?»
Жаратылыстану
Сабақ тақырыбы: Жасанды жарық көздері дегеніміз не?
Оқу мақсаты: Барлық оқушылар:табиғи және жасанды жарық көздерін ажыратады;
Оқушылардың басым бөлігі:жасанды жарық көздерінің қажеттілігін біледі
Кейбір оқушылар: жасанды жарық көздерін анықтайды.
Сабақтың мақсаты: 1.5.2.3. Жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін
анықтайды.
Ресурстар:
жасанды жарық құралдары, суреттер,үлестірмелі материалдар жиынтығ аппликациямен жұмыс жасау кезінде пайдаланатын
алғашқы жарық көздерінің суреттері. Интернет-ресурстар. http://svet58.ru/ru/articles/34).
Күтілетін нәтижелер:
күнделікті өмірде адамдардың жасанды жарық көздерін пайдаланатынын біледі;
-
кейбір жасанды жарық көздерін (шамшырақ, белгі беретін құрал және шамдарды) белгі беру үшін пайдаланатынын біледі;
-
cабақ барысында оқушының белсенді оқуы арқылы сыни тұрғыдан ойлауын және коммуникативті дағдысын қалыптастырады.
-
Пәнаралық байланыс: көркем еңбек, дүниетану
-
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Қайырлы таң ,досым!
Қайырлы күн болсын!
Жеті күннің әр кезі
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!
Шағын тренинг « Күн мен достық»
Үй жұмысы
Табиғи жарық көздері

«Ыстық орындық» стратегиясы
1.Жарық дегеніміз не?
2.Табиғи жарық көздеріне нелер жатады?
3.Не себепті Жердегі тіршілік үшін жарық қажет?
4.Күн көзінің қандай ерекшеліктері мен пайдасы бар?
5.Күн болмаса жер бетінде не болады?
Жаңа сабақ
Жасанды жарық көзі дегеніміз не?
Эксперимент жүргізу
Қорапты алу.Ішіне тесіктен қарап,сосын майшам жағып ішіне салып қарау.
Тақтамен жұмыс
Суреттерді атайды,қайда қолданылатынын айтады.
Үстел үстіндегі заттарды атайды.
Жұптық жұмыс
Суреттен «табиғи» және жасанды жарық көздерін анықтайды.
Жұпта талқылайды.
Сергіту сәті
Топтық жұмыс № 1
1-топ Үй ішіндегі жарық көздерінің суретін салады.
2-топ Сөзжұмбақ шешеді.
3 топ Апликация «Шамшырақ» жасайды.
Топтық жұмыс № 2
Логикалық тапсырма
1.Қайнап тұрған шәйнек шығарған жарық пен электр шамы шығарған жарықтың айырмашылығы неде?Және қандай ортақ қасиеті бар?
2.Жүргізушілер неліктен қарама қарсы машиналар кездескенде фарларын өшіріп,фардың астындағы төмені жарық көзін қосады?
3.Қысқатолқынды пеш пен далада жанған от жалынынан бөлінген жарықтардың ортақ қасиеті мен айырмашылығы.
Қорытынды
Сұрақ жауап
1.Жасанды жарық көздерін кім ойлап тапты?
2.Жасанды жарық көзімен табиғи жарық көзін қалай ажыратамыз?
3.Тағы қандай жасанды жарық көздерін білесіздер?
Бағалау
Қалыптастырушы бағалау парақшаларымен жұмыс
Рефлексия
Қайықтарды бояу.
Сабаққа рефлексия
Жаратылыстанудан «Жасанды жарық көздері дегеніміз не?»атты ашық сабақ бердім.Бастауыш сыныпта «зерттеуге негізделген оқуға» басты назар аударғандықтан,жаратылыстану сабағы оқушыларға өте маңызды және қызықты пән болып табылады.Сабағымның тақырыбы «Жасанды жарық көздері дегеніміз не?»,өткен сабақтағы «табиғи жарық көздерімен» тығыз байланыстырылып өтілді.Мақсатым ;қазіргі замандағы жарық көздерінің маңыздылығы мен пайдасын ұғындырып,оның көздерін анықтауға бағыт беру еді.Сабақтың нәтижесінде оқушылар кунделікті өмірде адамдар жарықты пайдаланатынын,кейбір жасанды жарық көздерін белгі беру үшін пайдаланатынын түсініп,және сабақ барысында оқушылардың белсенді оқуы, сыни тұғыдан ойлауы,коммуникативті дағдысы дами туседі деп ой түйдім.
Сабақты ұйымдастыруда психологиялық шағын тренинг өткіздім.Себебі, сыныпта ынталандыру атмосферасын құру,жағымды орта орнату,оқушылардың бір-біріне деген сенімдерін арттыру,жақындастыру үшін тиімді деп есептеймін.
«Бағалау» термині «жақын отыру»дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы бекер емес,себебі оқыту үшін бағалауда оқушы өзін-өзі бағалауы,бірін-бірі бағалауы,ұсыныс,пікірлерін білдіруі,мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс орнатуы маңызды екенін білдім. Оқушыларды топқа бөліп,ішінен топ басшысын сайлап,топ мүшелерінің жауабын тіркеп отыруын нұсқадым.Ынталандыру ретінде оқушыларға жасанды жарық көздері суреттерінғүлестірмелі суреттер ұсынып отырдым. «Ыстық орындық» арқылы үй тапсырмасын сұрау тиімді болды деп ойлаймын.
Жұптық,топтық тапсырмалар орындады.Қорап пен майшам арқылы шағын эксперимент жүргізді.
Көбінесе В,С деңгейіндегі оқушыларға көп көңіл бөлінді.Оларды топтық жұмыста сөйлетуге тырыстырып,алға ілгерілеуге көмек жасадым,талқылауға,өз пікірін ашық білдіруге талпынды.Логикалық тапсырмаларда оқушылар ересек адамдарша пікірлерін білдіріп, әр топ мүшесі сөйлеуге тырысты.
Сабақтағы олқылықтарым – ол оқушылар шулап кеткенде,кейбірде жинай алмай қалдым.
Кей жағдайда бәсекелестік те туындады.ол жағдайдың екі тұсы да бар деп есептеймін.
Болашақта ашық және жабық сұрақтарды тиімді қоюға, А,В,С денгейдегі оқушыларға көбірек көңіл бөлуге баса назар аударуым керек деп шештім.
-