СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Табиғи жарық көздері дегеніміз не?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Табиғи жарық көздері және жасанды жарық көздері туралы айтылады.

Просмотр содержимого документа
«Табиғи жарық көздері дегеніміз не?»

Lesson plan/ План урока/ Сабақ жоспары



Пән:Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1

Бөлім: Жарық

Мектеп: : ҚММ Рудный қалалық әкімдігінің «№ 13 орта мектебі»

Мұғалімнің аты-жөні: Утешова Н. А

Қатысқандар саны: 21

Қатыспағандар саны:0

Күні: 05.04.2019

Сынып: 1 "Ә"

Сабақ тақырыбы

Табиғи жарық көздері дегеніміз не?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5.2.2 Жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: табиғи және жасанды жарық көздерін атай алады

Көптеген оқушылар: жасанды жарықтың қажеттілігін түсіне алады

Кейбір оқушылар: жарықтың жасанды көздерін бақылау арқылы анықтай алады

Жетістік критерийлері

Жасанды жарық көздерін негізгі белгілер арқылы ажыратады.

Табиғи жарық көздерін негізгі белгілер арқылы ажыратады.

Жарықтың жасанды көздерін бақылау арқылы анықтайды

Тілдік мақсаттар


Оқушылар: Табиғи және жасанды жарық көздері тақырыбына қатысты сөздер мен терминдерді біледі және қолданады 

Негізгі сөздер мен тіркестер: Табиғи,жасанды,жарық , қараңғы

Сыныпт ағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Жарық қайдан пайда болады?

2. Қай кезде қараңғы болады?

3. Жарық не үшін керек?

Құндылықтарды дарыт

Жаратылыстану пәнін оқуға қызығушылығын арттыру жұп пен жұмыс кезінде қарым-қатынас дағдыларын адамгершілік қасиеттері тәрбиелеу( ынта,сыйластыққа,өзара көмек көрсету) дағдыларын дамыту

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Видео ролик,аудиожазба, таныстырылым,көркем еңбек

Бастапқы білім


Жарық туралы түсінігі бар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


5 минут






3минут


Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбер

Біз балдырған баламыз

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап

Оқып білім аламыз.

Тақырыпты ашу:

Суреттермен жұмыс:Күннің көзі, жұлдыз, майшам,электр жарығы.


-Қандай суреттерді көріп тұрсыңдар?

-Олар қандай қызмет атқарады?

-Дұрыс айтасыңдар!

-Сонымен бүгін біз «Табиғи жарық көздері дегеніміз не?» деген тақырыппен танысатың боламыз.









Суреттер

Сабақтың ортасы


35 минут














Т/ж "Жарық - қараңғы " ойыны.

Мұғалім рет-ретімен тәуліктің күндізгі және түнгі суреттерін көрсетеді. Oқушылар күнделікті тәжі­ рибелеріне сүйене отырып, әр уақыттағы адамның­ іс-әрекетін көрсетеді.

Жағдаятты сұрақ:“Неліктен адам қараңғыға қарағанда жарықта тым белсенді болады?”

Дескриптор:

Қараңғы мен жарықты ажырата алады

Кері байланыс "Ауызша бағалау"


Жұмбақты шеш.

Күн сайын таң ата терезеден кіреді,

Жаңа күн туғанын содан-ақ біледі.

Бүл не? (Күн)


  • Күн жарығы не үшін керек?

ЕСТЕ САҚТА: Жарықты қолмен ұстай алмаймыз. Оны тек көре аламыз. Күн,, ай, жұлдыздар,жарқырауық қоңыздар табиғи жарық көздеріне жатады. Жарық адам өміріне, жануарлар мн өсімдіктер тіршілігіне аса қажет.

Дескриптор

Жарықтың қажеттілігін біледі.

Табиғи жарық туралы ұғымды түсінеді.

Кері байланыс

"Сөйлеу үлгілері" әдісі арқылы досын бағалайды.


Сергіту сәті

Түн ұйықтайды

Күн оянады

Жел соқты

Жаңбыр жауды

Бұлт шатырлады

Күн ашылды

Жел басылды


Т/ж Кэррол диаграммасына салып екі топқа бөледі. (жасанды, табиғи). Қабырға с

Жасанды жарыққа нелер жатады

( аспашам, шамшырақ, көше шамы, балауыз)

Табиғи жарыққа нелер жатады?

( күн, ай,жұлдыз, найзағай)

Дескриптор

Табиғи жарықты ажырата алады;

Жасанды жарықты ажырата алады.

Кері байланыс

"Екі жұлдыз , бір тілек"әдісі арқылы бағалау.


Бәйшешек туралы аңызды айтыңыз.

“Ертеде бір Қыс есімді әже өзінің Аяз және Жел деген қызметшілерімен жер бетіне Көктемді келтіргісі келмейді. Бірақ батыл Бәйшешек бой түзеп, жапырақтарын жазып, Күннен көмек сұрайды. Күн ержүрек Бәйшешекті көріп, жер бетіне күн шуағын шашып, Көктемге жол ашады”.

Қорытынды: Оқушылар күннің өсімдіктердің өсуінде өте маңызды рөл атқаратынын түсінуі қажет.


Ө/Ж. Дәптермен жұмыс

Ай, күн, жұлдыз, найзағай - табиғи жарықтарға жата ма?

Түйе- артығы. Себебі ол жануар , жарық көзі бола алмайды

Оқушылардың жауаптарын қадағалаймын.

Оқушылар табиғи жарық көзін таңдап бояйды

Дескриптор: Оқушылар табиғи жарық көздерін ажырата алады, суреттерді бояй алады.

Күндізгі және түнгі суреттер













Күн


















Сабақтың соңы



ҚБ:Суреттегі жарық көздерін атаңыз. Табиғи жарық көздерін білдіретін суреттердің астындағы санды жасыл қарындашпен, жасанды жарық көздерін білдіретін санды көк түсті қарындашпен қоршаңыз

Дескриптор:

Табиғи жарық көздерін топтастыра алады.

Жасанды жарық көздерін топтастыра алады

Кері байланыс:









Бағдаршам

Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

  1. Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушыларға: жасанды жарық көздеріне от жатады ма?

Неге?

Суреттермен тапсырмалармен жұмыс жасау кезінде

Сергіту сәттерін ұйымдастыру

Турлі - түсті қалам, дәптер


Сабақ бойынша рефлексия


- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болдыма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.







Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткені аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?