ІІІ. Жаңа сабақ. « Ой шақыру» Жылан, жүзім, жапырақ, жолбарыс, жіп, жұмыртқа көрнекіліктерін көрсету арқылы тақырыпты ашу. 1. (Ұжымдық) Жұмбақ жасыру. Айдос төрт алма мен үш алмұрт жеді. Барлығы неше жеміс жеді? ( Жеті ) — Жеті сөзі қай дыбыстан басталады? — Жеті саны қандай сан? 2. Ж дыбысымен таныстыру. Ж дыбысы сөздің көбіне басы мен ортасында кездеседі, ал қазақ тілінің байырғы лаж, мұқтаж, уәж сөздерінде сөз соңында кездеседі. Ж дыбысы-дауыссыз, ұяң дыбыс. 3. «Кім жылдам! » ойыны Ж дыбысы кездесетін сөздер айту, сөздегі ж дыбысының орнын анықтату, сөздерді буынға бөлу. Бағалау. Шапалақтау арқылы. 1-тапсырма: (Топтық) Оқулықпен жұмыс. Оқулықта берілген сөздерді: Хормен оқу. Мағынасын түсіндіру. Бағалау: жұлдызша арқылы 2-тапсырма. (Топтық) Мәтінмен жұмыс. Тез орындауға тиіс топтық тапсырма 1-топ. Мәтінде Ж дыбысы неше рет кездеседі. 2-топ. Мәтіндегі сөйлемдер санын анықтау. 3-топ. Мәтіннен адам аттарын табу. Бағалау: топтар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалау. 3-тапсырма: (Жұптық). «Кім жылдам?» ойыны. 1-топ. Кеспе әріптерден сөз құрау. 2-топ. Буындардан сөз құрау. 3-топ. Сөздерден сөйлем құрастыру. Мыс: жалау, арық, жуа, жасыл, алау, асыл. Жылға, жүзім, жалтыр, жалға. Бағалау: жұлдызша Сергіту сәті. Ал, балалар тұрайық, Алақанды ұрайық Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп Бір отырып, бір тұрып Білімізді жазайық Оңға-оңға түзу тұр Солға-солға түзу тұр Жоғары төмен қарайық Қолымызды жазайық Қанат қылып қағайық Бір шынығып алайық 4 - тапсырма: (Жұптық) Мәндес сөздер. Ойлан! Тұрма жай, Суға жуа-жуа Қамыр жай. Тазаланды жуа. Қарамен жазылған сөздерді мағынасын талдау, дәлелдеулер жасату. Бағалау: Жұлдызша арқылы. Жұмыс дәптерімен жұмыс: Ж әрпін ауада жазу. Дәптерге Ж ж әрпі кездесетін сөздерді қатесіз әрі көркем жазу; Бағалау: смайлик арқылы |