СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Табиғатта сыр шертеді"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«"Табиғатта сыр шертеді"»

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе

Өткізу күні / Дата проведения: 13.02.2020ж

Тәрбиеші / Воспитатель : Садвокасова В.А.

Білім беру саласы / Образовательная область:Таным

Пән / Предмет: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Бізді қоршаған орта

Тақырыбы / Тема: «Тау тастар құпиясы»

Мақсаттары / Цели :

1. Тәрбиелік – воспитательная: Табиғат байлығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Табиғаттағы байланысты анықтау (температураның өзгеруіне байланысты бір күйден екінші күйге ауысуы т.б.) .Бақылау, ойлай білу танымдық қабілеттерін жетілдіру.

3. Оқыту – обучающая :Өлі табиғат (тау-тас, өзен-көл т.б.) туралы балалардың білімдерін жетілдіру, олардың ерекшеліктеріне түсінік беру

Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: ойын әдісі, денсаулық саутау технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер,

Көп тілділік полиязычие: тау-гора-mountain, тас-камень-stone

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар, осы қай мезгіл?

Қызқы өзгерістерді, құбылыстарды айту.

Балалар бізді қоршаған табиғат екі топқа бөлінеді. Ол өлі және тірі табиғат. Мысалы тірі табиғатқа: адам, жан-жануар, құстар кірсе, ал өлі табиғатқа тау, тас, құм, су жатады.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы:«Тас пен құм сыры » жайлы.

Балалар, тасты білісіңдер ме?

Тас өзі қатты, өзі ауыр.(көрсету.) Ал құмды ұстасандар, сусылдап тұрады, жеңіл, оның пайдасы көп.

Құмның бірнеше түрі бар, Олар: қара топырақ, тынайтқыш, оған өсімдік өсіреді, тағы бір түрі саз балшық, одан адамдар керекті кесе, құмыры, ыдыстар жасайды.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Сабақтың екінші жартысы: Сурет салу сабағы. Құмнан құмыра жасалса, құмыраны саз түсіне бояу.

Тәрбиеші: Балалар, бізден ертегі кейіпкері Ер Төстік көмек сұрады. Жылдар өте келе анасынан өзінің ағалары бар екенін біліпті. Зұлым Мыстан Кемпір оларды тасқа айналдырыпты. Ер Төстік өз ағаларын қайтарып алуға Мыстан Кемпір хандығына барып, оны бұзуға аттанбақшы. Олардың жадын тарқату үшін тастын құпиясын білу керек. Ол сендерден көмек сұрап отыр. Біз оған қалай көмектесе аламыз ойластырып көрейік? (1 Қосымша)

Тәрбиеші: Біз тасты зерттей аламыз. Заттардың зерттеумен кім айналысады?

Балалар: ғалымдар, зерттеушілер.

Тәрбиеші: Тастардың құпиясын білу үшін олардың қасиетін зерттеу қажет. Балалар зерттеулерді қайда өткіздіреді?

Балалар: Зерттеулерді керек жарақтар, аспаптар бар бөлмеде өткіздіреді.

Тәрбиеші: Зерттеуге арналған аспаптармен жабдықталған бөлмені зертхана деп атайды.

Тәрбиеші:Қазір біз зерттеушілер боламыз. Зерттеу папкаларын алып зертханаға барамыз.

Балалар «ғалымдардың» бас киімдерін киіп зерттеулерге кіріседі.

Тәрбиеші: Балалар, Ер Төстік бізге тастар әкелді.

Тәрбиеші балалардың назарын үстел үстіндегі тастарға аударады.

Тәрбиеші: Тәжірбиені өткізуге бізге зерттеу картасы көмектеседі.

Балалар зерттеу картасымен танысады. (2 Қосымша)

Тәрбиеші: Балалар сендерде зерттеу папкаларына тәжірибенің суретін салып, ең сонында зерттеу қорытындысын көреміз.

Тәрбиеші әр балаға зерттеу папкаларын таратып береді. (3 Қосымша)
1 тәжірибе «Түсі мен пішінді анықтау»

Тәрбиеші: Сызбаға қарап 1 санын жанындағы белгіге қарап не екенің және біз немен айналысатыңымызды анықтандар.

Балалар: Бұл кемпірқосақ пен геометриялық пішіндер.

Тәрбиеші: Дұрыс. Бізге тастар қандай түсті және қандай пішінді болатының білу керек. Тастарға мұқият қарандар, олар қандай түсті және пішіні қандай екенің айтындар.

Балалар тастарды қарайды байқағандарын талқылайды. 

Көп тілділік полиязычие: тау-гора-mountain, тас-камень-stone балалар үш тілде қайталайды.

Жеке жұмыс: Санжар мен Маликадан сұрақтарға толық жауап беруін қадағалау.

Соңында тау-тасқа айналған жігіттерді қайтарып алады. Балаларға рахметін айтып қоштасып кетеді.

3.Қортынды

Балаларға өткен тақырып бойынша сұрақ жауап алып қотындылау. Балаларды мақтап-мадақтап сабақты аяқтау.