СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Табиғатты аялайық

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға табиғат туралы және оның құбылыстары,  ерекшеліктеру,  мезгілдерінің ауысуы туралы түсінік беру. 

Просмотр содержимого документа
«Табиғатты аялайық»

Табиғатты аялайық

Сабақтың мақсаты:
    1. Білімділік: Балаларға табиғат туралы және оның құбылыстары, ерекшеліктері, жыл мезгілдерінің ауысуы туралы түсінік беру.Топпен жұмыс жасай білуге,өзіндік жұмыс істеуге,ізденуге үйрету.
2. Дамытушылық: Табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорларын ,тіл байлығын ,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
    3. Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру, адамдардың жануарларға көрсететін көмегін айта отырып, балаларды қайырымдылыққа баулу. Көрнекілігі: Табиғат құбылыстарына арналған суреттер слайды, жыл мезгілдерінің суреттері, майшам.

Әдіс- тәсілдері: Құм терапиясын қолдану, ойын, сұрақ-жауап, мадақтау;

Шаттық шеңбері:
      Күн сәулесі төгілгені әдемі,
      Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.
      Биік-биік шыңдарым да әдемі.

Айдын көлде аққу қандай әдемі
  Даланы  әнге бөлеген құстарым қандай әдемі,

Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі,

Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі,

Сары алтынға малынған күзім қандай әдемі,

Осылайша табиғатқа бір қарап
      Табиғатпен  сырласуда әдемі.
      Жер – Ананы аяласаң жан – тәніңмен,
      Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі!
    Сүйейік, табиғатты аялайық!
    Біз де онан жақсылықты аямайық!
    Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
    Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Осылайша әдемі көңіл-күймен бүгінгі оқу қызметімізді бастайық. Бүгін біз сіздермен «Табиғатты аялайық» тақырыбында әңгімелесетін боламыз.

-Күн, күн сен неге күлімдейсің? -Көктем келді!

-Жаңбыр, жаңбыр сен неге сіркірейсің? -Көктем келді!

-Бұлақ, бұлақ сен неге сылдырлайсың?     -Көктем келді!

-Гүлдер, гүлдер сіздер неге жайнайсыңдар?    -Көктем келді!

-Құстар, құстар сіздер неге сайраңсыңдар? -Көктем келді!

-Әріне көктем келді!

Балалар, бүгінгі күніміз қызықты болмақ.

Біздің бүгінгі тақырыбымыз: «Табиғатты аялайық» деп аталады. Дидактикалық ойын: «Дұрыс орналастыр»

Балалар,сендер табиғат құбылыстарын шатастырып жібермедіңдер ме? Бір жылда неше мезгіл бар? ( балалар төрт топқа бөлінеді)

Қане тексеріп қарайын.

(жыл мезгілдерін өлең жолдарымен сипаттайды)

-Балалар, қараңдаршы, күн бейнесі барлық мезгілде кездеседі.

-Күн туралы не білеміз?

-Балалар, Күнді неге тіршілік көзі дейміз?

Балалардың жауабы. (Жарық және жылу береді).

-Күн Жерге жарық пен жылуды бірдей бере ме?

-Балалардың жауабы. Жоқ

-Неге? Дәлелде.

Тәжірибе: Шамшырақты жақ, глобусты өз білігінен айналдыра отырып,өзін шамның айналасынан айналдыр.

-Не байқадың?

-Балалардың жауабы.

Демек,тұжырым жасайық. Жер Күнді айналғандықтан күннің жылуы жер бетіне әркелкі тарайды екен. Соның әсерінен бір жерде салқын, яғни қыс, бір жерде  ыссы, яғни жаз,бір жерде жылы көктем, бір жерде қоңыр салқын күз мезгілдерін қалыптастырады екен.

-Олай болса, Жер өз білігінен айналып қоймай, Күнді айналып шығады екен. Жер Күнді айналып жүргендіктен, Жердің әртүрлі бөліктері, жарық пен жылуды көп немесе аз алады,бұл жыл мезгілдерін қалыптастырады.

-Енді балалар,сендерге толық түсінікті болу үшін электронды оқулықтан Жердің күнді қалай айналатындығы және жыл мезгілдерінің ауысуы туралы ақпаратты тыңдайық.

Қәне, Құм еліне саяхатқа баруға дайынсыздар ма?! (Балалардың жауабы)

Олай болса, Құм еліне саяхатқа аттанайық.

Құм еліне «кіру» салт – жоралғысы:

(Музыка ойнайды. Бірінің артынан бірі жүреді)

Тауып алып Мейірім мен махаббат, 
Жеңу үщін қатыгездік, зұлымды, 
Бәрін білу, біле білсең, ол тым аз 
Болу керек пысық әрі белсенді, 
Ержүрек, күшті, мейірімді, 
Сонымен бірге, 
Болу керек зейінді! 

Тәрбиеші: Көздеріңді ашыңдар. Қараңдаршы, біз құм еліне келдік.
Ал енді ғажайып құм елінің ережесін қайталап айтып көрейік. 
Бұл жерде ұрысып керісуге болмайды! 
Құмды рұқсатсыз алып шашуға болмайды! 
Достарымен ақылдасып, 
Пікір айтып, жасасуға бірақ болады. 
Тәрбиеші: Қәне, балалар құмзарға жақындайық. Алдымен құммен амандасып алайық. Енді құмнің бізбен амандасқысы келеді, іштей құммен қалай амандасқысы келеді, солай амандассын.

(Екі қолымызды қумның бетіне қоямыз).

Балалар, сіздердің алдарыңдағы құмзарда әр түрлі құм бар, ылғал құм, манки, ас содасы және сурет салуға арналған құм таңдап алынды.Ал, балалар іске сәт. Табиғаттың кереметін өз қиялыңызда қалай елестетесіңдер, солай салуға болады.


Тыныштық сәті:
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Әңгімелеу. «Табиғат - Ана».
Табиғат – Ананың Жер, Су, Ағаш деген үш ұлы болыпты. Олар өте ақылды, мейірімді екен. Табиғат - Ана бір күні ұлдарын шақырып алып:
- Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын, - деп уәде береді.
Сонда ұлдары анасының айтқанына қуанып келісіп, адамдарға жақсылық жасауға жолға шығыпты. Үшеуі үш жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті істер жасапты. Күндердің күнінде үшеуі еліне қайтып оралғанда, аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары:
- Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде?- дегенде Табиғат - Ана:
- Аяулы ұлдарым менің, бұның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарыңда,- деп жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ағаш аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін, адамдарға адал қызмет етумен келеді екен.

Қорытындылау:
Балаларға сұрақтар қою.


1. Табиғат әдемілігін сақтау үшін ең бірінші не керек екен?
2. Жер, су, ағаш бір - бірімен байланыста ма?
3. Су болмаса жердің көркі бола ма?

- Күн мейірін шашса, жаңбыр жерге нәр береді.

-Ал құстар біздің досымыз.

-Олар бізге тамаша ән салып, көңілімізді көтереді, табиғатқа көрік береді. Жеміс ағаштары, көкөністер Жер - Анадан өсіп өнеді.

Құстардың дауысына құлақ сал!

-Табиғаттың сұлулығын сезіне біл!

-Табиғатты қорғай біл!

-Барлығымыз айнала қоршаған табиғатқа қамқор болып, оны күтіп, баптап, сүйіспеншілікпен қарауымыз керектігін білдік.

-Біз бүгін адамның өзінің туған жеріне, табиғатына сүйіспеншілік, қамқорлық көрсету керектігін түсіндік.
 Дәйек сөз:
Тәрбиеші балаларға Ө. Тұрманжановтың
«Сүйейік, табиғатты аялайық,
Біз де одан жақсылықты аямайық» деген өлең жолдарымен бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!