СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "Қош келдің, Наурыз!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға Наурыз мерекесі туралы мағлұмат беру.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Қош келдің, Наурыз!"»

Қош келдің, Наурыз!

Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, ата-аналар, қонақтар. Бәріміздің асыға күткен Науыз тойымызда келіп жетті. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
«Наурыз құтты болсы!»

«Жыл басы-наурыз!»

«Наурыз құт әкелсін!»

«Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!»

(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады).
Әже: Армысыздар қонақтар! Жаңа жыл тек қана жақсылығын, жаңалығын әкелсін. Ақ мол болсын! Халық тоқ болсын, Еліміз тыныш болсын! Баршамызға бақ қонсын!

Наурыз қыз:
Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.

Ұлыс ұлы күніне арналған әнімізді қабыл алыңыздар: «Дастархан»

ІІ. Негізгі бөлім:
Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Алтын сақа» ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы- Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Көрініс.
(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді).
Шал: Шек, шеку, ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым» деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.
Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе?
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын.
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Бір отар қой беремін.
Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін.
Шал: Жарайды, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді, соны ал.
Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің?
Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар, соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал.
— Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады.
Мыстан алтын сақаның жанында отырады.
( Бала сақасын іздеп шығады)
Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші?
Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал.
Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар Кенжебекті іздеп шығады.
Қыздар: Кенжебек, Кенжебек, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз.
Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.
Мыстан: Сендерге Кенжебек керек болса, менің шартымды орындаңдар.
Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз.
Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақтақ айтып беріңдер.
(Біздің достарымыз сізге тақпақтарын айтып береді).



Мыстан: Жарайсыңдар!
Қыздар: Апа,енді Кенжебекті жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер.
( Балалар Наурызға арналған ән, билерін ортаға салады)
Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой.
Қыздар: Енді, жібересіз бе? Мыстан: Жоқ, менің енді айтыс тыңдағым келіп отыр. Ақындарың бар ма?
(Айтыс өнерін көрсетеді).

Аслан:

Ата-баба  дәстүрін

Үйренуден қашпаймыз

«Айтыс» десе сәнденіп

Қыздар іздей бастаймыз

Тұмар:

Біржан болып сен келсең

Ақын Сараң мен болам

Сәйгүлік болып сен шапсаң

Аққу құсың мен болам

Аслан:

Біздің топтың ұлдары

Шеттерінен ақылды –ақ

Жұмбақ, тақпақ бұл тойға

Айтып берер тақылдап

Тұмар:

Үй жабдығын бұл тойға

Біздің қыздар сәнденді

Қонақ күтіп, ән салды

Ұлдарынан кем бе еді.



Аслан мен Тұмар ортаға шақырамыз.
Мыстан: Өй, сендерде ақындарда бар екен ғой.
Қыздар: Кенжебекті енді жібересіз бе?
Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып) қане ұлдарыңның күшін сынып көрейінші (белінен арқан шешіп береді)
Ұлттық ойындар ойналады. «Арқан тартыс»
Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ мен Кенжебекті жібере алмаймын, менің қарным ашты.
(Қыздар жиналып ақылдасады).
Қыздар: Апа, мынау ұялы телефон, мұнымен барлық жермен сөйлесе
аласың,өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке түсесің.
Мыстан: Қане, әкелші бері көрейін.
Мыстан: телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Кенжебекті алып шығып кетеді.
Мыстан: Әй,әй тоқтаңдар...
— Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар аналарды!

ІІІ. Қорытынды:
Жүргізуші: Келіңіз, ата төрлетіңіз.Қызыр ата Ұлыстың ұлы күні Балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамызда келіпті.
Қызыр ата батасын береді.

Жүргізуші:Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!

Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз.
Көжеден дәм татыңыздар.









































Ата-баба  дәстүрін

Үйренуден қашпаймыз

«Айтыс» десе сәнденіп

Қыздар іздей бастаймыз



Біржан болып сен келсең

Ақын Сараң мен болам

Сәйгүлік болып сен шапсаң

Аққу құсың мен болам



Біздің топтың ұлдары

Шеттерінен ақылды –ақ

Жұмбақ, тақпақ бұл тойға

Айтып берер тақылдап



Зарина:

Үй жабдығын бұл тойға

Біздің қыздар сәнденді

Қонақ күтіп, ән салды

Ұлдарынан кем бе еді





Тақпақтар

Наурызбен құттықтап,

Алыс жақын қаутышты.

Көктемдегі жарқын сәт,

Көңілдерге ауысты.


Наурыз тойым,

Наурыз тойым.

Құтты болсың халайық!

Қане, достар, қане, достар,


Шырқап әнге салайық.

Көктем келді, балақай,

Жасарды жер, алақай.

Наурыз тойын тойлайық,


Әсем әнге салайық.

Наурыз тойы — тамаша,

Наурыз тойы — жаңаша.

Табиғат та тамаша,


Тамылжып тұр жараса.

Наурыз келді сан құрып

Жасарып жаңғырып

Құлпырды жер мен көк













































Ұлыстың ұлы күні

Залда әсем әуен ойнап тұрады. Балалар билеп кіреді
Тәрбиеші: Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын!
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын! Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды! (Наурыз қыз музыкамен ортаға келеді)
Наурыз қыз: Мен наурыз қызбын
Қыздарымда қасымда
Ұлыс күнге жетті міне асыға
Келген жылым жақсылыққа басташы
Қуанышпен әр үйдің
Босағасын атташы
Айша
3. Сәнді көктем - Наурыз!
Наурыз тойы - жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын.
Құлпырсын күн мен ай.
Құтты болсын Наурыз!

Қош келіпсің Наурыз! Сабира
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!
Би биледік бәріміз! Нұрсезім
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан.
Бас иеміз - Наурыз!
Сені тойлап қарсы алып, Камила
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік, біз сізге!
Тәрбиеші: Рақмет, Төрлетіңдер, дастархан басына жайғасыңдар.
Наурыз жыл басы, наурыз қуаныш мерекесі.
Тәрбиеші: Наурыз - бақыт пен шаттық мерекесі.
Наурыз – көктем мерекесі. Ендеше «Көктем» туралы ән шырқайық

ӘН: «Көктем келді»

Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Тақпақтар
Дильназ Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
Тоғжан
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің!

Сұлтан
Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз

Жанель
12. Наурыз айы - гүл айы
Наурыз айы - нұр айы
Наурыз айда халқымның
Құлпыра түсер шырайы
Камал Арғын
6. Уа, халайық, халайық!
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық

Тәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді.
Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері, бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:
Айтыс: Абай мен Аружан
Әндетіп Алдар келеді (Мен Алдармын, Алдармын)
Айтысып жатқан балалардың даусын естіп келдім. Бұл жерде мереке болып жатыр ма?
Тәрбиеші: Иә, Алдар көңіл - күйің жақсы екен, амансың ба?
Алдар: Амансыздар ма! Наурыз мейрамы құтты болсын.
Иә, сараң байды алдап, мінекей наурыз мейрамына жаңа шапан киіп көңілді келемін. (көрсетіп қояды шапанын)
Тәрбиеші: Ендеше ұлыстың ұлы күнін бізбен бірге қарсы ал, наурыз мейрамың құтты болсын!
Алдар: Рахмет! Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Ұлттық ойындардың бірі асық ату ойынын, ойнауға бір дорба асықтар ала келдім.
Ойын: (Асық ойыны)

Тәрбиеші: Рахмет саған Алдар. Ойының балаларға өте ұнады, кел дастархан басына төрлет.
Алдар: Рахмет (дастархан басына отырады)

Тәрбиеші: Наурыз тойын бастаймыз
Бимен оны қостаймыз
БИ: «Тостаған биі»
Наурыз қыз: Мен қанша шуағымды шашып, мейірленгенімен қалың қыстың етегі сөгіле қоймаған тәрізді. Тезірек қар түгелдей еріп, ағаштар бүршік ашып, жер көктеу үшін не істесек екен ә?
Тәрбиеші: Иә, аздап салқын, айнала әлі қар. Ол үшін біз шуағын шашқан алтын сәулелі ару күнді, қасиетті жер ананы, ыстық ықыласты от ананы ортаға шақырайық.
(Музыкамен жер ана, от ана, ару күн шығады). Бастарына байлам тағу

Жер ана: Арай (бата береді) шашу шашады.
Жетегің бұйда болсын,
Арқаң шуда болсын.
Беретін асың болсын,
Көретін жасың болсын.
Бесігің алдыңнан түспесін,
Басыңнан жақсылық кетпесін,
Жамандық саған жетпесін.
От ана: Альмира Жыл басы - Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік таңы оянды.
Ару күн: Рабия Уа, жарандар, келіңдер!
Той қызығын көріңдер!
Наурыз тойға бас иіп,
Күнге сәлем беріңдер!
Армысыздар көрермен қауым! Наурыз мейрамы құтты болсын, ұлыс оң болсын!

Тәрбиеші: Аяулы да қасиетті аналар біздің мерекелік дастарханымызға төрлетіңіздер!

Наурыз қыз: наурыз мейрамында ауылдарды аралап наурыз көже ішу керек екен.
Тәрбиеші: Иә, наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамның бірі.
Наурыз қыз: Ендеше, мен ауылдарды аралап, қыдырып қайтайын – деп шығып кетеді.

Ән «Наурыз мереке»

Музыкамен Қаңбақ шал домалап келеді. Ой, қайда келдім. Армысыздар ағайын.
Тәрбиеші: Амансыз ба, Ата?
Қаңбақ: Әлей болсын, балам! Мен балабақшада Наурыз тойы өтіп жатыр дегенді естіп, жолға шығып едім, бір жел тұрып, мені ұшырып ала жөнелді.
Тәрбиеші: Е - е, ақсақал қаңбақ шал деген ата сіз боласыз ба?
Қаңбақ: Иә, иә тура өзімін.
Тәрбиеші: Дәл үстінен түстіңіз, бізде наурыз тойы өтіп жатыр, төрге шығыңыз, қонақ болыңыз!
Қаңбақ: Рақмет! Мені осында келе жатыр едім, бір дәу жолда тұр, байқамай қағып кеттім, сол мені қуып келе жатыр ғой деймін. Қорқамын.
Тәрбиеші: Онда не істейсің?
Қаңбақ: Білмеймін. Қазір көреміз.
Музыкамен ДӘУ келеді. Әй, сен қаңбақ шал, сен мені неге қағып өтіп кеттің, тоқтамай. Алды – артыңа қарамай зырладың ғой.
Қаңбақ: Ее, дәуеке, қалыңыз қалай? (қол алысып амандасады)
Наурызыңыз құтты болсын! Жаңа бір жел тұрып, мені ұшырып, осында алып келді. Бұл Наурыз тойы. Наурызда ренжісуге болмайды, барлығы тату – тәтті жүру керек. Төс қағыстырып амандасады. Келші, бір құшақтайын.
ДӘУ: Қандай наурыз мерекесі?
Қаңбақ: Қазақ салты бойынша тойланатын наурыз тойы, біздің жаңа жылымыз.
ДӘУ: Ассалаумағалейкум халайық, Наурыз тойларыңыз құтты болсын!
Ее, қаңбақ шал, сөйле, сөйле! Ондай болса, кел екеуіміз күш сынасайық, Кімнің күші көп екенін көрейік.
Қаңбақ: сынассақ, сынасайық Кел, ендеше, мына тастың құмын шығар.
Мынау шелек, осының ішіне сал.
ДӘУ: Мен оны бір қолымен – ақ езіп, құмын шығарамын. Міне, міне көрдіңдер ме? - деп балаларға көрсетеді. Қаңбақ шал көрдің бе, менің күшім қандай көп.
Қаңбақ: көрдім керемет екен. Ұстап көріп, сен тастың майын шығармапсың ғой.
ДӘУ: Енді сен көр, көрейін.
Қаңбақ: үстел үстінен көрсетпей тасқа май жағып алады. Қолында шелек тасты қаттырақ езіп, үстіндегі майын балаларға көрсетеді.
Міне тастың майын шығардым, дәуге көрсетеді.
ДӘУ: Таң қалады. Тастың да майы болады екен ғой. Ой керемет, керемет!
Қаңбақ: Әрине менің күшім көп.
ДӘУ: Енді тасты көтеріп көрейік, кімнің күші көп екен. Мен тасты бір қолымен көтеремін – деп мақтанады да, жерден тасты алып көтереді.
Ал, енді сен көтер.
Қаңбақ: жаңа тастың майын шығардым, оны көрдің. Енді не істесем екен деп ойланып отырмын.
ДӘУ: Несіне ойланасың, бол сенің күшіңді көрейік. Көтер, көтер.
Қаңбақ: Егер, мен қазір тасты лақтырсам, қағып ала алмасам, аспан жерге айналып түсе ме деп қорқып тұрмын. Мен өзім үшін емес, сен үшін қорқып тұрмын.
ДӘУ: немене, немене? Мен үшін қорық па? Қане, лақтыр.
Қаңбақ: Одан да, балалармен басқа ойын ойнайық. Ойынның аты «Теңге алу» Кім теңгені көп жинайды сол жеңімпаз болады, соңынан санау.
Тәрбиеші: біздің қонағымыз болыңыздар, төрге шығыңыздар. (дастархан басына отырғызады)
Тәрбиеші: балалар, малдас құрып дөңгелене отырамыз, қолымдағы жіпті көріп отырсыңдар, осы жіпті орай отырып, бір – бір тыйым сөз айту керек.
Дайынбыз ба? Бастаймыз.
Үйде ысқырма
Үлкеннің жолын кеспе
Асты үрлеме
Саусағыңды аузыңа салма
Тіліңді шығарма
Жақты таянба
Тізеңді құшақтама
Табаныңды тартпа
Бір қолмен нанды үзбе
Есікті қатты жаппа
Отқа түкірме
Үйге қарай жүгірме
Есікті керме
Үлкеннің алдын кеспе
Босағаға тұрма
Бос бесікті тербетпе
Бетіңді баспа
Адамға қарап керілме
Көк шөпті жұлма
Құстардың ұясын бұзба
Суға түкірме
Құмырсқаның илеуін бұзба.

Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық, бесікке салу рәсіміне кезек берейік.
ӘЛИЯ: Бұл - бесік. Бесіктің жабдықтарын айтып өтейін. Көрпесі, жастықшасы, баулары, аяқбауы, жөргегі, түбегі, шүмегі болады.
- Ал енді бесікті дайындап, бөбегімізді жатқызайық.
- Бесікке баланы салмас бұрын, аластап алған дұрыс.
- Шырпыны жағып, отпен аластайды. (сіріңкені көрсетеді)
Алас - алас, алас,
Бар пәледен алас.
Барлық пәле желмен кетсін,
Ағынды сумен кетсін.
Алас - алас, алас.
Енді тыштырма рәсімін жасайық.
Тышты, тышты, тышты ма?
Балалар хормен: Тышты, тышты
ӘЛИЯ: Конфетті уыстап алып, екі жаққа балаларға шашады
Қайталап айтады: Тышты, тышты, тышты ма?
Бөбегім ұйықтап дем алсын
Қунап оянсын!
Енді баланы бесікке салайық.
Бесік жырының бір шумағын айтып жіберейік.
Тәй – тәй басып бөпешім, жүргенің қандай
Көз қуаныш көкешім, күлгенің балдай
Аспандағы ай күнді, аламын дейсің
Асқар таудай айбынды, боламын дейсің
Әлди – әлди, ақ бөпем
Сендей сәби жоқ көкем
Анам әкем дейсің бе, тілің тәтті екен
Әлди – әлди, ақ еркем
Бой жетерсің сен ертең
Мақтанышы елімнің, өзің бол еркем

Тәрбиеші: Кел, балалар ойнайық
Ойнайық та, көңілімізді көтерейік
Ойын: «Орамал тастау» Қызымызды ортаға шақырайық. Ұлдарымыз музыка әуенімен атпен шабады. Музыка тоқтағанда, қызымыз орамалды ортаға тастайды, ал ұлдар жерге түсірмей қағып алу керек. Қағып алған бала қыздың бетінен сүйеді.
БИ: Ұлдардың биі

Тақпақтар: Ерман
7. Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
Атам, әжем той тойлап
Қуанып жүр балаша
Би билейміз тамаша!

Мажит Алихан
8. Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.

Асқар
11. Наурыз келді құт болып
Мына бізге сүт болып
Аққа ауызмыз толады
Бар жақсылық болады.

Нұрдос
Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Байлық бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне!

Тәрбиеші: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешекті ақ әжеміз наурыз көже әкеле жатыр. Қош келдіңіз! (музыка)
ӘЖЕ: (Қолында тостаған, наурыз көже)
- Амансыздар ма, құрметті қонақтар, балалар, көктемнің тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні, Наурыз құтты болсын, әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын!
- Балалар, менің қолымдағы не? Онда не бар деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар. Бұл Наурыз көже. Наурыз мерекесін наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Сендерге сұрақ
- Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып дайындайды?
- 7 түрлі
- Қане атап беріңдерші?
- Сүр ет, сүзбе, бидай, құрт, тары, май, тұз
- Дұрыс айтасыңдар. Наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде үлкен тайқазанға пісірген. Наурыз көже қаншама халықты аштықтан аман алып қалған.
- Ал, қонақтар жыл бойы тоқшылық болсын, дастарханымыз кең жайылсын деген ақ тілекпен наурыз көжеден дәм татыңыздар.
(ата – аналар алдына үстел қою, Наурыз көже құятын тостағандар қойып, құйып береді)
ӘЖЕ: Мына наурыз мерекесіне бір әдемі кілемшені әшекейлеуді бастап едім, аяқтай алмай қойдым. Мына көзде көрмейді, кәрілікте келді. Балалар маған көмектесіп жібересіңдер ме? Келіңдер, отырыңдар – деп жерге отырады
(Әже жерге отырып, кілемшені жайып, оюларын жанына қойып, қалай жасау керек екенін көрсетеді. )

Тәрбиеші: Әрине, балалар әжеге көмектесеміз бе? Әже, сіз көрсетіп отырыңыз, қайсысын қай жерге орналастыру керек екенін. 4 бала шығару

ӘЖЕ: Ой, рақмет, балалар! Өркендерің өссін, көп жасаңдар. Қандай тамаша кілемше болды – деп жайып көрсетеді
Тәрбиеші: Қандай көмек керек болса айтыңыз, біз әрқашанда көмектесуге әзірміз. Солай ма, балалар?

ӘЖЕ: РАҚМЕТ! Сау болыңдар! Наурыз құтты болсын! (шығып кетеді)

ӘН: «НАУРЫЗ»
Тәрбиеші: Осымен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!





















Тәрбиеші:

                                    Бауырласқа тәнтіміз,

                                    Бұзылмаған салтымыз.

                                    Кең даламның ежелгі,

                                    Қазақ деген халқымыз

                                    Өзге ұлттай біздің де

                                    Бар дәстүр мен салтымыз.

       — Құрметті ата-аналар, «тәрбие – отбасынан басталады» демекші  тұрмыстық салт-дәстүрлерге байланысты сіздерге бірнеше сұрақтар ұсынамыз. (қоржындағы нөмерленген асықтарды ұсыну)

1. «Ерулік» бену дегенді қалай түсінесіз?

Ерулік-басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерден бұрыннан тұратындар ерулік береді, қонаққа шақырады?

2. «Құдайы қонақ» дегеніміз не?

Құдайы қонақ дегеніміз -бейтаныс, шалғай ел, алыс жерден жолаушылап жүрген тосын қонақ. Олар нағыз сауабы тиетін қонақ.

3.Мәйек дегеніміз не?

Мәйек дегеніміз- жас қозының ұлтабары. Оны ірімшікті ұйыту үшін пайдаланады.

4. Қымызмұрындық дегеніміз не?

Қымызмұрындық дегеніміз – бұл жаз тойы, мамыр айынан басталып, маусым айына дейін созылатын үлкен той. Осы күні биелер желіге байланып ағайын жекжат бірігіп қымызға шақырады.

5. Тоқымқағар дегеніміз не?

Тоқымқағар дегеніміз-жас жігіт алғашқы сапарға шыққанда оның ата-анасы тоқымқығар жасап, мал сойылып,үлкен-кіші шақырып қонақ етеді.

6. Ең көп сақталған ұлттық тығам?

Ең көп сақталатын ұлттық тағам-құрт.

7. Бастаңғы дегеніміз не?

Бастаңғы дегеніміз- үлкендер жоқ кезде үйде қалған жастар жиналып достарыңа тамақ береді.

8. Соғым сойғанда алсытағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде?

Соғым сойғанда алсытағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде – ол сыбаға.

9. Арнайы қонақ дегеніміз не?

Арнайы қонақ дегеніміз- алыстан әдейі іздеп келген тума –туыстар, жолдастар. Бұлар нағыз сыйлы, сағына күткен қонақтар.

Жеті жоқты атаңыз?

Аспанда-тіреуіш жоқ

Жерде-өлшеуіш жоқ

Аққуда –сүт жоқ

Жылқыда -өт жоқ

Тасбақада –талақ жоқ

Таста-тамыр жоқ

Балықта –тіл жоқ.

10. Беташар дегеніміз не?

Беташар дегеніміз – жаңа түскен келіннің бетін ашу.

Рахмет сіздергі.Ата-аналарды қошеметтеп қояйық.

      Тәрбиеші:                  

                    Оу, халайық, халайық,

                    Биге  көңіл салайық.

                    Наурыз тойын көңілді

                              Бірге қарсы алайық!

      Есілдің орындауында «Рэп» биін тамашалаңыздар.

      Тәрбиеші:

       Шырқаған балапаным өз тіліңде,

       Күнің шықты  алдынан,  сен күлімде.

       Мерекеде ән айтып, би билеген,

       Құштар болған сен өнерге, білімге. Ортада «Айгөлек»  әнімен Бакытбекова Сабина



ақсаты:  Наурыз мейрамы туралы  түсініктерін тереңдету.

Б.М: Халқымыздың ұлы мейрамы – Наурыз тойы туралы балалардың білімдерін кеңейту. Қазақтың  ұлттық  салт-дәстүрлері мен әдеп ғұрпымен таныстыру

Д.М: Балалардың ойлау, қабылдау,  шығармашылық  қабілеттерін дамыту. Грамматикалық талғада жүйелі сөйлеуге, тңлңн жаттықтыру, әртістік қабілеттерін дамыту.

Т.М: Мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер,  интерактивті тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік, арқан.

Тәрбиеші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың Ұлы күні келді, ағайын! Той кұтты болсын! Ақ мол болсын!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, балалар бүгінгі Наурыз мейрамына арналған  «Армысыз, әз Наурыз!» атты ертеңгілігімізді  бастауға рұқсат етіңіздер!

Ұлыс күні кәрі-жас, Құшақтасып көріскен,               Жаңа ағытқан қозыдай, Жамырасып өріскен.                  Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдеп,                     Көк шөбі шығып желкілдеп

Дүние біткен  күлімдеп.

 

Балалар:    Ұлыс оң болсын!

                     Ақ мол болсын!

                     Наурыз құтты болсын!

                            Төрт түлік ақты болсын!

        Тәрбиеші:  Уа, халайық, халайық,

                             Ақ сандықты ашайық.

                             Бұл мереке, бұл тойдың

                             Шашуларын шашайық!

  (бір ата-ана шашу шашады)

      Тәрбиеші:  Күлімде, Наурыз, күлімде!   

                          Күн менен түн теңеледі бұл күнде.

                          Күн мен Түнді шақырайық ортаға

                          Қуанышың сыйласың бүкіл елге!

 Көрініс «Күн мен түн»

 

 Күн мен Түн ортаға шығады)

      Күн:                 Сәулесі көп күнмін.

      Түн:                  Жұлдызы көп түнмін

      Екеуі:         Бірдей болып біздер,

                          Теңелеміз бүгін.

      Түн:            Ал, ертең күн ұзақ.

      Күн:            Түн қысқарар бірақ.

      Екеуі:          Ұйқы қанбай қалып

                           Жүрмендер тек жылап.

                           Күн менен түн теңеледі,

                           Жер шуаққа кеңеледі.

                           Соны тойлар ел енді

 

 

 


Әңгімелесу.

-  Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

— Көктем айларын атап шығайық. (наурыз, сәуір, мамыр)

-  Көктемде қандай өзгерістерді байқауға  болады?

— Ауа-райы қандай болады?

-               — Көктемде қандай мейрамдар тойланады?

          — Иә, балалар, көктемде  табиғат ерекше күйге еңеді. Көктем -  жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жыралардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл. Күн біртіндеп  ұзарады,  күн жылиды. Қар еріп, жыраларға су толады. Жылы жақта қыстайтын құстар ұшып келеді.  Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ. Көктемде ұлы мейрамымыз  — Наурыз тойланады. Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жаяды. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.

Тәрбиеші:  Тақпақ айтып, жыл басы,

                     Құлағынды сал, тыңдашы.

                     Бар бөбекке өзіңдей

                     Бейбіт өмір сыйлашы.

Қарақат:   

Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз,

Тәтті болып жасалған,

Наурыз дәмін татамыз.

Шырайлым:

Күн мен түн теңеледі,

Жер шуаққа бөленеді,

Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы -  салтымыз,

«Көгерсін» — деп халқымыз,

Көшеге тал егеміз.

 Аймара:

Ата-бабам тойлаған,

Наурызым, армысың?

Қызығына тоймаған,

Дарқан дала,қарлы шың.

Қауыша алмай қанша жыл,

Қалдық сенен адасып.

Сағынды қыз, аңсады ұл,

Төрле, есіктің бәрі ашық.

 

Даяна:       

Дастарханда дәніміз,

Жайдарымыз бәріміз.

Жарасу бар, жаулық жоқ,

Қандай жақсы Наурыз!

     

Көкке бояп өңірді,

Көктем келді көңілді.

Бау-бақшада, орманда,

Құстар әні төгілді.

Ақнұр:         

Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп,

Қар, суық, аяз, боран — бәрі кетіп.

Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды,

Табиғат барша жанға рахым етіп.

Әли:           

Қарды  ерітіп жылғасы,

Наурыз келді – жыл басы.

Шуақ төкті жарық күні,

Мейрамында халықтың.

Камила:          

Келіп көктем құстар

Бау-бақшада ән салды

Оларды жас достары,

Ұя салып қарсы алды.

Елнұр:

Көктем, көктем көктемде

Құстар келіп жеткенде,

Біз қуанып қаламыз

Әнмен қарсы аламыз!

Сабина:

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп міне жатыр манайды!

Мал біткеннің бал татыған ұызды,

Қуат болып қанымызға тарайды.

Есіл:

Тас төбеден күн күлді,

Қошеметпен оралды

Қараторғай былтырғы

Ұясына оралды

Еңлік:

Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,

Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.

«Аман ба» деп мал жаның?

Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.

Тәрбиеші:   

Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса Наурыз дәстүрлі!

Осындай байтақ елімде,

Айтылады әніміз.

 

 

 

 

 

V. Хор «Дастархан»

 

 

 

Тәрбиеші:

— Ал енді балалар!  Мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын.Жұмбақтың шешуін табыңдар.

Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды.

                                   (дастархан)

 

     -  Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың   ұлттық тағамдары қойылады?

Қазақтың ұлттық тағамдары,

Жасымнан жақын маған бәрі.

Теңермес ем оларға мен,

Ешбір асты ғаламдағы.

Ата-аналардың орындауында «Қазақы дастарханым»  атты әнін ұсынамыз.

        Тәрбиеші:

                                                Ұлы өнерді халқымыздан үйренген,

                                Жүректерді күмбірлетіп күйменен.

                                Қыздарымыз қызғалдақтай қырмызы,

                                              Мың бұрала  «Сұлу қыз» биін  билеген.

 

 

 

 

        Тәрбиеші:  Көктем кезіңде Наурыз мейрамы қарсанында мал төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиеді. Ендеше біздің бүлдіршіндеріміз ән айтуға әзір.

«Қошақан» әнін ұсынамыз

  Тәрбиеші:

                            Арпа, бидай, тары бар,

                                   Қатық, малта, ағы бар,

                                   Ішілетін, жейтінін,

                                   Бұл көжеде бәрі бар.

            — Армысыз, Ару Ана! Ақ мол болсын! Әже,  мына Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып әзірлейсіз? Соны балаларға айтып берсеңіз.

 

 

Тәрбиеші:

                               Жүректен кіріп, бойды алар,

                               Әсем ән мен тәтті күй.

                                Көңілге түрлі ой салар,

                               Әнді сүйсең менше сүй. – деп Абай атамыз айтқандай ән өнерін сіздерге арнаймыз.   Мектепалды даярлық тобының орындауында «Наурыз көктем»  әнін тамашалаңыздар.

 

 

Тәрбиеші:

                                    Бауырласқа тәнтіміз,

                                    Бұзылмаған салтымыз.

                                    Кең даламның ежелгі,

                                    Қазақ деген халқымыз

                                    Өзге ұлттай біздің де

                                    Бар дәстүр мен салтымыз.

       — Құрметті ата-аналар, «тәрбие – отбасынан басталады» демекші  тұрмыстық салт-дәстүрлерге байланысты сіздерге бірнеше сұрақтар ұсынамыз. (қоржындағы нөмерленген асықтарды ұсыну)

1. «Ерулік» бену дегенді қалай түсінесіз?

Ерулік-басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерден бұрыннан тұратындар ерулік береді, қонаққа шақырады?

2. «Құдайы қонақ» дегеніміз не?

Құдайы қонақ дегеніміз -бейтаныс, шалғай ел, алыс жерден жолаушылап жүрген тосын қонақ. Олар нағыз сауабы тиетін қонақ.

3.Мәйек дегеніміз не?

Мәйек дегеніміз- жас қозының ұлтабары. Оны ірімшікті ұйыту үшін пайдаланады.

4. Қымызмұрындық дегеніміз не?

Қымызмұрындық дегеніміз – бұл жаз тойы, мамыр айынан басталып, маусым айына дейін созылатын үлкен той. Осы күні биелер желіге байланып ағайын жекжат бірігіп қымызға шақырады.

5. Тоқымқағар дегеніміз не?

Тоқымқағар дегеніміз-жас жігіт алғашқы сапарға шыққанда оның ата-анасы тоқымқығар жасап, мал сойылып,үлкен-кіші шақырып қонақ етеді.

6. Ең көп сақталған ұлттық тығам?

Ең көп сақталатын ұлттық тағам-құрт.

7. Бастаңғы дегеніміз не?

Бастаңғы дегеніміз- үлкендер жоқ кезде үйде қалған жастар жиналып достарыңа тамақ береді.

8. Соғым сойғанда алсытағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде?

Соғым сойғанда алсытағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде – ол сыбаға.

9. Арнайы қонақ дегеніміз не?

Арнайы қонақ дегеніміз- алыстан әдейі іздеп келген тума –туыстар, жолдастар. Бұлар нағыз сыйлы, сағына күткен қонақтар.

Жеті жоқты атаңыз?

Аспанда-тіреуіш жоқ

Жерде-өлшеуіш жоқ

Аққуда –сүт жоқ

Жылқыда -өт жоқ

Тасбақада –талақ жоқ

Таста-тамыр жоқ

Балықта –тіл жоқ.

10. Беташар дегеніміз не?

Беташар дегеніміз – жаңа түскен келіннің бетін ашу.

Рахмет сіздергі.Ата-аналарды қошеметтеп қояйық.

      Тәрбиеші:                  

                    Оу, халайық, халайық,

                    Биге  көңіл салайық.

                    Наурыз тойын көңілді

                              Бірге қарсы алайық!

      Есілдің орындауында «Рэп» биін тамашалаңыздар.

      Тәрбиеші:

       Шырқаған балапаным өз тіліңде,

       Күнің шықты  алдынан,  сен күлімде.

       Мерекеде ән айтып, би билеген,

       Құштар болған сен өнерге, білімге. Ортада «Айгөлек»  әнімен Бакытбекова Сабина

 

 

Тәрбиеші: Ертеде қазақ халқы Наурызға арықтарын тазартып, алдын ала дайындалған. Үлкенді-кішілі той ғұрыптарын Наурызда атап өтуге тырысқан.

                                     Жолың болсын деселік,

                                     Жолыңа нұр төселік.

                                     Жарылқасын алдыңнан,

                                     Тұсауынды кеселік.

  — Қаз басып жүрген баланың тұсау кесу ырымына көңіл аударайық. Бала  он  екі  ай шамасында қаз тұрып, бір-екі  аттап  үстел  жағалап  жүреді. Осы кезде  балаға  арналған  қазақ  халқында  «Тұсау кесер» тойы өткізіледі. Осы тұсау кесер тойынын кішкене көріністі тамашалаңыздар. Сөз  Нүргүл апайымызға  беріледі.

 


Тәрбиеші:

                                          Ей, балалар, балалар        

                                          Енді маған қараңдар

                                          Наурызды тойлайық,

                                  Қызық ойын ойнайық.                              

       Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», «Арқан тарту» т.б ойындар. Ал, балалар, ендеше  «Қыз қуу» ойынын ойнап күшімізді сынап көрелік! Ұлымыз қызымызды атпен қуып жету керек. (балалар қыздарды аптен қуады)

 

 

 

Рахмет! Отырамыз!

Тәрбиеші

         Ұлыс күні қазан толса,

         Сол жолы ақ мол болар.

         Ұлы кісіден бата алса

         Сонда олжалы жол болар.

    Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.олай болса, Қызыр атамыздан бата сұрйық.

Қызыр ата бата береді:

                                   Ұлыс оң болсын!

                                   Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерін көк болсын!

Қайғы-уайым жоқ болсын!

Қуаныштарын көп болсын!

Әумин!  (бетін сипап бата береді)

 

 

Осымен «Армысыз, әз Наурыз» ертеңгілігіміз аяқталды.Сөз кезегін мектеп басшыларына береміз