Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын тыныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.2.2.1 Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру. 1.2.3.1Сыныптастарының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып,түрлі тәсілдермен жауап беру. 1.2.4.1.Шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау. 1.5.1.5.Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру. |
Сабақтың басы (2-5 минут) | Оқушылармен амандасу,сыныпты түгендеу.(МК)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Сабақ басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сабақтың ұраны: «Бір сөз болса да, дауыстап айт, Ең бастысы –үнсіз қалма.» | Оқулық Аудиодиск: 5.1.1.;5.1.2. Қағаз, Қарындаштар. №2 жұмыс дәптері Қосымша тапсырма: 5.1. |
Сабақтың ортасы (6-28 минут) Сергіту сәтті (2 минут) | (МК,Ұ)Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлеу үлгісіне аударады.Мұғалім тапсырмадағы берілген сурет бойынша оқушыларға суреттегі балалардың қайда баратынын және мектеп,тау,саябақ сөздерінің мағынасын түсіндіреді.Аталған сөздер барамын етістігімен қолданылғанда өзгеріске түсетіні туралытүсінік береді.Мысалы:мектеп-мектепке,тау-тауға,саябақ-саябаққа. (МК,Ұ)2-тапсырма арқылы оқушылар мектеп,тау,саябақ сөздерін қайталайды,есте сақтайды,мұғалімоқушылардың қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөзді (саябақ)дұрыс дыбысталуына мән береді. (МК,Ұ)3-тапсырма мұғалім оқушылардың мектеп,тау,саябақ сөздерінің барамын етістігімен қолданғанда қандай өзгеріске түсетініне айтады.Мысалы:Мен мектепке барамын,мен саябаққа барамын,яғыни бұл сөздерді (барыс септігінің жалғауымен)аударады.Оқушылар кесте арқылы тауға,мектепке,саябаққа баратынын айта алуды үйренеді. (МК,Ж) «Есте сақта!»айдары арқылы мұғалім оқушыларға «Сен тауға (мектепке,саябаққа) барасың ба?» деген сұраққа жауап беру үлгісімен таныстырады.Оқушылар «Иә,барамын», «Жоқ бармаймын»деген жауап үлгісін үйренеді.Оқушылардың берілген үлгіні жақсы есте сақтауы үшін қайталау,жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді. Қос аяқпен топ-топ-топ. Қолымызбен хоп-хоп –хоп. Бір анда- бір мында өзімізді айнала,билеп алайық жайғана. Оқушылар жұппен жұмыс істейді.Олар бір-біріне сұрақ қойып,өз қалаулары бойынша иә/жоқ деп жауап береді. (ОТ) 4-тапсырмада берілген үлгі бойынша сөйлу үшін оқушылар берілген үлгіні тыңдайды,қайталайды.Содан кейін өздері ақ қағазға қайда баратынының (мектеп,саябақ,тау)суретін салады.Сурет салу барысында мұғалімолардан не салатынын,қайда баратынын жеке-жеке сұрап алады.Оқушылар жұмыстарын аяқтаған соң,әрқайсысы өз салған суретін көрсетіп,тапсырмада берілген үлгі бойынша сөйлейді.Үлгі Мынау- мектеп.Мен мектепке барамын. (Т) оқушыларды стикерлер арқылы екі топқа бөліп,екі топқада желім және әртүрлі жапсыруға арналған суреттер беріледі яғыни суреттер мектептің ішінде қолданылатын, дүкенде сатылатын заттармен байланысты болу керек.Бірінші топқа мептептің суретін салып желім арқылы мектептің ішінде қолданыланын заттарды жабыстырады,ал екінші топ дүкенді салып желіммен дүкенде сатылатын заттарды жабыстырады. (МК,Ұ)Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө)Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.Сондай-ақ АКТ-ні білу дағдыларын қалыптастырады. |