СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "Терек бұтақтары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Балаларға ағаш түрлерімен таныстыру және табиғатқа қамқор болу түсіндіру

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Терек бұтақтары"»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет

Тақырыбы:Терек бұталары.

Мақсаты: Балаларды ағашты акварель бояумен салуға үйрету; жіңішке қылқаламмен сурет салу тәсілін меңгерту; саусақ икемділіктерін арттыру; табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту; қамқорлық көрсетуге баулу.

Cөздік жұмыс:ағаштар, жіңішке қылқалам

Әдіс - тәсілдер: Сұрақ – жауап, түсіндіру, бояумен жұмыс жасау

Керекті құралдар:қағаз, акварель бояу, қылқалам, су, қолорамал.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотиватциялық қозғаушылық

Шаттық шеңбер ұйымдастыру:

Армысың, ардақты Аспан ата!

Армысың, мейірімді Жер ана!

Армысың, шұғылалы алтын күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Балалар шеңбер бойында тұрып бір – біріне жылы тілектерін білдірді.



Ұйымдастырушы-лық-ізденістік

Өлең оқу: Күзде жауын, бұлт, тұман,

сары жапырақ жауады.

Сары құйын ұйытқып, сапырады ауаны.

Тапталады табанға, суды-судыр жапырақ,

өртей сары бояуға, малынғандай атырап. -Балалар, өлең не жайлы айтылған? Күз мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

Әңгімелесу: Балаларға күз мезгілінің табиғаттары туралы әңгімелесу, ағаштың пішініне сипаттама беру.

-Балалар, бүгін біз ағаштардың суретін акварель бояуды пайдалану арқылы саламыз.

Балаларға салу жолын көрсетіп, түсіндіру.


Сергіту сәті:

Бала, бала, балақан,

Қане, қайсы алақан.

Саусақтарын әйбат,

Былай, былай ойнат..



Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын ата»

Зейін салып тыңдайды, өлең шумағы не туралы айтылғаны айтады, қойылған сұрақтарға толық жауап береді.


Балалар мұқият тыңдап, алдарында тұрған ақ қағаздың бетіне суреттерін салады.



Сергіту сәтін қимылмен орындайды.


Дидактикалық ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Рефлексиялык-түзетушілік

Балалардың жасаған жұмыстарына көрме ұйымдастырып, бағалау.


Балаларды мақтап, мадақтау.

Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап берді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ағашты акварель бояумен салуды білді.

Игереді:Жіңішке қылқаламмен сурет салуды игерді.

Меңгереді:Сурет салуға деген құштарлықтарын меңгерді.