СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: «Көңілді бояулар»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пән: Сурет салу Тақырыбы: «Көңілді бояулар»  МақсатыТәрбиелік: ұжымдық жұмыста бірлесіп еңбек етуге, бір – бірімен ақылдаса берілген тапсырмаларды шығармашылықпен бейнелеуге жұмылдыру; дәстүрден тыс сурет салу әдістерін үйрету;  Дамытушылық: еңбек нәтижесіне қанағаттану сезімдерін ояту;ой – қиялын дамыту;  Оқыту: Ұқыптылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Көңілді бояулар»»

Өткізу күні:11.04.2019 ж

Тәрбиеші: Амиржанова А.Б.

Білім беру саласы:«Шығармашылық»

Пән: Сурет салу
Тақырыбы: «Көңілді бояулар» 
Мақсаты
Тәрбиелік: ұжымдық жұмыста бірлесіп еңбек етуге, бір – бірімен ақылдаса берілген тапсырмаларды шығармашылықпен бейнелеуге жұмылдыру; дәстүрден тыс сурет салу әдістерін үйрету; 
Дамытушылық: еңбек нәтижесіне қанағаттану сезімдерін ояту;ой – қиялын дамыту; 
Оқыту: Ұқыптылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу

Педагогикалық технологиялар:дамыту,ойын

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,

Билингвалдық компонент: гүл-цветы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалардан жыл мезгілдерін сұрау? Жыл мезгілдерін ерекшеліктерін сұрау?

- Балалар бүгін біз серуенге шығамыз... Тыңдаңдаршы біреу жылап тұр ма? 
Балалар:Иә, естідік. 
Тәрбиеші: Бұл кім екен? Қазыр білеміз. (Шымылдықтың артынан жылап жұлдыз шығады.) 
- Жылап Жұлдыз шығады. 
- Балалар таныдыңдар ма? 
- Иә, бұл Жұлдыз. 
- Жұлдыз не болды? Неге көңіл күйің жоқ? 
Жұлдыз: Мен сиқырлы Жұлдыздар қаласында тұрамын. Мен құрбыларым жұлдыздармен бірге өте көңілді, жақсы өмір сүрдім. Бір күні біздің қаламызға ашулы сиқыршы келіп біздің бақытты өмір сүріп жатқанымызды көріп қатты ашуланды. Ол барлық жұлдыздарды ұрлап, тығып тастады. Енді біздің қаламыз көңілсіз. Қайдан мен жұлдыздарды іздеймін? Мүмкін сендер маған көмектесесіңдер? 
- Балалар қалай ойлайсыңдар біз жұлдызға көмектесе алмыз ба? 
- Әрине көмектесеміз! 
Жұлдыз: Мен өте қуаныштымын! 
. Негізгі бөлім:

Бірақ менің қалама жету оңай емес. Сиқырлы сөздерді айтады: Бір, екі, үш айналамыз, айналамыз. 
Тәрбиеші: Жолға шығуға дайынсыңдар ма? 
Балалар, менде сиқырлы түс бағдар бар. Ол бізге жолды дұрыс табуға көмектеседі. Мынау түс бағдардың тілі бізге бағытты көрсетеді. Қазір қай бағдарды көрсетіп тұр. 
- Оң жаққа барамыз. Бұл қауіпті жол. Бұл жолдан өту үшін біз тастарды түрлі түстермен бояуымыз қажет. Ал тастарды қай түспен бояу керектігін сендерге мына жіп орамдары көрсетеді. 
Ойын: «Сиқырлы жіп орамдары» 
Тәрбиеші: қолдарыңа бір бір жіп орамын алыңдар. Музыка әуенімен жіп орамын орап сандыққа дейін келесіңдер. Сандық ашылғанда, кім қандай түспен тастарды бояйтынын білесіңдер. Балалар өз бояуларын тапқан кезде, тәрбиеші әр түсті балаларға айтқызады. Балалар өз түстерін тапқаннан кейін оларды үстел үстінен бояуларды алуға шақыру. 
Тәрбиеші: Ал енді балалар, сендер бояуларды таңдап болдыңдар, біз жол үстіндегі сиқырлы тастарды бояймыз. (Әр балаға түрлі пішіндегі губкаларды таратып беру). 
- Сенде қандай пішін? (деп әр баладан сұрау). 
- Дұрыс дөңгелек. Сен тек дөңгелек тастарды бояйсың. 
- Сенде үшбұрыш. Сен тек үшбұрышты тастарды бояйсың. 
Жұлдыз: Бірақ сендерде қылқылым жоқ қой, немен бояйсыңдар? 
Балалар: Суретті қолмен, саусақпен де бояуға болады. 
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Біз суретті бояудың тек қылқыламғана емес көп тәсілдерін білеміз
Тастарды бояу тәсілін көрсету. Губканы аламыз, бояуға маламыз, бастырамыз. Және әр бала өз пішініне сәйкес тастарды бояйды. 
Балалар музыка әуенімен тастарды бояйды. 
Тәрбиеші: Міне сиқырлы жолымыз дайын болды. Ал енді ақырын аяқтың ұшымен тастарға баспай жүреміз. 

.Түсбағдарға қараңдаршы, тілі қай бағытты көрсетіп тұр? 
(Балалар бағытты айтады) 
Балалар тәрбиеші мен бірге жүреді:шұнқырдан секіріп,жіңішке көпірден өтеді. 
Тәрбиеші: (ақырын) Бұл жерден ақырын, шуламай, тыныш өту керек. Бұл батпақта су перісі тұрады. 
Балалар, қарандаршы (төбешік үстінде сандықша тұрады)бұл не? 
Балалар: Сандық 
Тәрбиеші: Қане қарайықшы оның ішінде не бар екен? 
Балалар сандықты ішін ашады, оның ішінде кішкентай жасыл шарлар болады. 
- Қалай ойлайсындар олар неге ұқсайды? 
- Шар, алма, доп .... 
- Бірақ олар жасыл түсті және батпақта өмір сүреді. Бұл нелер екен? 
- (балалар жауабын білмеиді ) 
- Ендеше олардың көздерін салайық.Қараңдар бұл жерде сиқырлы бояулар жатыр. Қане отырып бояйық. 
(саусақпен сурет салу ) 
- Ал енді неге ұқсайды? 
- Жауабын білмесендер мен сендерге өлең оқып беремін. Жұлдызды: балалар, бізменіңқаламакеліпқалдық. Бірақбұлжердетыптыныш 
Тәрбиеші: Балалар,мынауалманыңағашыБізқазіралмаағашыныңгүлдерінсаламыз. 
(гүлдердібалаларбөтелкеніңкөмегіарқылысалады) 
ТәрбиешіЖарайсыңдар, әдемігүлденгеналмаағашыболды. Ал неге барлықжердеалмаларшашылыпжатыр? 
Тәрбиеші: ҚалайОйлайсындар, неге алмаларшашылыпжатыр? 
Балалар: Білмейміз. 
Тәрбиеші: Меніңойымшабұлалмалартеккежатқанжоқбұлжерде. Алманыңішінқарайық. 
(тәрбиешіалдын – ала кесілгеналманыкөрсетіпішіндегіжұлдыздыкөрсетеді) 
Тәрбиеші: Қарандаршы, алманыңортасында не тығылыптұр? 
Балалар: Жұлдыз! 
Тәрбиеші: Мінеқайжергесиқыршыжұлдыздардытығыпқойған! 
Жұлдыз: Рахмет балалар. Сендерменіңдостарымдықұтқардыңдар. 
Тәрбиеші: Білдіңқайтатынуақытымызкелді. Қошсау бол Жұлдыз! жақтарынақарайды. 

Қорытынды: Балалардан сұрақ –жауап арқылы сұрау
























































Ортаңғы «Ақерке» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметтінің конспектісі

Өткізу күні: 11.04.19ж

Тәрбиеші:Биржикенова.А.Б

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пәні: Драма

Өтпелі тақырыбы: «Қазақстанның ғарышкерлері»

Тақырыбы: «Ғажайып ғарыш»

Мақсаты:

Тәрбиелік:Балаларды сыйластыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық:Балалардың ойлау қабілеттерін, зейінің дамыту.

Оқыту: Балаларға «ғарыш», «ғарышкерлік» туралы т.сінік беру.

Педагогикалық технология: Тақырыпқа байланысты суреттері

Ресурстармен қамтамасыз ету: Түсіндіру, сұрақ жауап, сахыналау,

Ұйымдастырылған оқу қызметтінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Шаттық шеңбер:

Сәлем саған жер анам,

Сәлем саған алтын күн.

Сәлеметсіздерме апайлар,

Сіздерді көргеніме қуанам.

2.Негізгі бөлім:

- Балалар кім айтады қазір жылдың қай мезгілі?

- Ал көктемнің қай айы?

- Сәуір айында қандай мерекелер бар?

Бүгін балалар ғарышкерлердің мерекесі,он екінші сәуір ғарышкерлер күні,биыл ғарышқа ұшқан күнге 53 жыл болды. Бүкіл халықбүгін мерекені тойлап жатыр.Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жерде болса тұрағым,

Марсқа ұшып тұрамын.

\ғарышкер\

- Олай болса балалар ғарышқа ұшатын адамды кім дейміз?

- Балалар ғарышқа не үшін ұшады?

- Иә, аспан әлемін, планетаны, жұлдыздардызерттеу үшін ұшады.

- Ең бірінші болып ғарышқа кім ұшты?

- Ал балалар ғарышқа не арқылы ұшады?

- Зымыран қалай ұшады?

- Балалар сендер қалай ойлайсыңдар ғарышкер ғарышта жүргенде зымыран ішінен шығады ма?

- Иә шығады, өйткені олар жұмыстарын жасайды, зерттейді, әр түрлі планетаны зерттеп ашық аспанда жүреді.

- Бірақ балалар аспанда ауа жоқ, өте ыстық, ал ғарышкерлерге скафандр деген киім көмектеседі, арнайы ауасы бар, ыстықтан қорғайтын киім.

- Балалар ғарышкерлер ғарышта ұзақ жүреді, ал олар қалай тамақтанады, не жейді ,от жағып пісіреме?

- Жоқ оларға әдейі арналған зымыранмен тамақ әкелінеді, тамақ оларға жабық түрде, езілген түрде, тіс пастасының қорабы сияқты қораптаберіледі, шай, суда солай әкелінеді, соны сығып жейді.Балалар сендер ғарышкер болғыларың келеме?

- Білесіңдерме ғарышкер болу үшін ең алдымен шынығу керек дейді, енді бәріміз орнымыздан тұрып жаттығу жасап алайық.

Әуен арқылы жаттығу жасату.

- Ал, екіншіден өте білімді болу керек екен, мен сендердің білімдеріңді тексеремін, ол үшін мынадай ойын ойнаймыз.

Ойын: «Зымыранды құрастыр»

Мына жерде бөліктер бар оны құрастырып шығару үшін бірнеше сұрақтарға жауап беруіміз керек, әр бөліктің артындасұрақтар берілген.

1.Ғарышкер сөзіне сөйлем құрастыр.

2.Зымыран сөзін буынга бөл.

3.Қазір­­ көктемнің қандай айы?

4.Апта күндерін ата.

5.Бір жылда неше ай бар?

- Мінекей зымыран құрастырдық, зымыран дайын, денеміз шынықты, білімімізді тексердік, ал енді ғарышқа ұшамыз, дайынбызба?

- Ендеше скафандрды үстісізге киеиік, зымыранға отырайық (қолмен қозғалыс көрсетеді), балалар жоғарға ұшу үшін сиқырлы сөз айту керек көзді жұмып.

Бір, екі, үш

Ғарышқа тез ұш.

- Көзімішті ашайық, мінекей балалар біз аспандамыз, енді ән шырқайық.

- Балалар қараңдаршы жұлдыздар қандай көп, әр түрлі планеталар бар, білесіңдерме аспаннан жерге қарағанда жеріміздоп сияқты дөңгелек, біз сол дөңгелек жерде тұрамыз.

- Енді балалар жерге оралайық, ол үшін сиқырлы сөзімізді айтып, көзді жұму керек.

Міне біз жердеміз, осылай ғарышқа ұшадыекен.

Қорытынды:

- Балалар сонда ғарышқа қай күні ұшқан?

- Кімдер ұшты?

Балаларды мадақтау


















-Біз таңертен жаттығу жасаймыз,ал ......түскі ас ішеміз.

-Біз кешке кешкі тамақ ішеміз,ал..........жаттығу жасаймыз.

-Түнде біз ұйықтаймыз,ал......................серуендейміз.

-Таңертең ертеңгілік ас ішеміз,ал...............ұйықтаймыз.

-Күнді күндіз көреміз,ал жұлдызды ..........көреміз.

3.Қорытынды:

-Балалар бүгінгі сабақта не үйрендік?

-Сабақ сендерге ұнады ма?Сендер қандай тапсырманы орындадыңдар?

-Сұрақ- жауап арқылы сабақты бекіту.

Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау-мадақтау.