Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Көңілді жемістер мен көкөністер"»
Ересек топтарға арналған «Түрлі-түсті бояулар» вариативтік компонентінің ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні :
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау»
Тақырыбы: "Көңілді жемістер мен көкөністер"
Мақсаты:
Тәрбиешілік:
Балалардың қиялын, зейінін дамыту. Жемістер мен көкөністерді бейнелеуге үйрету.
Дамытушылық:
Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
Оқыту:
Суреттен алған әсерлерін әңгімелей білуге баулу.
Педагогикалық технологиялар: коммуникативті-ақпараттық технологиясы, ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы, жеке тұлганы дамыту технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Үлгі сурет,қол орамал,желім, қылқалам,боялған күріштер
Билингвалдық компонент: жемістер фрукты,көкөністер овощи,күріш рис
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Көркем сөз: Пісіп тұрған алманың
Тамсандырар бал дәмі.
Жерге сілкі түсірме,
Ісіп кетер маңдайың.
2. Негізгі бөлім:Көкөніс пен жемісті атау.Олардың пайдасы туралы айту.
Күрішпен жұмыс жасау үлгісі:
-Ыдысқа жасыл, сары,қызыл,көк түсті боялған күріштер қойылады,
- Көкініс пен жеміс салынған сурет таңдап алынады.
- Таңдап алынған суреттегі жемісге немесе көкөнісге қылқаламмен желім жағылады.
-Жағылған желім үстіне көкөніс немесе жеміс түсіне байланысты сондай түсті күрішті алып ретімен жапсыру.
Сергіту сәті:
Алма баққа барайық, (орнында тұрып жүру)
Алма теріп алайық, (алма теру қимылын жасайды)
Қол жетпесе алмаға (оң қолды көтеріп секіру)
Секіріп қол созайық(екі қолды жоғары көтеріп секіру)
Балалар орындарына отырып жұмыс жасайды.
Дидактикалық ойын: «Көкөніс пе, жеміс пе?»
Ойынның мақсаты:
Сұрақтарға толық жауап бере білуге жаттықтыру. Зейінін дамытып, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Ойынның мазмұны:
Балаларға көкөніс пен жемістің пішіні, дәмі, түрі, түсі жайлы айтылады. Мысалы: пішіні дөңгелек, түсі сары, қызыл, жасыл болады, дәмі тәтті. Осындай атаулар арқылы балалар не екендігін табады.
3.Қорытынды:
Балаларды мадақтау.