v
Мақсаты:
Тәрбиешілік:
Балаларды гүлдер туралы білімдерін кенейту,өз ойларын айтуға жетілдіру.
Дамытушылық: Ойлау қабылетін дамыту
Оқыту: Балаларды сурет салуға және нан кеспесі арқылы гүл шоғын жапсыруға үйрету.
Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Күзгі гүл шоғы"»
Ересек топтарға арналған «Түрлі-түсті бояулар» вариативтік компонентінің ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні :
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Қош келдің Алтың күз!»
Тақырыбы: "Күзгі гүл шоғы"
Мақсаты:
Тәрбиешілік:
Балаларды гүлдер туралы білімдерін кенейту,өз ойларын айтуға жетілдіру.
Дамытушылық: Ойлау қабылетін дамыту
Оқыту: Балаларды сурет салуға және нан кеспесі арқылы гүл шоғын жапсыруға үйрету.
Педагогикалық технологиялар: коммуникативті-ақпараттық технологиясы, ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы, жеке тұлганы дамыту технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Гүлдердің суреттері. Бояулар ,ақ картон, нан кеспесі, қылқалам, желім.
Билингвалдық компонент: гүл-цветы,күз-осень
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балаларға жұмбақ жасыру:
Адамдардың бәрі
әдемілігіне қызығады.
Су құймаса
сәні бұзылады./гүл
2. Негізгі бөлім:
Балалар құмырадағы гүлдерге назарын аударту.
Қараңдаршы бұл гүлдер қалай аталады?
Сендер білесіңдер ме?
Олардың жапырақтары не істеп жатыр?
Гүлдердің күлтешелеріне назар аударыңдар, олар қандай қалыпта?
Олардың түстері қандай?
Неліктен гүлдер осындай күйде?
Олардын жапырақтары не істеп жатыр?
Балалар енді мынау суретке қарайық.
Бұл суретте гүлдің шоғы неден жасалған?
Балалар біз бүгін гүл шоғын нан кеспесінен жасаймыз.
Сергіту сәті:
Жаттығулар жасаймыз
Күндей болып күлеміз
Гүлдей болып өсеміз
Құстар болып ұшамыз
Көбелектей қонамыз
Ормандағы аюдын
Құлпынай көп екен
Теріп – теріп алайық
Қалтамызға салайық
Балалар бүгін біз не істедік?
3.Қорытынды:
Қандай гүлдер түрлерін білесіңдер?
Гүлдерді қалай күтеміз?
Балалар:
Қойылған сұрақтарға толық жауап бере отырып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылайды.
Балалардың әртүрлі жауаптары