Ортаңғы«Жұлдызш»тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 25.02.2020ж
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Таным.
Пәні: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: «Техника және біз»
Тақырыбы: «Нешінші?»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Реттік санау туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылық: 3 - ке дейінгі санауды жетілдіру.
Оқыту: Нешінші сұрағына дұрыс жауап бере білуге үйрету
Педагогикалық технологиялар: Жеке тұлғаға бағытталған, ақпараттық коммуникативтік,ойын технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: байланысты суреттер,сандар,сібіз,алма.
Билингвалдық компонент: Нешінші?-Какой?,Үш-три.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Нешінші?»»
Ортаңғы«Жұлдызш»тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 25.02.2020ж
Тәрбиеші: Абдибекова З.Ж.
Білім беру саласы: Таным.
Пәні: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: «Техника және біз»
Тақырыбы: «Нешінші?»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Реттік санау туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылық: 3 - ке дейінгі санауды жетілдіру.
Оқыту: Нешінші сұрағына дұрыс жауап бере білуге үйрету
Педагогикалық технологиялар: Жеке тұлғаға бағытталған, ақпараттық коммуникативтік,ойын технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: байланысты суреттер,сандар,сібіз,алма.
Билингвалдық компонент: Нешінші?-Какой?,Үш-три.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Амандасу:Күтпеген сәтте ән әуенімен Сайқымзақ кіріп келеді:
Мен, бүгін осы топта ашық оқу іс- әрекеті болатынын естіп, келе жатсам алдымнан шарлар ұшып,бара жатқанын көріп,оны қуамын деп жүргенде кешігіп қалдым.
-Мен қолымдағы шардың санында, пішінінде білмей келемін. Балалар маған көмектессе деймін.
2. Негізгі бөлім:
Балалар, біз өткен оқу іс-әрекетімізде осы геометриялық пішіндерді салыстыра отырып танысқанбыз. Қане, кім есіне түсіреді?
Балалар, бүгінгі біздің оқу іс- әрекетімізге Сайқымазақ және де көптеген аңдар келіп отыр екен. Оның қандай аңдар екенін жұмбақ арқылы тауып алайық.
Қоянның тапсырмасы:
1.Үш сәбіздің біреуін,Досың сұрап алады.Айтшы сонда нешеуі,Өз қолыңда қалады?
2.Тәрелкіде екі алма,Қосып едім біреуін,Болып шықты неше алма ?
Аюдың тапсырмасы:
Тақтада 3 қоянның суреті ілінген. Кез келген қоянның біреуіне 1 сәбіз беру керек.
Ол «Есеп бойынша нешінші?»
«Қайсысы?» екенін анықтап,беру керек.
Түлкінің тапсырмасы:Ойын: «Көршісін тап»
1,2,3 санының көршілерін тап.
Сергіту сәті :
Жоғары қарап күн көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
Қасқырдың тапсырмасы: Үлестірмелі жұмыс:
Суда балықтар жүзіп жүр.
Барлығы қанша екенін сана.Оң жаққа жүзіп бара жатқан балықты, қызыл түсті карандашпен қорша. Сол жаққа жүзіп бара жатқан балықты көк түсті карандашпен қорша.
Дидактикалық ойын:«Нешеу екенін анықта?»Ойынның шарты: Неше рет алақанын соқса, сонша саны бар карточканы көрсет.
3. Қорытынды:
Топқа келген қонақтармен қоштастыру. Үлкен аю қай вагонға мінеді?Ортаңғы аю қайсысына мінеді? Ал ең кішкентай аю қайсы вагонға мінеді? Сұрақтар қою. Балаларды мадақтау.