СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "Себеттегі жемістер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаттары:

Тәрбиешілік:

Жемістердің пішінің мүсіндеу арқылы, басу, қысу, жалпақтау әдістерін пайдалана отырып, балаларды әртүрлі заттарды мүсіндеуге үйрету.

Дамытушылық:

Бөлшектерді саусақтың және кескіштің көмегімен келтіре отырып, екі қолмен мүсіндеуге шеберліктерін дамыту.

Оқыту: Еңбексүйгіштікке, әдемілікке тәрбиелеу .

 

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Себеттегі жемістер"»

Ересек «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы:»Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: "Себеттегі жемістер"

Мақсаттары:

Тәрбиешілік:

Жемістердің пішінің мүсіндеу арқылы, басу, қысу, жалпақтау әдістерін пайдалана отырып, балаларды әртүрлі заттарды мүсіндеуге үйрету.

Дамытушылық:

Бөлшектерді саусақтың және кескіштің көмегімен келтіре отырып, екі қолмен мүсіндеуге шеберліктерін дамыту.

Оқыту: Еңбексүйгіштікке, әдемілікке тәрбиелеу .

.Педагогикалық технологиялар: Әңгімелеу, түсіндіру,көрсету, сұрақ – жауап.

Ресустармен қамтамасыз ету: ермексаз,сүлгі,тақтайша,үлгі сурет,дидактикалық ойын

Блингвальдық компоненті: жемістер - фрукты
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбер:

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Көңілді боп жүрейік! ( Ө.Тұрманжанов )

Тәрбиеші суреттерді қолдана отырып балалармен күз мезгілі туралы әңгіме жүргізеді.

-Балалар, мына суретте қай мезгіл бейнеленген?

- Суретте не көріп тұрсыңдар, күзде қандай жемістер піседі екен?

-Жемістің қандай пайдасы бар екенін білесіңдер?




Балалар шаттық шеңберін жасайды.

- Күн суытады. Аспанды бұлт торлайды. Жылы киім киеміз.

- Күз мезгілі.

- Алма, алмұрт, жүзім.

- Денсаулыққа пайдалы, көптеген дәрумендер бар.

2.Негізгі бөлім:

Осы кезде есік қағылады. Есіктен «Қоян» кіріп, қолында жеміс толы себеті бар.

- Балалар, қараңдаршы, бізге қонақ келді. Бізге әкелген тосын сыйы бар екен.

«Қоянның» тапсырмасы:

Балаларға себеттегі жемістерді көрсетіп, қандай жеміс екенін сұрайды.

- Мынау қандай жеміс?

- Мынау ше?

- Тағы қандай жемісті көріп тұрсыңдар?

- Балалар, енді осы жемістердің ішінен алма мен алмұртты мүсіндейік.

- Алдымен қызыл түсті ермексаздың бір бөлігін алқанымызға салып жұмсартып, домалақ пішінге келтіреміз.

№ 1 жұмыс дәптеріндегі үлгіге қараңдар. Басбармақпен басу арқылы алманың пішінін келтіреміз. Сабағын ағаш бұтақшасынан жасаймыз.

Енді, жасыл түсті ермексаздың кішкене бөлшегін алып, алқанға салып домалақтаймыз, тақтайшаға қойып жалпақтау әдісі арқылы сопақша пішінге келтіреміз.

Пышақтың ұшымен кесу арқылы жапырақтың бейнесін жасаймыз.

Жапырақты алдымен сабағына орналастырамыз.Алмамыз дайын болды.



Сергіту сәті:

Кәне, кімнің бойы ұзын?

Паровоз ол пойыздың.

Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық. ( 2рет)

( Ж.Смақов )

-Енді алмұртты жасауға кірісеміз. Сары түсті ермексаздыалып, алқанға салып жұмсартамыз.

Сопақ пішін жасаймыз. Сопақшаның жоғары жағын қысу арқылы алмұрттың пішініне келтіреміз.

Басбармақпен басу арқылы сабақ ойығын оямыз. Алманың сабағын жасағандай ағаш бұтақшасын орналастырамыз.

Жасыл түсті ермексаздың кішкене бөлшегін алып, домалақтап жалпақтаймыз. Арнайы пышақпен жапырақ пішінін кесіп алып, сабағына орналасыратмыз.

«Қоян» мен Тәрбиеші балалардың жасаған жұмыстарын аралап көріп, мадақтайды.

Балалар «Қоян» амандасады. Қонақтың сыйын тамашалайды.

- Алма.

- Алмұрт.

- Жүзім.

Орындарына отырып, жұмысқа кіріседі. Затқа қарай отырап, алма мен алмұртты мүсіндейді.

Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Қорытынды:

Тәрбиеші сұрақ-жауап арқылы ҰОҚ қорытындылайды. Балаларды мадақтау, көрме ұйымдастыру.

 

.