Ересек топтарға арналған «Түрлі-түсті бояулар» вариативтік компонентінің ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні :
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Жапсыру
Өтпелі тақырып: «Ас атасы нан»
Тақырыбы: "Тәтті тоқаш"
Мақсаты:
Тәрбиешілік:
Балаларға бірін – бірі сыйлауға, достарына адал болуға, өз заттарын достарымен бөлісуге, ұқыптыллықа, тазалыққа тәрбиелеу.Әрқашанда адал еңбек етуге, нанды қастерлеп құрметтеуге, адам еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың өз ойын жинақтап айта алу дағдыларын арттыру. Балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе,адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқыту:
Балаларды аспазшы кипіне еніп, ұннан жасалған өніммнен әр түрлі тәттілерді тоқаштар жасауға үйрету.
Педагогикалық технологиялар: коммуникативті-ақпараттық технологиясы, ойын технологиясы, денсаулықсақтау технологиясы, жеке тұлганы дамыту технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету:
тәтті тоқаш түрлері түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, презентция.
Билингвалдық компонент: тоқаш- пирожное, наубайхана – мельница, ұн – мука
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалар алдымен екі тілде амандасады.
( Қайырлы таң! Доброе утро!)
Психожаттығу: «Күлімдейік».
-Балалар адам жанының, жүрегінің кілті біздің езуімізде.Егер біз үнемі достарымызға, ата-анамызға, апайларға күлімдеп, жадырап көңілді жүрсек біз мейірімді,ақылды болып өсеміз. Жан- жағымызға күлкі сыйлайық.
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік
Қабақ шытқан не керек
Күліп өмір сүрейік!
Жарайсыңдар!
Олай болса кел,балалар күлейік!
-Балалар бүгінгі ҰОҚ өте ерекше.
Сендер ерекше ҰОҚ өтуга дайынсыңдар ма?
2. Негізгі бөлім:
Балалар бүгін «Тәтті тоқаштар» мерекесі екен
Балалар таң қалады
Проблемалық сұрақ
Ал тоқаштар неден жасалады деп ойлайсыңдар?
Оны білу үшін балалар бүгін біз саяхатқа шығамыз,зерттеу жұмыстарын жасаймыз.
Ал бидайдың дәнін қай мезгілде отырғызамыз? Ең алдымен жерді жыртамыз, дән себеміз сосын ол өсіп бидай болады.
Қай мезгілде бидайды жинаймыз? Күз мезгілінде бидайды комбайнмен жинап алады.
Оны жинап алағаннан кейін қайда апарады? Комбайнмен наубайханаға апарып оны диірменге тартып ұн алады, ол ұннан нан, тәтті тоқаштар пісіріп дүкенге әкеледі, біз оны сатып аламыз, немесе аналарымыз пісіреді.
Дұрыс, айтасыңдар балалар!
Жарайсыңдар!
Нанның, тәтті тоқаштардың дастарханға қалай пайда болуы туралы әңгімелейді. Тоқаш пісіру үшін: су, ұн, тұз, жұмыртқа, қант, ашытқы.
Сөздік жұмысы :
тоқаш- пирожное, наубайхана – мельница, ұн – мука
Сергіту сәті:
Жұмбақтар шешу:
1. Ұзын мұртты сарылар.
Қойынында наны бар.( Бидай)
2. Бір ай бойы шабар,
Он бір ай тынып табар (Комбайн)
3.Үсті тас, асты тас
Ортасында піскен ас(Нан)
Мақалдар
1. Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.
2. Ас атасы – нан
Нан қасиетті дәм.
3. Бидай тоңға тимей, аузың нанға тимейді.
4.Ексең егін, ішерсің тегін.
5.Егіндікте ел тастама
Ұжымдық жұмыс: «Тәтті тоқаш» жасаймыз
Балалар қауіпсіздік ережеін еске алып, түрлі түсті қағаздардан тоқаштарды жасайды.
3.Қорытынды:
Балалар біз сендермен қандай жұмысты еске түсірдік?
Қандай мереке екен? Біз тәтті тоқаштарды түрлі мерекелерге, туған күндереге дайындаймыз
Жарайсыңдар!
Өз жұмыстарын талқылайды.